|   Мектеп:   |    №45 мектеп-гимназиясы   |  
  |   Мұғалімнің аты-жөні:   |         |  
  |   Пән   |    Қазақ тілі   |  
  |   Сынып:   |    2а   |    2г   |    2д   |    2е   |  
  |   Күні:26.09.2017   |         |         |         |         |  
  |   Барлық оқушы саны:   |         |         |         |         |  
  |   Қатыспағаны:   |         |         |         |         |  
  |   Тарау немесе бөлім атауы:   |    1-БӨЛІМ: Өзім туралы   |  
  |   Сабақтың тақырыбы:   |    10-сабақ Мынау–Қонжық па ?   |  
  |   Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарамасына сілтеме)   |    2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну    2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту    2.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын / сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану.   |  
  |   Сабақ мақсаттары   |    Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.   |  
  |   Көбі: сюжетті сурет негізінде өз ойын айтады.   |  
  |   Кейбірі: заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану.     |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    Тақырыпқа қатысты қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы өз ойын айтады, інісінің ойыншықтарын сипаттайды.   |  
  |   Жаңа сөздер   |    Қатты , жұмсақ.   |  
  |   Сабақта қолданылатын материалдар   |    Интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, түрлі түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар.   |  
  |   Оқыту әдістері   |    Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ойыншықтар әлемі» бейнебаяны, «Кім көп біледі?» ойыны, топтық жұмыс, сергіту жаттығулары «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.   |  
  |   Дереккөздері:   |    Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.   |  
  |   Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті   |  
  |   Тапсырма         |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |  
  |   Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу       |    Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.   |    Мұғаліммен сәлемдеседі.   |  
  |   Өткен сабақты тексеру               |    Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды   |    Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.   |  
  |   І.Қызығушылықты ояту   |    Интерактивті тақтадан оқушыларға «Ойыншықтар әлемі» бейнебаянын көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын кояды : -Балалар, біз қандай ойыншықтарды көрдік? Сендер бұл ойыншықтар жайлы қандай ақпараттар алдыңдар? Оларды сипаттап беріңдерші.   |    Бейнебаянды көреді,ойыншық түрлерін атайды, сипаттайды.   |  
  |   ІІ. Мағынаны тану   |    1.Сөздікпен жұмыс: А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жағңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.   |    Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды   |  
  |   Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.   |    Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.   |  
  |   2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.   |    Тыңдалым.Оқылым. Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.   |  
  |   3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.А)Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.   |    Айтылым. Суреттерге қарайды, кімде қандай ойыншық бар екендігін айтады.   |  
  |   Ә) Айтылым. Оқулықтарғы 2- тапсырманы орындатады.       |    Айтылым. Суретті пайдаланып, інісінің ойыншығы туралы айтады.   |  
  |   4. Мәнерлеп оқу. « Жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.       |    Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды,мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.   |  
  |   5. Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуларын жасатады.   |    Сергіту жаттығуын жасайды.   |  
  |   ІІІ. Ойтолғаныс   |    Мұғалім оқушыларға «Жоғалған буынды тап!» ойынын жазылымға қатысты орындатады.  Арыс..., ...пі, жол...рыс, ...кі, қон....   |    Жазылым. Оқушылар дәптерге берілген сөздерді жазып, жоғалған буынды табады.   |  
  |   ІҮ. Бекіту   |    А)Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқулықтағы    4-тапсырманы орындатады « Кім көп біледі?» ойынын ойнатады.   |    Айтлым. Суреттегіойыншықтарды тез айтады .   |  
  |   Ә) «Есте сақта!» айдарында берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.   |    Сөйлемді оқиды, талдайды.   |  
  |   Ү Бағалау   |    Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.   |    «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.   |  
  |   ҮІ.Үйге тапсырма   |    Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.   |         |  
  |   ҮІІ. Рефлексия   |    Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.   |    Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.   |