kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ас атасы -нан."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:Нанның дастарқанға қалай келетінін,оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі:Нанға байланысты суреттер.Нанның түрлері.Нан туралы жазылған мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:түсіндіру сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сәлемдесу

ә)Екі топқа оқушыларды бөлеміз.Бірінші топ-Нан,ал екінші топ-Бидай.

б)Ережесімен таныстыру.

1.Тыныштық сақтау.

2.Бірін-бірі тыңдау.

3.Ойын ашық айту.

1-ші бөлім:Кіріспе бөлімі:

Қазақ халқымыз «Ас атасы-нан»дейді,себебі нан дастарқанға оңай келмейді,нанды дайындау үшін көп адам еңбек етеді.Сондықтан нанды қадірлеу керек,нандыаяғына дейін жейді,жерге тастамайды.Бір де бір тамақ нансыз қойылмайды.Сонымен қатар дастарқанға қазақтың бауырсағы,шелпектері,басқа да қолдан пісірілген нан түрлері қойылады.

Нан тек дәмді ғана емес,сонымен қатар ол пайдалы.Сондықтан тамақты нанмен жеу керек.

-Балалар,сендер әжелеріңнің, апаларыңның нан ашытқанын көрген боларсыңдар,нан ашыту үшін су, тұз,май,қант,ашытқы және ұн керек.Ал нанның дастарқанға қалай келетінін бүгін сендер Мұхамеджан Етекбаевтың «Нан қайдан шығады?» ертегі қойылымынан білетін боласыздар.

Шығарма «Нан қайдан шығады?»

Бір күні тышқан нан дүниесіне кірді.Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен.Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты.Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады.Осы кезде күзетші келіп қалады.Тышқан зып беріптысқа атып шықты.Бірақ алысқа ұзамады.”Апырмай,қандан шықты екен осыншама нан?Біліп алып шыққан жеріме кірсем,ә!“-депқызып кетті.Тесіктен сақтана сығылады.

-Нан, нан сен қайдан шықтың?-деді сыбырлап.

-Сатушыдан сұра,-деді нан.

Тышқан сатушыға келеді.

-Сатушы,сатушы нан қайдан шығады?

-Наубайшыдан сұра,-деді сатушы.

Тышқан наубайхананға келеді.Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

-Нан қайдан шығады?-деді наубайшыға келіп.

-Диірменшіден сұра,-деді наубайшы.Тышқан биірменшіге келеді.Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады.Екі адам ұн тартып тұр.Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр.Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болады.Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып,таңдана қарап тұрады да:

-Диірменші, диірменші нан қайдан шығады?-деп сұрады.

-Комбайыншыдан сұра,-деді диірменші қарт.

-Комбайыншы,комбайыншы,нан қайдан шығады?-деп сұрайды.

-Көктемде тракторшы жер жыртып тұқым себеді.Егіншілер оны күтіп,баптайды.Көп еңбек сіңіреді.Міне,мынау қалың астық-сол көп еңбектің жемісі.Нан еңбек арқылы табылады,-дедікомбайыншы.

-Ой,мұның зап қой.Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін-деп құтың-құтың етті тышқан.

Сол-ақ екен тышқан бір інге зып береді.

II бөлім:«Білім-қымбат-білу қиын.»

1.Әр топқа тапсырмалар таратамыз.Тапсырмалар сұрақ түрінде.

2.Нанды қайда пісіреді?

3.Нанның дастарқанға оңай келмейтін себебі неде?

4.Қандай нан түрлерін білесіңдер?

5.Қамыр неден жасалады?

6.Ұн тарататын адамды қалай атаймыз?

7.Нан қайда сақталады?

Егер сұраққа дұрыс жауап берсе оқушыларға ұпай беріледі.

-Сонымен енді оқушылар сендер осы нан туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Нан-ардақты асыл ас,

Атталмасоны нәрі-жас.

Ақ дастарқан үстінде

Қол жумай оны үстама.

**

Комбайыншы ағайым,

Орады егісжайқалған.

Аталып жүр әрдайым

Еңбек ері майталман.

**

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірінің ана сүті,арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

***

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасымнан.

Достарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан.

***

О,адамдар,адамдар!

Тіршіліктің арнасын сақтаңдар!

Диханның еңбегін ақтаңдар!

III бөлім: Бейнеролик.

Түсінгендері бойынша 2топ бір-біріне сұрақ қою керек. Мұғалім әр оқушыдан не түсінгендерін сұрау керек.

V бөлім: Ребус.

 Екі топқа қағаз бен түрлі түсті қарындаш таратылады. «Нан» және «Бидай» сөзіне ребус құрастыру. Ребусты 2топ  бір-бірімен алмастырып шешеді.

Қорытынды:

Екі топты бағалап,мадақтап,алғыс айтып,барлық қатысқан оқушыларға рахмет айтып,хорменен:

Нан болса ойнап-күлеміз

Нан барда еркін жүреміз.

Тіршілік көзі-нан ғана

Нан қадірін білеміз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ас атасы -нан."

Автор: Серикбаева Менуара Жаркыновна

Дата: 12.01.2018

Номер свидетельства: 449545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Ас атасы-нан" "
    ["seo_title"] => string(14) "as-atasy-nan-2"
    ["file_id"] => string(6) "181944"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425416299"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "« Ас атасы – нан »             (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(31) "as-atasy-nan-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "208498"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430827680"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ас атасы нан ( тіл дамыту)"
    ["seo_title"] => string(19) "asatasynantildamytu"
    ["file_id"] => string(6) "284210"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453950615"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ша?ын орталы? Ас атасы нан ( тіл дамыту)"
    ["seo_title"] => string(39) "shag-yn-ortalyk-as-atasy-nan-til-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "284229"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453954005"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) ""ас атасы-нан"
    ["seo_title"] => string(14) "as_atasy_nan_1"
    ["file_id"] => string(6) "384569"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485529273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства