О?ушылар?а 1 сыныпта ана тілі п?нінен "Ойындар мен буындар" енгізуді? баулуды? ма?ызы зор.?аза? бастауыш сынып о?ушыларын ата-баба ізімен шебер с?йлеу,тілдерін дамыта т?су,оларды? ?лгі-?негесін бойларына дарыту - басты ма?сат.
Б?л ба?дарлама бастауыш сынып о?ушыларыны? жас ерекшеліктеріне сай ??рыл?ан.1 сынып о?ушылары ана тілі п?ніне негіздей отырып,к?рген - білгенді к?кейге то?ып, к?п ?йреніп ізденуді? ар?асында шебер с?йлеуге жатты?ады.Би - шешендерді? с?здерін жаттап ?сіп,жа?а ??ымдармен танысады.Ма?алды? немесе ?ле? ?й?астарын таба отырып,берілген ?ыс?аша м?тінді ?з ойымен жал?астара білуді ?йренеді.Б?л ?сын?ан ана - тілі п?ніне де к?мекші ??рал ретінде пайдаланылады.
Ба?дарламаны? к?здеген ма?сатыны? бірі - тілді? рухы.Тілді? рухы деген ?те бір ??діретті ??ым.Ол бізді? салт-санамыз,д?ст?ріміз,?лтты? психологиямыз,д?ниетанымымыз.
Б?л ?сыныл?ан факультатив жалпы 34 са?ат?а ж?ктелген, аптасына 1 са?аттан
б?лініп ??растырыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ойындар мен буындар »
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебі
Ойындар мен буындар
1 «А» сынып
Дайындаған : Абильдина К.С.
2015-2016 оқу жылы
Ойындар мен буындарүйірмесінің бағдарламасы
Оқушыларға 1 сыныпта ана тілі пәнінен "Ойындар мен буындар" енгізудің баулудың маңызы зор.Қазақ бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту - басты мақсат.
Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай құрылған.1 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген - білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.Би - шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастара білуді үйренеді.Бұл ұсынған ана - тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі - тілдің рухы.Тілдің рухы деген өте бір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық психологиямыз,дүниетанымымыз.
Бұл ұсынылған факультатив жалпы 34 сағатқа жүктелген, аптасына 1 сағаттан
бөлініп құрастырылған.
Бағдарламаның мақсаты:
Бастауыш сыныптардағы факультативтің сабақтарының түбегейлі мақсаты, оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға қазақ тілі сауаттылығына деген талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай міндеттер жүктеледі.
Міндеттері:
оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
шығарманың түпкі мазмұн - мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіп-
керлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;
шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.
ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,
сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты
адамгершілік қасиеттерді дарыту;
көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;
жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу; Бағдаламанының мақсаты осы
міндеттерді орындауға бағытталады.
Күтілетін нәтиже
сөздік қорын толықтырады
оқу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.
сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.
шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.
халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.
Бұл ұсынылған факультатив жалпы 34 сағатқа жүктелген, аптасына 1 сағаттан бөлініп құрастырылған, 2 тарауға бөлінген:
Дыбыс пен буындар шекарасы-18сағ
Құрастыру елі-16 сағат
Ойындар мен буындар
1 «А» сынып
Барлығы -34 сағат,аптасына - 1 сағаттан
Дыбыс пен буындар шекарасы-18сағ
1
Не өзгерді? Не артық? ойындары
1
2
Балық аулау ойыны.
1
3
Шарикка әріптерді жаз
1
4
Дыбыстар әлемі
1
5
Қай үйде дыбыстар тұрады?
1
6
Буындар мен сөздер.
1
7
" Жасырынған әріптермен сөз ойла" ойыны.
1
8
Себеттегі сөздер
1
9
Себеттегі сөздер
1
10
Қай әріп, сөз, буын жоғалған? ойыны
1
11
Қай әріп, сөз, буын жоғалған? ойыны
1
12
Сөздердің тасымалдануы
1
13
Сөздердің тасымалдануы
1
14
Вагонда нелер келе жатыр ойыны
1
15
Вагонда нелер келе жатыр ойыны
1
16
Қай әріп жоғалған?
1
17
Практикалық сабақ
1
18
Практикалық сабақ
1
Құрастыру елі-16 сағат
19
Үлгі, сызба бойынша сөйлем құрастыру
1
20
Сурет бойынша сөйлем құрастыру
1
21
Сурет бойынша сөйлем құрастыру
1
22
Адасқан сөзді орнына қою ойыны.
1
23
Себетке сөздер құрып жинайық
1
24
Суретке қарап әңгіме құрастырайық
1
25
Үлестірмелі тапсырмаларды орындау
1
26
Үлестірмелі тапсырмаларды орындау
1
27
Практикалық сабақ
1
28
Суретті сөзжұмбақ, ребустар құру
1
29
Суретті сөзжұмбақ, ребустар құру
1
30
Өлең ұйқасын жалғастыру
1
31
Өлең ұйқасын жалғастыру
1
32
Мәтінге жоспар құрайық
1
33
Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс
1
34
Қайталау сабақ
1
Базалық мазмұны
1.Не өзгерді? Не артық? ойындары Оқушылардың зейіннің дамытуға арналған ойын мен тапсырмалармен жұмыс.
2.Балық аулау ойыны. Шарикка әріптерді жаз Ойын шарты:оқушылардың әріптердің баспа жазба түрін ажыратуына байланысты ойындар өткізу. Балық артында әріптердің баспа түрі берілсе, оқушылар оның жазба түрін жазады, дұрыс жазған оқушы балық немесе шар алады.
3.Дыбыстар әлемі Қай үйде дыбыстар тұрады? Оқушылардың дыбыстардың түрлерін ажыратуға байланысты ойын. Қызыл үйге: дауысты дыбыстарды, көк үйге дауыссыз дыбыстарды орналастыру ойыны ұйымдастырылады.
4 Буындар мен сөздер. " Жасырынған әріптермен сөз ойла" ойыны.Оқушыларды буын түрің ажыратуға үйрету.
5.Себеттегі сөздер. Себетке таңқұрайдағы берілген әріптермен сөз құрып орналастыру. Сөздік қорын молайту.
6.Қай әріп, сөз, буын жоғалған? ойыны. ойындар арқылы оқушылардың ойын, қызығушылығын арттыру.
7.Сөздердің тасымалдануы.Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс. тасымалдауға байланысты диктант. "Қателескен тасымалдар" ойыны.
8. Вагонда нелер келе жатыр ойыны Оқушыларға түрлі тапсырмалар ұсынылады, оқушылар тапсырмаларды шешу арқылы вагонда нелер, кімдер келе жатқанның анықтайды. Немесе вагонда буындар жазылады, оқушылар басқа буын қосып сөз құрайды. Суреттер де ұсынылады.
9. Үлгі, сызба бойынша сөйлем құрастыру. Сурет бойынша сөйлем құрастыру. Оқу материалдары бойынша ( диалог,рөльмен инсцинировка жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.
10. Суретке қарап әңгіме құрастырайық. Сурет бойынша әңгімелер мен сөйлемдер құрастыруға үйрету. Сөздік қорларын дамыту.Әңгіме бойынша антоним,синоним сөздерді қолдану.
11. Адасқан сөзді орнына қою ойыны. Себетке сөздер құрып жинайық.
13. Өлең ұйқасын жалғастыру. Оқушыларға өлең ұйқасы туралы түсінік беру. Ұсынылған ұйқасты жалғастыра білуге үйрету. "Ұйқасын жалғастыр" ойыны. Өлеңдер жолдарын талдау.
14. Мәтінге жоспар құрайық. Мәтін бойынша жоспар құруға үйрету. Мәтінге мазмұндама жазуға үйрету. Би - шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастара білуді үйренеді.
15.Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс . "Жұлдызды сәт" сайысын өткізу. Шығармашылық жұмыстар қорытындысы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ана тілі 2 сынып «Ғылым таппай мақтан ба » Абай Құнанбаев,
Атамұра 2002 жыл
Л.Г.Петерсон оқулығы 1 бөлім , Ювента баспасынан алынған
2002 жыл
Қызықты грамматика,Алматы кітап 2005 жыл ,111 бет.