Сабақ негізделген оқу мақсаты: | Көркем шығарма үлгісінде оқу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Автордың көзқарасынан мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегінің маңыздылығы туралы білім беру. Әңгіме құрастыруда өз ойын нақты және түсінікті жеткізе білу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, оқу дағдыларын жетілдіру.Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу. |
І Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 2 мин Қызығушылықты ояту 5 мин | Психологиялық дайындық. Арайлап бүгін атты күн, Шашып бізге шапағын Тілейміз сізге ақ таңның Қуанышын шаттығын Қайырлы таң,Қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін! | Бір-біріне жақсы тілектер тілейді |
«Болжам жасау» стратегиясы Есік ашылды да,үйге Әнуар кіріп келді. -Бітті мәселе шешілді. Бұдан былай мектепке бармаймын.Оқи аламын, жаза да білемін,ендігі жерде онда мен не істеймін? Әкесі мен шешесі таңғалып, бір-біріне қарады. Олардың әрқайсысы өз ісімен айналысуда еді:шешесі столда жазу жа-зып отырған, әкесі терезенің алдында сызу сызып отырған. -Жарайды, балам, шешініп демал. Шаршап келген боларсың,-деді шешесі. Әнуар біраздан кейін: Ертең барып,жұмысқа орналасамын,-деді -Кім болып істегің келеді? –деп сұрады шешесі. -Ең болмағанда сен сияқты дәрігер болып істеймін. -онда маған келіп көмектес. Тұмау тиіп ауырған адамға дәрі алатын қағаз жа-зып бер.Дәрі алатын қағаз латынша жа-зылады.Ал қалай жазуды өзің білуге тиістісің, сен дәрігерсің ғой.Жоқ, маған сенің жұмысың ұнамайды,-деді. -Әнуар,- деп шақырып алды әкесі.- Сызбаны көрсетіп, неге екенін білмей-мін, менің сызбам дұрыс шықпай тұрғаны.Әнуар сызбаға жақындап барды.-Бала түсініксіз бір нәрселер сызылған қағаз бетіне ұзақ қарап тұрды да :-Әрі қарай бала қандай әрекет жасайды деп ойлайсыңдар? Топқа бөлу: мамандық атаулары | Әңгімені тыңдап алып, баланың әрекеттерін әрі қарай болжайды. «Кәсіпкер», «Геолог», «Елші», «Ғарышкер» топтарына бөлінеді |
ІІ.Сабақтың ортасы Мағынаны тану 20 мин | Сонымен, бүгін не туралы өтпекпіз? «Автормен танысу» Өтепберген Ақыпбекұлы- (1950-2007) жазушы,ақын, тілші,редактор. Әр жылдары «Экологиялық әліппе», «Балдай тәтті әліппе», «Қызықты әліппе», «Мен таңдайтын мамандық» т.б балаларға арналған өлең кітаптары жарық көрген. «Ассоциация» стратегиясы Мамандық сөзін топтастыру Жаңа тақырыппен жұмыс мәнерлеп тұтас оқу (мұғалімнің оқуы) Ғұмыр-өмір. Жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер Ганибет- игілік ,игілікті іс. Топтық жұмыс Әр топ өз мамандығына постер дайындайды. | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. Қажетті мәліметті түртіп алады Мамандық сөзіне ассоциация жасайды. Алдымен жеке, сонан соң топпен жинақтайды. Сөздік сөздерді дәптерлеріне жазады Постерлерін түсіндіріп, қорғайды. |
ІІІ.Сабақтың соңы Ойтолғаныс 10 мин | «Кім көп біледі?» ойыны Мамандық атауларын жазу «Адасқан жолдар» стратегиясы Келіспейтін өлең жолдарын өз орнына қою | Қай топ көбірек мамандықтарды білетінін анықтау. Қимақағаздармен жұмыс |