Тәрбиелік мәні: Ата–бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.
Сайыстың барысы: - Армысыздар құрметті сайысқа қатысушы сайыскерлер! «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
Қағаз қиындылары арқылы қатысушыларды екі топқа бөліп отырғызу.Әр топ өз топ басшыларын сайлайды. Әр топқа бағалау парағы таратылады. ТАНЫСТЫРУ :
Топ мүшелері өздерін таныстырады:Менің атым-.....................Менің ұлтым-....................Менің ана тілім-...................
Сайыс 6 турдан тұрады.
І. «Мақал- сөздің мәйегі». (мақалдың жалғасын табу.)
Білген кісі тауып айтады, ... (білмеген кісі қауып айтады)
ІІ. .«Суреттер сөйлейді». (мақал құрастыру). Ребус арқылы мақал құрастыру.
І топ: Өнер алды –қызыл тіл.
Р ды-
ыл л
ІІ топ: Доссыз өмір-тұзсыз ас.
с -
сыз
ІІІ. «Ойшыл болсаң, озып көр».
Мақалдардың орысша баламасын тауып көр.
Денсаулық — зор байлық.
Здоровье — большое богатство.
Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
Жизнь сама учитель мудрый
Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
Жизнь обучает, а труд закаляет.
Бала — жанның гүлі, көздің нұры.
Дети — цветы души и глаз лучи
Ата балаға сыншы.
Детям судья отец
Қонақ келді — ырысын ала келді.
Гость приходит — счастье в дом с собой приводит.
Көз қорқақ, кол батыр.
Глаза боятся, а руки не знают страха
Басқа бәле тілден.
Голове от языка одна беда.
Судын басы — бұлақ, сөздің басы — құлақ
Вода с родника начинается, разговор с ушей начинается
Жаман үйді қонағы билейді.
В плохом доме гость хозяин.
ІV. «Тапқыр болсаң, шешіп көр». Берілген мақалды аударып, мағынасын түсіндір.
І топ: «Еңбектің наны – тәтті, жалқаудың жаны – тәтті»
ІІ топ: «Батыр туса – ел ырысы,жаңбыр жауса – жер ырысы»
Ү. «Бәйге». Өз ана тілінде мақалдар айтып жарысқа түседі. Берілген ұяшықтарды ашып тақырыпты таңдап алу. Әр топтан бір ойыншыдан шығып, сайысқа түседі.
ҮІ. «Тапқырлар» . Алдымен топқа жұмбақ жасырылады, жұмбақтың шешіміне ойыншылар мақал айтады(өз ана тілінде).
ЖҰМБАҚ: Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ таппайсың. (тұз)
За хлебом-солью всякая шутка хороша.
На соль пьется, на хлеб спится.
Хлеб-соль — отплатное дело.
ЖҰМБАҚ.Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (Пияз)
Лук от семи недуг.
Лук да баня все правят.
Лук, что царь, стрелы, что посланнички.
Осымен сайысымыз аяқталды. Бағалау парақтары бойынша алған балдарын есептеу. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.