а) білімділік: Оқушыларға Ө дыбысы мен әрпін таныстыру.Оның айтылу ерекшеліктерін атап өту және жазылу жолын үйрету.Оқушыларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту.
ә) дамытушылық: Ө дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру, тілін дамыту; сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік: алғырлыққа,шыдамдылыққа, тазалыққа тәрбиелеу және сауатты жазуға үйрету.н
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ө" дыбысы мен әрпі сауат ашу пәнінен ашық сабақ»
БҚО,Бөкей Ордасы ауданы
«Үштерек» бастауыш мектебі
Нысанбаева Гүлназ Кенжебекқызы
Сабақтың тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Ө дыбысы мен әрпін таныстыру.Оның айтылу ерекшеліктерін атап өту және жазылу жолын үйрету.Оқушыларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту.
ә) дамытушылық: Ө дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру, тілін дамыту; сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік: алғырлыққа,шыдамдылыққа, тазалыққа тәрбиелеу және сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі:Оқулық,суреттер, Ө әрпінің баспа және жазба түрі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқу-құралдарын түгендеу.
- Сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.
-Балалар,біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ?
- Зз дыбысымен таныстық.
Қазір біз ойын ойнаймыз «Зымыран құрастыру»ойыны.
1-ші тапсырма Зз дыбысы қандай дыбыс?
2-ші тапсырма Зз дыбысынан келетін сөздер айт. Зәулім,зымыран.
- Сайдың түбінен ағып шыққан бұлақ сулары жиналып өзенқұрайды. Өзеннің ағып шығатын жері бастауы деп аталады.Өзен жер бетін белгілі бір ойысты бойлай ағады. Оны арнадеп атайды. Өзен суы тұщы болғандықтан елді мекендер (қала,ауыл) өзен жағасына жақын орналастырылады. Адам баласы өзенді ерте заманнан бері өз қажетіне пайдаланып келеді.Өзеннен ауыз су алады,мал суарады,балық аулайды. Өзен суы егістіктерге жіберіледі.Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып,электр энергиясын өндіреді.Біз өзендерді қорғап,таза ұстауымыз керек.
IV. Оқулықпен жұмыс:
-Тізбек бойынша бағандағы сөздерді буындап оқыту. Оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру.
- Мұғалім оқиды,оқушылар қайталайды.
Ө-зен Ө-ріс Бө-рік Өр-нек Көр-ме
Ө-лең Ө-рік Кө-рік Өр-мек Көр-пе
Ө-нер Ө-мір Кө-мір Өр-кеш Көр-ші
Өріс -мал жайылатын жер.
Бөрік- бас киім.
Көрпе-жамылатын төсек.
Көрші-оң жақтағы,сол жақтағы ағайын.
Өрік- жеміс.
V.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды жаяйық.
Құсша қанат қағайық,
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.
VI. Мәтінмен жұмыс:
-«Өркеш» мәтінін оқу,талдау.
-Мұғалім оқиды.
-Сұраққа жауап беру.
-Мәтін мазмұнын ашу.
-Бұзау ботаға не деді?
-Ал бота не деп жауап берді?
-Тағы да бұзау не деді?
-Бота қалай жауап берді?
VII. Дәптермен жұмыс:
-Өәрпінің элементтерімен таныстыру.
-Ауада жазу.
-Тақтада жазу.
-Дәптердегі үлгі бойынша жазу.
-Ө дыбысының О дыбысына ұқсайтынын айту.
- Жазба жолындағы сөздерді оқу,жазу.
Ө Өркен өзен жаққа барды.
ө өзен өлең өмір өрік
VIII.Сабақты бекіту, бағалау.
«Бір әріпке бес жауап»ойыны арқылы сабақты қорытамыз.