kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурызға тілек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтын ұлттық мейрамы Наурыз.Наурыз туралы түсіну
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурызға тілек»

159 «Еңбекші»қазақ орта мектебі

Әдебиеттік оқу











2-сынып

Сынып жетекшісі :Досқанаева Ж.Ә





2015 ж





Сабақтың тақырыбы:Наурызға тілек

Сабақтың мақсаты:оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу.Оқушылардың мүмкіндік деңгейін шығармашылық дербестігін дамыту.Сабақта өз бетінше білімін жетілдіру.

Дамытушылығы:оқушылардың сөздік қорын,ойлануын,көз алдына елестету қабілетін дамыту.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Өз пікірін айта білу,өзгерін пікірін тыңдау .Дұрыс жауапты мойындау

Тәрбиелік мәні:Шығыс елдерінің бүкілхалықтық Наурыз мейрамының жоралғыларын таныту.Халықтық салт –дәстүрлерді қастерлеуге баулу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта,суреттер пайдаланылады.

Түрі:аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,бейнелеу, математика, дүниетану

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Психологиялық дайындық.

Ұғымпаз бала

Болар дана

Ұғымсыз бала,

Қалар шала.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

  1. Өлеңді жатқа айту

  2. Сұрақ-жауап

  3. Тест жүргізу

-Жерді неге Анаға теңейді?

-Жерді неге батырға теңейді?

-Жер-Ананы қорғауға қандай үлес қосар едің?

-Жер-Анаға хат.

Жерді Анаға, батырға теңеп жатырмыз. Бұл теңеудің бәрі орынды.Адамзат керектің бәрін жерден алады.Сондықтан жерді қорғауымыз керек.

1.Ой шақыру

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Әр мезгілде неше ай бар?

  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктем мезгілінің айларын ата?

  • Көктемде қандай мерекелер бар?

2.Ой –ізденіс.

Көктем айлары



Көктем мерекелері









Жыл мезгілдері









ІІІ.Жаңа сабақ. Ой талдау

1.Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Наурыз».Бұл өлеңнің авторы Оразақын Асқар.

О.Асқар -1935 жылы Қытай Халық Республикасында туылған .1956-1961 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды .Оның «Ләйла»/1977/, «Таудай бол!» /1984/ атты кітаптары балаларға арналған өлеңдерден тұрады.

Наурыздың айшықты жоралғылары туралы әңгімелессек.

  • Наурыз-жаңа жыл

  • Наурыз күн мен түннін теңелуі

  • Наурыз көже мерекелік тағам

  • Наурыз айында жақсы тілектер айтылады.Жаман әдеттерге тыйым салынған.

2.Мәтінмен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп,оқып,түсіндіру.

-Ежелгі замманнан бері Шығыс халықтары наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.Наурыз күн мен түннің теңелген күні.Көктемгі күн тоғысы 21 нен 22 ауысқан түн болады.Осы уақыттан бастап күн ұзарып түн қысқарады.Наурыз-жыл басы.Парсы тілінде «ноу»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді.

Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады.Киіз үйдің іші ескі қажетсіз заттардан тазартылып, үйге қос шырақ жағылады.Ыдыстардың барлығы айран мен сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл тоқшылықтың белгісі.

Мереке сәлемдесуден басталады.Ер адамдар қос қолдасып ЮДЭЩҺҰ Жмандасса,әйелдер құшақтасып амандасады.Сәлемдескен кезде «Жасын құтты болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады.

Дастарханға дәстүрлі тағамдар қойылады. «Наурыз көжені тойып ішу керек,сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар.Наурыз көжені су,тұздан басқа 7 түрлі дәм салынып әзірлейді.

  1. Сүт,айран

  2. Ет

  3. Бидай

  4. Күріш

  5. Тары

  6. Құрт

  7. Бұршақ

Қазақта 7 саны өте киелі сан болып табылады. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған.

Ұлыс әр кез оң болсын,

Әр үйде ақ мол болсын.

Не тілесең сол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Кешке жақын жұрт мерекені тойлап,көңіл көтереді.Жалпы ақ түйенің қарыны жарылған кез.

Наурыз мерекесін дүниежүзінің бірқатар елдері : Иран, ауғанстан, үнді, ортаазия халықтары өздерінің төл мерекесі ретінде тойлайды.

3.Сергіту сәті. «Қара жорға» биі

4.Ой ояту: Мәтін бойынша сұрақар:

  • Наурыз көжені қалай пісіреді?

  • Уыз қай уақытта болады?

  • Наурыз мерекесіндегі адамдардың көңіл-күйі туралы не айтылған?

  • «Ақ түйенің қарны жарылды»дегенді қалай түсінесің?

  • Наурыз мерекесін тағы қандай елдер тойлайды? Наурыз қай елдің сөзі?

Сергіту сәті.

5.Ой қозғау.Деңгейлік тапсырма.

  1. Деңгей.Өлеңнің әр шумағы бойынша бір сөйлемнен құрау

  1. Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі.

  2. Наурыз-жыл басы

  3. Жас-кәрілер мәз мейрам болды.

  4. Алыс –жақын қауышып,Наурызбен құттықтады.

  5. Ақ дастархан жайылып ,тағамдар қойылады.

  1. Деңгей. «Алгоритімдік орташа қиындық».Табиғат жайлы мақал айту.

  1. Жер –қазына, су- гауһар.

  2. Сәуір болмай, тәуір болмас.

  3. Жаз мереке,қыс келеке.

  4. Бұлт жаңбыр жаршысы

  5. Судың да,сұрауы бар.

  6. Қыста қысыл, жазда жадыра.

  7. Нөсер алдын да,найзағай ойнайды.т.б

  1. Деңгей. Эвристикалық күрделі шыгармашылық тапсырама.

Наурыз мерекесіне байланысты қысқа мәтін немесе шумақ өлең құрастыру немесе иллюстрациялық бейнелеу.

  1. Қорытынды.

-Ия ,автор бүгінгі өлеңде наурыз айында табиғат түлеп , тіршілік оянып, шуақты күн нұрымен ,қызылды жасылды түрленген даламен,ызғары кетіп, жаздың келетініне үміттенген халық, жан-жануар көкке шығып тойынамыз деп, қыстан қалған азық-түлік сүрді шығарып, ақ молайып, халық мәре-сәре болған кез екенін жырлады.

Наурыз айы нәр алған ақ ырыстан,

Наурыз айы жаралған сағыныштан.

Көгершіндей көгімде қалықтайды,

Ақ тілектер жүректі жарып ұшқан.

Көкіректе от беріп,жас арманға,

Наурыз айы жұпарын шашар маңға.

Қуаныштан жанарға жас алғанда

Бүкіл тірлік ұқсайды жасарғанға.

Бағалау

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. «Наурыз» тақырыбына сурет салу.

Сіздерге жүректің жылуын,

Жанның сұлулығын тілеймін!- деп сабақты аяқтау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Наурызға тілек

Автор: Досқанаева Махаббат Әлмағанбетқызы

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392818

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары."Наурыздағы тілек""
    ["seo_title"] => string(59) "diebiiettik_ok_u_p_ninien_sabak_zhospary_nauryzdag_y_tiliek"
    ["file_id"] => string(6) "395142"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487920578"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?ош келді?, ??тты наурызым! "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-kieldin-k-u-tty-nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "214076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432208340"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Наурыз мейрамына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "nauryz-mieiramyna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "279097"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453195729"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Сынып са?аты "Наурыз""
    ["seo_title"] => string(17) "synypsagatynauryz"
    ["file_id"] => string(6) "303777"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457603177"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Сынып са?аты "Наурыз""
    ["seo_title"] => string(18) "synypsagatynauryz1"
    ["file_id"] => string(6) "303778"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457603184"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства