kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз (ашы? саба?)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?аза? хал?ыны? салт – д?ст?рін, ?дет – ??рпын ?сіп келе жат?ан ?рпа? санасына сі?іріп, ?лтты? ?асиеттерге баулу. ?лысты? ?лы к?ні Наурыз мерекесін ?арсы алу ар?ылы балаларды Отан с?йгіштік, таби?атты ?ор?ау, е?бекті? ?адір – ?асиетін сезіну, ?лкенді сыйлау, жаман ?деттен аула? болу т.б. ізгі ?асиеттерді бой?а сі?іру.

Зал мерекеге сай безендірілген. На?ыл с?здер, ?лтты? б?йымдар, наурыз мейрамына арналып жайыл?ан дастархан бар.

Барысы:

Ж?ргізуші:

Армысыздар, балалар!

Б?гін – самар?анны? к?к тасы еріген к?н.

Я?ни б?рімізді? тату – т?тті дос болып, ?ауышатын к?німіз!

Б?гін – жа??ыру мейрамы!

Б?гін – Жыл басы, Жа?а жыл!

?лыс к?ндері? ??тты болсын.

Сахна сыртынан шу естіледі.

Ж?ргізуші:

-Б?л не шу?

 - Б?лар кімдер?

 - ?, к?ріп т?рмын, танып т?рмын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«наурыз (ашы? саба?)»

Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу арқылы балаларды Отан сүйгіштік, табиғатты қорғау, еңбектің қадір – қасиетін сезіну, үлкенді сыйлау, жаман әдеттен аулақ болу т.б. ізгі қасиеттерді бойға сіңіру.

Зал мерекеге сай безендірілген. Нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, наурыз мейрамына арналып жайылған дастархан бар.

Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, балалар!

Бүгін – самарқанның көк тасы еріген күн.

Яғни бәріміздің тату – тәтті дос болып, қауышатын күніміз!

Бүгін – жаңғыру мейрамы!

Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

Ұлыс күндерің құтты болсын.

Сахна сыртынан шу естіледі.

Жүргізуші:

-Бұл не шу?

- Бұлар кімдер?

- Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

- Анау тұрған қыс екен.

- Анау тұрған көктем екен.

- екеуі айтысып келе жатқан сияқты, екеуін тыңдайықшы.

Қыс:

Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

Көктем:

Мал төлдеп адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал аузы көкке тиген,

Көктем керемет емес пе?

Қыс:

Құрт – құмырсқа, бақа – шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын – шіркей, маса – қоңыз ызыңдап мазаңды алатын,

Жаздың несі керемет?

Көктем:

Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

Қыс: Борандатсам қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?

Көктем:

Дұрыс айтады екенсің, бірақ менің де пайдам көп екенін, бәрі біледі, мына балаларды қимай тұрған боларсың , мұңаймаңыз, сіз де қайта ораларсыз. Жолыңызды маған беріңіз.

Қыс:

Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!

Бәрі бірге:

  • Қош болыңыз қыс аға! Қайта орлағанша мұңаймаңыз!

Жүргізуші :

  • Көктем, Сіз бізге үнемі жылуыңызды шашып, жылытасыз, үнемі бізді қуантып жүресіз. Енді біз де сізді қуантайық. Балалар, наурыз мейрамына арнап тақпақ жаттап келген екен, соны тыңдап көрейікші.

Бекжан:

Наурыз тойым, наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық!

Дарын:

Уа, ағайын, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесін халықтың

Наурыз тойын бастайық.

Билал:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Алихан:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр – әніміз.

Амир:

Наурызбен құттықтап,

Алыс, жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Айару:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Жайдар:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

Мирас:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жыл қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктен күнге жақын,

Ұланғайыр керілсін керегесі.

Нұрай:

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.


Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.



Наурыз келді сән құрып,

Жасарып, жаңғырып.

Құлпырды жер мен көк,

Мейірім таң күліп.

1-оқушы

Наурыз тойы – салтанат.

Наурыз тойы – мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

2-оқушы

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.


Біздің балаларымыз шеттерінен әнші. Ән тыңдауға қалайсыз?

Ән: «Наурыз»

Муз: А. Досмағамбет

Сөзі: Ж. Мұхамеджанова

Келді , келді қалама,

Әндетіп, ойнатып.

Біздің елді қуантып,

Құстарды оятып.

Қайырмасы

Алақай, наурыз!

Алақай, жаңа жыл!

Балаларға қуаныш,

Сыйлықтар әперді.


Көктем келді, қарашы,

Далаға сен шықшы.

Бау – бақша да, ағаштар

Гүлдеді, құлпырды.

Жүргізуші:

Балалар, бүгін бізде үлкен той болғандықтан біз де қонақтарды шақырдық. Қазір үлкен қариялар қонаққа келеді. Әне, өздері де келіп қалыпты. Қош келіпсіздер төрлетіңіздер!

Қариялар балаларды Наурыз тойымен құттықтайды!

Көрініс: «Қожанасырдың тойға баруы»

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті.

Қожанасыр ренжіп, сахна сыртына шығып кетеді.


Би: «Жігіттер мен қыздар биі»


Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімін киіп, қайта келеді.

Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

  • Қожеке, алыңыз, алыңыз» - деп қошеметтейді.

Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

  • Же шапаным, же! – деп отыра береді.

Үй иесі:

  • Сіздің бұл не қылғаныңыз? Шапан ет жейтінбе еді? – дейді.

Сонда Қожа:

  • Сен кісіні сыйламайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! – деп жауап береді.

Жүргізуші:

  • Балалар, байекеңдердікі дұрыс болды ма?

  • Жоқ.

  • Адамның киіміне емес, көңіліне қарау керек еді. Өзіңде бар болып сен бай болсаң да өзгені төмендетпеу керек.

  • Қожанасыр дұрыс істеді ме?

  • Ия, ол ақымақ байларға сәйкес жауап берді.

Бәріміз бірігіп, ән салайық!

Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл!»

Наурыз келді балалар,

Көктеді қыр, жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда ағалар!

Қайырмасы:


Наурыз, Наурыз

Келді біздің жаңа жыл!


Көктем келді, балақай,

Жасарды жер алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге сал апай.


Қайырмасы


Бәйшешектер гүлдеді

Қорада мал төлдеді.

Наурыз тойын тойлайық

Қосыл аққу көлдегі.


Ойын ойналады.


Жүргізуші:

Біз үлкендердің ықыласымен, батасымен өсіп өнетін, көгеретін халықпйыз. Қане бәріміз ортамыздағы ең үлкен қариядан бата сұрайық. Амин.

Қария бата береді.

Армысыңдар, жамағат

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жолың болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін!

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Қайғы – уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Қожанасыр балаларға тілек айтып сыйлық таратады.

Жүргізуші.

Наурыз мейрамын арналып жайылған дастарханды көрдіңдер ме? Ендеше сол дәмнен дәм татуға тобымызға барайық.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
наурыз (ашы? саба?)

Автор: Рахимбай Самал Т?рсымбай?ызы

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274205

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(20) "nauryz-ashyk-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "314631"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459745907"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Ашы? саба? "?айталау" "
    ["seo_title"] => string(21) "ashyk-sabak-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "151418"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420706315"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Т?рт жыл мезгілі. Ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(27) "tortzhylmiezghiliashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "319557"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460883590"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Ашы? саба? ?ос с?здер "
    ["seo_title"] => string(24) "ashyk-sabak-k-os-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "157215"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421572111"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ашы? саба? та?ырыбы: "Наурызым, армысы?" "
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk-sabak-tak-yryby-nauryzym-armysyn"
    ["file_id"] => string(6) "193075"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427561480"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства