| Психологиялық ахуалды жақсарту І-кезең.Жұмбақты шешіп, сол сөзге байланысты мақал-мәтел айту. 1.Көзіне шуда тағады. Бөлекті құрап, Ұшы жылмаң қағады. ( ине ) Оқу инемен құдық қазғандай. 2.Өзі сырық, Басқан жері – құдық. (таяқ) Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан. 3.Жүрген жерін жалмайды, Тастан басқа қалмайды. (От) От жақпаған үй қорамен тең. Ойыннан от шығады. Кісі кірмеген үй моламен тең. 4.Өртесең де ерімейді, не тот басып шірімейді. Өн бойына су сіңбейді, ылғал тартып ірімейді. ( тас ) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 5.Үсті шарбақ, асты шарбақ. Ортасында тұрар сарнап жалғыз бармақ. ( тіс пен тіл ) Тіл қылыштан өткір. 6.Сырты орман, алды жазық құрлықты, Араласаң табасың жеті құдықты. ( Бас ) Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ. ІІ кезең. Мақал- мәтелдің сыңарын табу (Осы кезеңде ұпайы төмен 2 оқушы ойыннан шығады.) 1.Кісі елінде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол) 2.Тұз астың дәмін келтірсе, ... (мақал сөздің мәнін келтреді) 3.Жаман көлдің суы ащы, … (жаман адамның тілі ащы) 4.Жүк ауырын нар көтерер, … (ел ауырын ер көтерер) 5.Еңбегіне қарай құрмет, … (жасына қарай ізет) 6.Адам аласы ішінде, ... (мал аласы сыртынд ІІІ кезең. «Суреттер сөйлейді». (мақал құрастыру). Ребус арқылы мақал құрастыру. І топ: Өнер алды –қызыл тіл. Р ды- ыл л Доссыз өмір-тұзсыз ас. с - сыз ІV кезең. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу. Жұмырына жұқ болмау. Төбесі көкке жету. Ат тонын ала қашу. Ат ізін салмау. Жеңімпаз марапатталады, «Озық ойлы оқушы» атағына ие болады. |