Просмотр содержимого документа
«"Ойнайы? та, ойлайы?" танымды? саба? 1 сынып »
Сыныбы: 1 «А»
Тақырыбы: Ойнайық та,ойлайық!
Мақсаты:Оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру.Ойларын жүйелі,еркін,шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру.Топтық жұмыс істеуге,достық қарым-қатынасқа,сыйластыққа тәрбиелеу.
I.Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар!Сіздердің алдарыңызда биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 «А» сынып оқушылары.Бүгін осы оқушылармен өткізілетін «Ойнайық та,ойлайық!» атты танымдық ойынды тамашалауға қош келдіңіздер!
Көп жиналған жамағат,
Атаның сөзі аманат.
Деген сөзді үлгі етіп,
Бой ұрдық ойға ғаламат.
Шапшаң ойын ойнайтын,
Ұл-қызың шықса ортаға
Шақырайық айысқа
Топтар шықса ортаға,-дей отырып ойынға қатысушы топтарды ортаға шақырайық!
Әр топ өлең шумақтарын арнайды
1.Арайлы таң атты
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң балалар!
2.Күннің нұры сөнбесін,
Ашық аспан,бейбіт күн.
Жаңа ғасырда сөйлесін,
Болашағы қазақтың.
3.Келешегі қазақтың
Басталады біздерден.
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйрендік,не білдік,
Қане ортаға салайық!
4.Ойға толып санамыз
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
5. Мәңгі жайнап тұрсын таң
Күн мезгілсіз қызбайды.
Жақсы атамыз Нұрсұлтан,
Көп ойлайды біз жайлы.
6.Өсіреміз орманын.
Біз соңынан ереміз.
Елбасының арманын
Жерге гүл қып егеміз.
II.Негізгі бөлім
Ойынның өткізілу тәртібі:
1)Таныстыру
Әр кезең бойынша топ текшелермен бағаланады.
«Өте жақсы»-алтын түс. «Жақсы»-күміс түс.
2) «Ұшқыр оймен ойла,жауабын тез қамда!» кезеңі
-Қазір қай мезгіл?
-Күз мезгілі
Күз мезгілінің ерекшелігі елде береке,байлық,молшылық болады.Астық та,көкөніс те,жемістер де піседі.Сендерге жемістердің ұнайтыны белгілі.Тақтаға көз салсаңдар жеміс-жидектерді көресіңдер.Саған қайсысы ұнайды?
Топтағы балалар жемісті таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
2.Үй жануарларына не жатады?
3.Дыбыс деген не? Әріп деген не?
4.Бір жылда неше мезгіл бар?
5.Табиғат деген не?
6.Геометриялық пішіндерді ата
7.Отан деген не?
8.Төрт түлікке не жатады?
9.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
10.Қандай құстарды білесің?
11.Көлік түрлерін ата.
3) «Тапқыр болсаң талас жоқ» кезеңі.
Топ оқушылары берілген жұмбақтарды кезектесе отырып шешуін табады.
1.Таусыла ма қараңдар
Табиғаттың қызығы.
Суық жақта бір аң бар
Бұтақ-бұтақ мүйізі
(Бұғы)
2.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр
Қара тауды арқалап бара жатыр.
(Құмырсқа)
3.Көп,көп ине,көп ине,
Бір сабағы жоқ ине.
Іс тікпейді әрине.
(Кірпі)
4.Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім ашпас.
(Жұмыртқа)
5.Қайқы тұмсық темір табан арғымақ,
Мініп алар қар үстінде әркім-ақ.
(Шана)
Жұмбақтар шешуінің суреті тақтада көрсетеді.
4) «Ойлан,тап,құрастыр» кезеңі
Бұл кезеңде оқушылар өздерінің ептіліктерін,шеберліктерін көрсетеді.
Топтағы әр оқушы қима қағаздардан балапан суретін құрастырып шығады.
5) «Ертегілер еліне саяхат» кезеңі
Берілген ертегі суреттерінен ертегінің атын тауып айтады.
Ертегілер:
1.Үйшік ертегісі.
2.Қожанасыр мен бай.
3.Бауырсақ.
4.Алтын балық.
5.Жеті лақ.
6.Ер төстік және айдаһар.
7.Алдаркөсе мен бай.
8.Қызыл телпек.
III. Қорытынды бөлім.
Топ оқушыларының әр кезеңдегі жұмыстарын қорытындылап,озық топты марапаттау.
Жарайсыңдар балалар,сендерге үлкен рахмет!Шамамыз келгенше өз білімімізді тапқырлығымызды,ептілігімізді көрсете білдік.
Біздің әрбіріміз аспандағы күндей жан-жағымызға шуақ шаша алуымыз керек.
Топ оқушылары дөңгелене тұрып,жақсы тілектерін айтады.
1.Елде тыныштық болсын!
2.Елбасымыз аман болсын!
3.Көк туымыз биік болсын!
4.Аспанымыз ашық болсын!
5.Досымыз көп болсын!
6.Дастарқанымыз бай болсын!
7.Деніміз сау болсын!
8.Бірлігіміз нығая берсін!
9.Нанымыз көп болсын!
Жүректеріңнен шыққан жақсы тілектерің орындала берсін!
Осындай тілекпен «Ойнайық та,ойлайық!» атты танымдық ойынымызды аяқтаймыз.