Саба?ты? ма?саты: Нанны? дастархан?а келетін жолы мен о?ан деген е?бегі туралы білулері?е ?рекет жасау. Е?бек адамдарын сыйлай білуге, ?асиетті та?амымыз- нанды ?астерлеуге ?йрету.
Міндеттер:
1. «Нан» туралы ма?ал-м?тел,на?ыл с?здерді? ма?ыналарын т?сінуге к?мектесу.
2. О?ушыларды? с?йлеу ?абілетін дамыту.
Саба?ты? к?рнекілігі: ?лтты? нан т?рлері, суреттер
Сабақтың мақсаты: Нанның дастарханға келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет жасау. Еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымыз- нанды қастерлеуге үйрету.
Міндеттер:
1. «Нан» туралы мақал-мәтел,нақыл сөздердің мағыналарын түсінуге көмектесу.
2. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық нан түрлері, суреттер
-Бүгінгі сабақта нан туралы,оның біздің дастарханға келетіні туралы әңгімелесеміз. Нансыз біздің таңғы асымыз да,күнделікті тамақтануымызда,қонаққа арналған мерекелік дастарханымыз да жасалмайды.
ІІ.Слайд-шоу. Нан дастарханға қалай келеді?
Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Балалар, сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер.
-«Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?
-Қара нан, ақ нан, батон, тоқаш, құймақ.
-Балалар, қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?
-Бауырсақ, шелпек, ши бауырсақ, таба нан.
-Кім нан туралы мақал –мәтелдер немесе тақпақтар біледі?
Ас атасы-нан.
Нан болса, ән де болады.
Нан тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы.
Шығармашылық дәптерлерін көрсету.
ІҮ.Мәтінменжұмыс.
а) Сөздік жұмысы
ақша –деньги
сатушы –продавец
сатып алды –купл (а)
әр түрлі –разный (ая,ое)
Ас атасы-нан
Нан – тоқтық, нан – байлық.
Нан болса ән болады.
Ү.Деңгейлік тапсырмалар. Дәптермен жұмыс.
1-деңгей. Мына сөздерден сөз тіркестерін құрастыр. Нан, ас,дәмді,тәтті.
2-деңгей. Фонетикалық талдау. «Нан»
3-деңгей. Тірек сөздерді пайдаланып,әңгіме құрастыру. Ас, қою керек, нан, тоқтық, байлық, дастархан.
Бүгінгі сабақта сендер «Қайдан келдін, бауырсақ?» өлеңімен танысасыңдар. Мен өлеңді оқимын, сендер зейін қойып мұқият тыңдап отырыңдар.
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қазығып,
Қарап тұрып көзін сап,
-қайдан келдің, бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ.
Дүкеннен келдім нан сатқан, -
Деді оған бауырсақ.
- дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн жапқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- даладан келдім кең жатқан,
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Тиым сөздер:
Нанмен ойнама
Дастарқан басында керілме
Нан қоқымын баспа
Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса,баспаңдар!
Теріп алып,қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
Рефлексия.
-Қандай жаңа сабақ өттік?
-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
-Нанды дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді?
-Қазақтың ұлттық нан өнімдерін атаңдар.
Проблемалық сұрақ.
-Балалар,нанға не істемеу керек?
-Нан –дәм басы.Нанды төңкеріп қоюға,шашуға,жерге тастауға болмайды. Үйге тапсырма.