Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Бейнеролик , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | М дыбысы мен әрпі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Біздің шеңберіміз домаланып тұрған киіз үйге ұқсайды.Киіз үйдің жоғарғы жағы күмбез шаңырақ деп аталады.Шаңырақ отбасының белгісі. Отбасы- ол бақы Отбасы-ол ата-ана Отбасы-ол туыстарымыз Отбасы-ол шаңырақ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 8 минут | .Ұ.ж «Шашылған әріптер» ойыны Оқушылар шашылған әріптерді жинастырады және сол әріптердің дауысты,дауыссыз екенін айтады.Осы әріптердің келесі бетінде орналасқан суреттерді құрастырады./отбасы суреті/ Топқа бөлу: Дауысты,дауыссыз Т.ж «Отбасы ағашы» Оқушылар отбасы ағашына отбасы мүшелерін орналастырады және үш тілде айтады. Ж.ж «Әңгімеге негізделген жазу» «Малтатас» мәтінін жұптарда талқылайды және М әрпі кездескен сөздерді теріп жазады.Жазған сөздерін хатқа салып беріп жібереді. | Бағалау «От шашу» әдісі Бағалау «Бас бармақ» әдісі Бағалау «Бағдаршам» әдісі |
Сергіту сәті 1 минут | Бейнеролик арқылы орындату | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| Ж.ж «Араларды ұр» ойыны Оқылым. Мата Марал алма мал адам маса томар шама мол Марат Арман ал алма отыр отырма сула сулама | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия «Білім теңізіне кеме жіберіңіз» Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады . | Кеменің суреттері |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |