kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің мектебім Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің мектебім

Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің мектебім Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі.»

Мазмұны:

Кіріспе...................................................................................... 3

І бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру

мәселелері............................................................................... 8

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.... 8

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық

тұрғысы.................................................................................... 21

ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру...................................................... 45

2.1.Сынып сабақтарында бастауыш сынып

оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі

негізгі бағыт бағдарлылық................................................... 45

2.2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш

сынып оқушысының патриоттық сезімін

қалыптастыру жолдары......................................................... 55

Қорытынды............................................................................ 71

Пайдаланылған әдебиеттер............................................... 74

Қосымша................................................................................ 77

Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Басты назар аударатын мәселелердің бірі – патриотизм. Патриотизм патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.

Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.

«Қазақстан – 2030 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.

Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.

Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата – баба дәстүрін, ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан – қилы ырымдар мен кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.

Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі.

Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс – шараларға бөлуге болады:

  • тілді құрметтеу;

  • ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;

  • елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;

  • ата – бабалар өсиетін орындау;

  • жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.

Яғни, патриоттық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар – бір – біріне ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ.

Табиғаттану сабақтары еліміздің жер байлығы мен әсем табиғаты туралы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың елі үшін мақтаныш сезімін оятып, мұндай байлықты қорғау қажеттігін көрсетуі тиіс.

«Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәрсүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт – санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз.

Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.

Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда патриотизмнің рөлі ерекше. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбымды «Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.

Зерттеу объектісі: оқушыларды патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Зерттеу пәні: патриоттық сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық процесте қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Патриотизм туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой – пікірлерді анықтау;

2. Патриоттық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;

3. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;

4. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер патриоттық тәрбиенің кіші мектеп жасы кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының патриоттық сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан Республикасының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің патриоттық мүмкіндіктерін қосуды меңгереді.

Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно – педагогикалық, тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
















І бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық барлық өміріне апат әкеледі», - депті әл – Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз.

Отаннына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі – бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең - жырлар, мақал – мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Патриотизм мәселесі қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Патриоттық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Патриоттық сезімдер құралдарына:

  1. Ұлттық құндылықтары – жер, ел, тіл жатады.

  2. Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.

  3. Ұлттық мәдениеті – сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т.б.

  4. Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.

Халқымыздың отан сүйгіштік, патриоттық туралы, ұлттық мұрасының даму тарихына үгілетін болсақ, ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Асан Қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой пікірлерінен көреміз.

Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен (ҮІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі – ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой – толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде, жұмбақ - жаңылтпаштар мен мақал – мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл – ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезіннен бастап - ақ өлең – жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал – мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, қоғамдық жайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады.

Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал – мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Мақал – мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен төсегім», «Ел – жұрты бардың жұтамы жоқ», «Туған жердің күні де, күлі де ыстық», «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың», т.б. мән мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдаланылды. Өзінің мақалдарында туған жер, ел – отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық енді оларды қорғау әрбір ер – азаматтың басты борышы деп біледі. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдар осының айғағы. Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жену жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрлардың бірі – жұмбақтар.

Жұмбақ - өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Алдында айтылған мақал – мәтелдер тәрізді жұмбасқтар да балаларды ерлікке отаншылдыққа, патриотыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қарулы жасырын түрінде айтылады. Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы. (қылыш).

Сүмбелі теректі,

Қызыл желекті.

Ерден қалмайды,

Жауда керекті. (найза)

Негізі, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы – дәні тәрізді. Жұмбақтардың шешуін іздеймін деген баланы ойына және қиялына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға ылып, елін жаудан қорғауға деген құштарлықтар пайда болады.

Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелен буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мысалы, көпшілікке мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы туралы айтсақ артық болмас. Асан Қайғының халқы уайым - қайғыны білмейтін, жан – жануары жылына екі мәрте балалайтын жазы самал, қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады. Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер – судың қадір – қасиетіне қарай сипаттама беретін дала даңышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрсе, ол халқы үшін жасаған қызметі.

Сол үшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын, үлгі етіп ұсынған. Асан Қайғыдай ел ұлы болуға үндеген. Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы айтылған аңыз әңгімелерді де патриотизм туралы айтылған. Айталық, ұзақ мерзім бойы әз – Жәнібек ханның ақ ордасында болып, өзінің ұядай қосына анда – санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жататын баспанасы жайлы «қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп айтатын қанатты сөзінде патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы шағын қостан басталатынын, туған жерге деген сүйіспеншілік осындай түсініктен нәр алатынын қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпақығына өнегелі жол деп көрсетті.

Ертегілерге бай елдердің бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының ой – қиялының жемісі болып саналатын ертегілер балалардың патриоттық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы патриотизм шығарма қаһармандарының туған еліне, кіндік қаны талған жеріне деген құмтарлығы ауыз әдебиеті нұсқауларының басқа жанрларына қарағанда ертегілерде анық байқалады. Мәселен, «Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғалар бас кейіпкер өзінің елден ауып кеткен ағаларын іздеп тауып әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің қызы Бекторы мен Жалмауыз кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады. Халық ертегілері өткенді ғана баяндаумен шектелмейді, болашақ, келешек туралы қатты ойланады. Қазақ ертегілерінің басым бөлігінде ерлік, батырлықпен қатар үлкен адамгершілік, қайырымдылық ақыл, тапқырлық, мейірімділік пен парасат мадақталып, өскелең ұрпаққа – үлгі ретінде ұсыналады.

Отаншылдық, ел – жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға болатын халықтық рухани құндылықтың бірі – ар – намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар – намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік - психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтық елін, жерін, тілін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар – намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердің, ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін емес ерлік еңбек ету идеясынан туған. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс – тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Мысалы, «Қамбар батыр» жыры еерсектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.

Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден – ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланың батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайыннан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынағы іспеттес. Қазақтың баласы жасы жетіге келгенде атқа мінгізіп үзеңгіні ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң – солын, танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.

Жалпы кез келген адам соғыс іс - әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек.

Адам өмірінде тәлім – тәрбиенің маңызының зор екенін терең түсінген олардың ешқайсысы да осы тақырыпты айналып өте алмады. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтың тәлім – тәрбиені ұлттық құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушылардың педагогтардың, қазақ зиялыларының алаш азаматтарының өнегелі істері мен ой – пікірлері патриоттық тәрбиенің құралы бола алады.

Қазақ зиялыларының тәлім – тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық, халқы үшін адал қызмет ету екенін өз еңбектерінде терең түсіндіре алды. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын – жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын жеда етуге, жастарды елжандылық рухы тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.

Жастарды елжандылық рухта тәрбиелеу жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол өз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар – намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөз өрнектеледі. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс - әрекетке баулиды. Махамбет, Ақтанберді, Шал, т.б. ақын – жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл – аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына елжандылық пен интернационализмді, гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.

Профессор М. Ғабдуллин өзінің «Ата – аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуде ақын – жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел – жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымыздың тәрбиелеуде әсер ететіндерінтаңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой – пікірлерін оқу – тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы – жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.

Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы халықтың (өлең, мақал – мәтелдер, эпостар және т.б.) патриоттық тәрбиеге қойылған талап тілектерін, ой – пікірлерін көрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік – патриоттық тәрбиесіне деген ықпалын өзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап жазған. Шоқан өз халқының мәдени құндылықтарын маржандай тізіп жинауы, олардың тәрбиедегі мәнін көрсете білуі, оған өзінің көзқарасын білдіруі - өзінің Отанына, халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі, патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейді қалыптасуының көрсеткіші. Шоқанның Отанға деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына, патриоттық сезімінің жетілуіне, адами дүниетанымының дамуына бірнеше факторлар әсер етті. Оның рухани жетілуіне, еліне, Отанына сүйіспеншілігінің қалыптасуына туған жері Көкше өңірінің (Оқжетпес, Қосмұрын, Сырымбет) тамаша табиғаты, ержүрек батырлары, ғұлама азаматтары тікелей әсер етті десек артық болмайды. Ол бала жасынан Айғанымнан естіген ертегі, аңыз - әңгімелері батырлардың ерліктері туралы естеліктері оның ұлттық патриотизмінің қалыптасуына әсер етті, туған елінің, Отанының алдында жауапкершілігін арттырды, халық дәстүрін бағалай білуге үйретті. Шоқан шығармаларының мазмұны оның туған еліне деген сүйіспеншілігін, өз халқының рухани жағдайын жақсы түсінгенін, оның болашағына сенгенін көрсетеді. Оның өз халқының тарихын жақсы білуі, батырлар ерлігін нақты деректер арқылы әсерлі әңгімелеуі кімді де болса таңдандырмай қоймайды. Мысалы, ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз - әңгімелер еңбегінде Шоқан сол дәуірдің белгілі батыр қайраткерлері: Абылай, Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Елшібек, Малайсары, Баян жайында он төрт түрлі әңгіме беріледі. Қалмақ ханы Қалдан Церенмен арада болған жорықтар, қарым – қатынастар туралы мағлұматтар бар. Бұл тарихи деректеменің мәні өте жоғары. Өйткені, олар ХҮІІ ғасырдағы жаугершіліктің мән – мағынасын жан – жақты танып білуге көмектеседі. осы оқыиғаларға қатысқан батырлардың адами қасиеттерін, бір – біріне деген сыйластық көзқарасын, шыдамдылығын, қайсарлығын білуге жәрдемдеседі. Шоқанның «Едіге» жырын жазып алуы да, оны орыс тіліне мазмұндап аударуды да, эпостық генезисі мен тарихи оқиғаларға қатысты айтқан пікірлері де ұлттық патриотизмнің бір көрсеткіші десе болады. Шоқан өзінің үлгі - өнегесімен халқының сонау көне заманнан бері тұнып тұрған шежіре тарихын аялау, әрбір ой – тұжырым қастерлеу, мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау, оны патриоттық сезіммен адамгершіліек, эстетикалық тұрғыда қабылдау арқылы азаматтық борышым деп түсінгенін байқатады және осы сезімді жеткіншектердің санасына құюға талпынады.

Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қаар сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.

Абай «қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен жырларын, мақал – мәтелдері мен жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп өсті және ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр арасында болды. Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер дауының куәгері болды. Абай өзінің еңбегінде халықтың ауызекі шығармаларын, көркем өнердің шебері, эстетика өкілі ойшыл ақын ретінде пайдаланады. Ол өзінің қара сөздерінде (отыз тоғызыншы т.б.) және «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде 10 мақалға талдау береді. Мақалдарды халықтың өмірімен және тарихымен тығыз байланыстыра алып қарайды және қоғамдық мәні тұрғысынан бағалайды, мақал – мәтелдерді талдау барысында адамгершілік, ұлт жандылық, ынтымақтастық, ел тарихы мәселелеріне аса назар аударады, оларды зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылық тәрізді жағымсыз мінез – құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырады. Мысалы, «Он үшінші», «Отыз алтыншы» сөздерінде жастарды имандылыққа шақырады. Қазақтың «Құдайтағаланың кешпес күнәсі жоқ», «Ұят кімде болса, иман сонда деген мақалдарын келтіре отырып, олардың мазмұнын дұрыс түсіндіруге талпынады. Абай «Отыз тоғызыншы сөздегі» («Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалдары арқылы халықты гуменистік көзқарасқа шақырады, елдегі тыныштық, ынтымаққа, отансүйгіштікке, елжандылыққа, татулыққа байланысты дегенді айтады. Абай өзінің «Бірақ сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген зерттеу еңбегінде балаларды құнды тарихи деректермен таныстырады. Шыңғыс хан мен Жошының билеген кезеңдерін баян ете отырып, «Ондағы «Түгел сөздің түбі бір, түр атасы – Майқы би», «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды», «Қой жылы зеңгер тоғыс болды», «Самарқанның сар жолы, Бұланайдың тар жолы» деген мақалдарға түсініктемені Шыңғыс ханмен оның жорық – сапарымен байланыстырады. Абайдың бұл арадағы мақсаты – жастарға қазақтың арғы тегін, қайдан шыққанын түсіндіру , «Жеті атасын білмеген ұл - жетесіз» дегізбей, оларды өз руын, шыққан тегін білуге баулу. Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда Абай өдеңдерінің рөлі ерекше. Оның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ой» т.б. өлеңдеріндегі туған жер табиғатының әсем көріністері, адамдардың күнделікті тыныс – тіршілігі, іс - әрекеттер, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады, патриоттық сана – сезімнің оянуына әсер етеді.

Сонымен, ағартушылар қазақ халқының тарихы мен тіршілігіндегі ең күрделі мәселелеріне көңіл бөлген, елдің өркендегі өмірін тарихи тұрғыдан түсінуге тырысқан, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиғаларды әлеуметтік тұрғыдан қарастырған, халықты, елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге, жоғары адамгершілікке шақырған. Қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тілі білімінің атасы, мемлекет және саяси қайраткер, халқымыздың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынов «Атадан балаға мирас болып екі – ақ нәрсе қалады: біріншісі – бай тіл, екіншісі – байтақ жер», - деген еді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, ұлттық сана – сезім қажет. Бұл қасиеттер ұарпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен бітеді. Ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын ұстаз, ата – ана, тәрбиеші, қоршаған ортасы екені дау туғызбайды. Патриотизмнің шынайы үлгісі – ұстаз.

«Ерлік тәрбиден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту – тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой – пікірлерін қалыптастырып, ұлт – мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі – қоғам қайраткері, белгілі жазушы, тамаша аудармашы, ағартушы – демократ С. Көбеевтің жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды елжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз. С. Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуді табиғаттану пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени - әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді. С. Көбеевтің пікірінше, елжандылыққа баулу ұзақ уақыт бойына үзбей, қажымай – талмай мектеп пен ата – ана бірлесе, ойласа жүргізгенде ғана сәтті болады. С. Көбеев оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу жұмысы тек мектеп ішінде, тек сыныпта, тек сабақ үстінде ғана жүргізіледі деп ұғынудың қате екенін ескертеді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуына ата – ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалады. «Ата – ана өзінің баласына», - дейді ол, - ұдайы ақыл айтып, кеңес беріп, оны үйретіп отырады. Жақсы оқы, шыншыл бол, әділ бол, халыққа адал қызмет ет дейді олар. Бұл өте жақсы, бірақ жеткіліксіз. Баланың ата – ана, туған – туысқаны, ең алдымен, өздері үлгі болулары ерек. Үй ішінде үлкен адамдар бос уақыттарында газет, журнал, кітап оқитын болса немесе үйде істейтін белгілі бір жұмыспен шұғылданатын болса, бұл да балаға үлгі... Айталық баланың ата – ана, не басқа туысқандары өзара дос, бірін – бірі сыйлайды екен, дос адамдарды да сыпайы, саналы адал адамдар екен, ата – ана бұлармен тату – тәтті екен. Солар қуанса баланың әке – шешесі де қуанады. Сонда бала мұны да үлгі етеді, еліктейді. Демек, бұл күнбе – күн үздықсыз жүргізіліп отыратын ең жақсы тәрбие болып табылады. С. Көббев отансүйгіштік тәрбие негізі ана – тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Педагогикалық қызметінің алғашқы кезінде – ақ С. Көбеев қазақ балаларын ана – тілінде оқытудың тиімді де бірден – бір дұрыс жол екенін қуаттайды. Ұлт мектептерінде жастар, ең алдымен, өз ана тілінде сауатын ашуы қажет. Сабақты өзінің ақыл – ой дүниесіне, сезіміне, қиялына күшті әсер етеді. Көркем сөз зергерінің бояулы да сырлы, асқақ та әсем, кестелі де айшықты, мағыналы сөз бедерлері оқушыларға өмір құбылыстарын, табиғат көріністерін, адамдар арасындағы түрлі қарым – қатынастарды дұрыс түсініп, баланың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушыны ана – тілінде жазылған әңгіме, өлеңдер арқылы рухани өмірмен, халқының арман - мүддесімен таныстырып, ана тіліне, сол арқылы халқына, еліне, сүйіспеншілік сезімін оятса, балада елжандылық қасиет қалыптасады. Сондықтан мектептерде сабақты ана – тілінде қазақ тілінде жүргізу қажет деп есептейді. С. Көбеев саналы өмірін жас ұрпаққа саналы және тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруге жұмсады. Оқушыларды адамзат қауымын сүйетін интернационалист азамат етіп қалыптастырудың да елжандылыққа әсері зор екенін ұғынып, осы жолда да күш – жігерін, өнерін, білімін алмады. «Бала», - деп жазды ол, - өз елін, жерін, халқын сүйе отырып, барлық елдердің қарапайым халқын, правалары мен тәуелсіздігін құрметтеу рухында тәрбиеленуі тиіс.

Интерноционалдық достықтың жаршысы А. Герцен, «Көршінің мойнына құрақ салып, қылқындырып отырып, өз еліңе еркіндік дәуірін бастауға болмайды деген еді. Барлық ақыл – ойнын, күш жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген. С. Көбеев хылықтар достығы жолынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.

Б. Момышұлы Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының он бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ердүрек қолбасшы, жазушы. Батыр Қазақстанның Халық Қаһарманы Б. Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дефін әскери – патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И. Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк кейін дивизия командирі қызметін атқарып, неміс фашист басқыншылырына соққы бері, батальон ды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты. Бұл жөніндегі өлең жырлары арқылы жауынгерлерге рух беріп ерлік істерге шақырады. Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы. «Волокаламск тас жолы» атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды көркейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет туралы ұғымды жекеадаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.

«Ерлік дегеніміз - табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар – намысында және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық жасап масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп – қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігу». «Батылдық – қимыл - әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. «Табандылық – батырлардың қалқаны». «Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс».

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы.

Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы - жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай бастауыш сыныптан жан – жақты жүзеге асатын үрдіс.

Бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің - көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені алуан түрлі іс - әрекеттер арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі заттардың ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп сараптама жасайды. Сезім – бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей керіп тұратын күрделі психикалық процес.

Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық, үш бірлігі арқылы қарастырамыз:

Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым- қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген көзқарасы.

Интеллктуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл - ой процесінде пайда болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмыр, ирония және жаңалыққа ұмтылуы.

Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.

Патриоттық сезім – адамгершілік сезімінің бір қомақты саласы болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы халқының бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуде. Осыған орай норма.

Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе білуге жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу керек.

Сонымен баланы елжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл, әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады. Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры көп, көп жағдайда қайшылықты дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді әрекет, әрине психолог – педагог қауымдарының екіншісіне бөлінеді. Патриотизм сезімі мазмұны жағынан көпқұрлы, бірнеше сөздермен айту жеткіліксіз. Бұл туған жерге деген сүйіспеншілік, өз халқы үшін мақтаныш, және өзінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін сезіну мен өз елінің байлығын сақтап, молайту ниетінің болуы. Патриотизм тек күрделі ауыр жағдайларда ғана емес, күнделікті халықтың еңбегімен рухани өмірінде байқалады. Патриотизм сезімі осыншама күрделі болса, онда бастауыш сыныптың оқушыларын осы сезімде тәрбиелеу жөнінде сөз қозғауға болар ма екен? Жас ерекшелігінің өзгешеліктерін ескеріп, балаларды зор ықыласпен бақыласақ, мынадай қорытынды жасауға болады. Бастауыш сыныптың оқушыларында білім көрсеткіші едәуір көбейген деуге болады және тек қазіргі жағдайды ғана емес, болашақ туралы мәселе қызықтырады. Олардың әңгімелерінен, сұрақтарынан мейірімділік пен жауыздық, әлеуметтік әділетсіздік туралы байымдауларын есітуге болады: «Неге жер шарында халықтар бейбіт жағдайда өмір сүрмейді?

Неге басқа елдерге біздің еліміздегідей ынтымақтастық жоқ? Біздің елдің халқы бірліктен болғандықтан, біз ешкімнен қорықпаймыз. Соғыс жүріп жатқан елдердің жетім бүлдіршіндеріне кітап, ойыншықтарымызды жіберейік». Үлкен өмірдегі бүткіл орын алып отырған оқиғаларға қызығушылық танытқан өз оқушыларының осындай пікірлерінің тізімін әрбір ұстаз жалғастыра алады. Балаларда үлкендердің ортасына үлкендердің ортасына деген қызығушылықтары – сұрақтарында, адамдардың еңектегі ерлігі туралы, соғыс батырлары туралы, түрлі елдер туралы мұғалімдердің әңгімелерін құштарлықпен тыңдауында байқалады. Мұны оқушылардың ойнаған ойын түрлерінен де көреміз. Бұл ойындарда елде болып жатқан айшықты оқиғалар бейнеленеді. Мысалы олар Бауыржан Момыш – ұлы аталарындай батыр және жаужүрек жауынгерлер болып ойнайды, космонавт болып ойнағанды да тәуір көреді.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы халықтық мүдде үшін еңбек етуге, табиғат байлығын қорғауға толыққанды қатынасқылары келеді. Ұлы Отан соғысы жылдары балалар соғысқа суреттерін, өздері жасаған заттарын жіберді, жаралы жауынгерлердің алдында концерттер қойды.

А. И. Герцен: «бүкіл ақыл – ой болмысының негіздері балаң жаста қаланады», - деген. Яғни, патриоттық сезімді тәрбиелеу балалардың жас кезінен бастап, мектеп табалдырығын аттаған жылдары қарқынды, тереңдетіліп қолға алынуы тиіс.

Ел жандылық сезімінің бастапқы кездерін еске алғанымызда, алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге жүгінеміз: бұл тереземіздің түбінде өскен ағаштар, атамыздың жайқалған бау – бақшасы, ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас әңгімелері, қосыла шырқаған тамаша әндері.

Бала туылғаннан ана тілін есітеді. Анасының бесік жыры, айтқан ертегілері беймәлім өмірдің есігін ашады, дүниені құлпыртып, айналаны нұрға бөлейді, болашаққа үміт пен үлкен сенім арттырады. Ертегілер балаға ой салады, түрлі сезімдерге жетелеп бірде жылатып, бірде күлдіреді ең негізгісі халықтың бағасы жоқ байлығы достық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, өзара көмек екенін көрсетеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отыратын адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін әр халықтың өз ертегілері бар. Ертегіні тыңдай отырып бала өз халқы нені сүйсе соны сүйеді, неден жиренсе содан жиренеді. Халқымыздың асылы – жұмбақтарды балалар жеңіл де зор ынтамен қабылдайды. Онда әзіл де, наз да, адамға деген, Отанға деген терең сүйіспеншілік те бар. Ертегілер, мақал – мәтелдер елге деген, жерге деген, тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің кәусар бұлағы.

Балалық шақтағы әсерлер кейде үлкен оқиғаларға байланысты өрбейді. Мысалы үлкен ағасын әскерге шығарып салу кешін оқушының қалай қабылдағанына зер салсақ, көптеген сезімдердің тоғысуын байқаймыз. Бала мұндай кештің алғаш куәгері болғандықтан және де арқа сүйер бауыр басқан ағасын бірнеше жыл көре алмайтындығынан оның басында сансыз сұрақтар туындайды, оларға жауап іздеп мазасызданады. Да ағасын сұрақтың астына алады.

  • Аға, сіз қайда кетіп барасыз?

  • Әскерге.

  • Әскер, не үшін қажет?

  • Ұланғайыр еліміздің, халқымыздың, көрші қолаңның, бауырларымыздың, ата – аналарымыздың, достарымыздың тыныштығын қорғау үшін қажет.

Ағасын әскерге шығарып салу кешіндегі әкесінің, анасының айтқан тілектерінің, берген ақ баталарының, кереметтілігін айтсаңызшы!

Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұланғайыр дала төсінде дархан пейілмен көшіп – қонып жүріп ұрпақ өсірген қазақ халқының осы ұлан – ғайыр даланың ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бүгінгі көнімізде жеткерген батыр бабамның ұрпағысың, құрметті балам!

Сен бүгін әскерге шығарып салып тұрғанда айтар сөзім: аман барып, сау қайт! «Малым – жанымның садағасы, жан – жаным – арымның сабағасы деп ұл – қыз өсірген елдің ұрпағысың. Қашанда жүздерің жарық, мәртебелерің биік болсын! Жаратушы ием ақ жол, сәттілік берсін. Біздің халық батыр жүректі, ақын жанды болатыны әбден дәлелденген. Яғни, сендер жүйріктігі ғасырлар бойы өшпейтін аңызға айналған арғымақ жаратып мінген арыстан келбетті, жолбарыс жүректі батырлардың, елдің мұңын жоқтап, күннің нүрын, жердің гүлін өмір бойы тамсанып жырға қосқан ақындардың ұрпағысың. Олай болса Отан алдындағы борыштарынды сол «тектілердің ұрпағы» деген атқа лайықты абыроймен атқарып қайтуыңа тілектеспін. Бала бұл тілектердің баталардың сөздерінің мәнін түсінуге ақылының әлі де болса толық жетіспейтінін сезсе де, көрші – қолаңдарды, дос – туыстарды шақырып ұйымдастырылған кеш, қимастық, сыйластық сезім, әке – шешенің тілегі, қариялардың ақ батасы, жастардың ел алдындағы борышын ақтауға берген жалынды уәдесі, осындай сұлу сезімдерінің сана – сезімінде өшпестей орын алады.

Мағжан Жұмабаев: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүйіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан құтылуына көп көмек көрсетеді» деген тамаша сөздері осының айғағындай.

Баланың өз Отанымен танысуы табиғатпен тығыз байланыста болады. Ауладағы гүлдер, бақшадағы жеміс ағаштары, шомылатын көл, күнге қыздырынатын жағажай, барлығы баланың сезімінде мәңгі қалыптасып, сүйіспеншілік сезімін оятады.

Бірақ үлкендердің көмегінсіз елжандылық сезімін қалыпастыру өте қиын, себебі оқушы жас ерекшеліктеріне байланысты көп мәліметтерді шатастырып алуы мүмкін. Кішкентай, әлсіз жер бетіне зорға көтерілген көшеттің тамырын қатайту үшін бағбан қаншама жылдар бойы тер төксе ұстаз да тап солай оқушыларының сезіміне шексіз. Отанын сүюді елді сүюді, жерді сүюді, ана тілін сүюді, елді басқарып отырған Елбасын құрметтеп, сүюді, осындай байлыққа кенелтіп отырған еңбекшіл халымызды сүюді, Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілік жағдайында өмір сүруін көздеген Елбасымыздың ұстанып отырған салсатын қолдауды қалыптастыруы қажет.

Осындай ұлы сезімдерді тәрбиелеу баланың алғаш көзін ашып, сыртқы ортамен танысып, білуге құштарлығы оянғаннан бастау алуы керек. Халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі жарқын болашақ үшін екенін күнделікті көріп жүрген ауылы, қаласы, орман – тоғайлы, өзендері оның өз Отаны екенін, елінің Отанының азаматы болуы үлкен мақтаныш екенін оқушылардың үлкендердің көмегінсіз түйсінуі қиындау. Мақсатты бағытталған педагогикалық тәрбие оқушының сезімін тәрбиелеп, сенімін қалыптастырып жетілдіреді.

Ұстаз оқушы мен оны қоршаған әлем аралығындағы дәнекер, ол бала сезімін сыртқы ортаны сезінуге бағыттайды және реттейді.

Оқушысының өмір тәжірибесінің аздығынан және үлкендерге сенім артып, еліктеу қабілет күшінің жоғарылығынан бүкіл оқиғалардың бағасын өз бойына үлкендерден тасымалдап алады; сенбіліктер, мерекелік шерулер, мейрамдар т.б. туарлы үйде ата – аналары не айтылса, бала бойында өмірге деген қарым – қатынас туындап, ол біртіндеп баланың сезімін тәрбиелейді.

Бастауыш сынып оқушыларында патриоттық сезімді қалыптастыруда ең маңыздысы: баланың қоғам өмірінің құбылыстарына қызығушылығын қолдап, қуаттап, оларды не қызықтыратыны туралы әңгімелесу. Мақтаныш пен сүйсіну сезімдерін тудыратын халқымыздың жеткен жетістіктерін паш ететін оқиғаларды ұстаз оқушыларымен әңгімелесіп, талқылауы керек.

«Оқушылар, сендер космоновтардың космосқа ұшқандарынан хабардарсыңдар ма? Қазақстандық космоновтарды танисыңдар ма? Міне, олардың суреттері газет – журналдарға шығыпты. Көріңдер, естеріңе сақтаңдар. Олар еліміздің мақтаныштары! Космоновтардың қандай тапсырмаларды орындайтындарын, олардың ержүрек батырлығын ұстаз қысқаша әңгімелеп беруі керек. Космоновтар ұшқан кезде оқушылардың теледидар көріп, радио тыңдап, ұшу процес қалай өтіп жатқанын, космоновтардың денсаулығынан мәліметтер алып тұруларына кеңес берілу керек. Балаларда патриоттық сезімді қалыптастыру мынадай бірізділікпен жүзеге асады: алдымен ата – анасын, жанұясын, бауырларын, сыныптастарын, көршілерін және бүкіл адамзатты сүюге, сосын отбасын, балалар бақшасын, мектебін, ауылын, қаласын, бүкіл елді сүюге тәрбиелеу.

Бірақ та, ата – анаға сүйіспеншілікті тәрбиелеу кезінде Отанға деген сүйіспеншілікті де қоса тәрбиелеп жатырмыз деу, қате пікір. Өкінішке орай, отбасына, жанұясына адалдық Отанның тағдырына деген салғырлықпен кейде сатқындықпен астасып жататын оқиғалар белгілі.

Біз балаларды басынан бастап – ақ ата – аналарын сүюді, оларға қолғабыс етуді үйретеміз. Қымбат адамына берілген ізгі сезімі мен онымен рухани және көңіл – күйінің жақындастығының қажеттілігі, осының бәрі баланың қорғанышты екеніне, тұлға ретінде қалыптасуына маңызды. Осы сезімдердің, Отанға деген сүйіспеншіліктің бастамасы болуы үшін, балалар неғұрлым ерте өз ата – аналарының азаматтық келбетін көріп, олардың ортақ мүддеге үлес қосушы еңбеккерлер екендерін сезінулері керек. Анасы сыйақы алды. Әкесі оны құттықтап, баласына анасының бұл сыйақыға қажырлы еңбегінің арқасында, басқа да жұмысшылармен бірігіп барлық қыздардың, тәрбиешілердің, ұстаздардың, аналардың көйлектеріне жетердей тоқыған маталары үшін жеткенін түсіндіреді. Анасы қандай ғажап! Баланың анасына деген мақтаныш сезімі туды, енді ол тек сүйкімді анасын ғана емес, өзін соншама ынтық еткен, қызықтырған үлкен өмірдегі азаматты көреді. Көптеген оқушылардың аталары мен әжелері бар. Балалар оларды сүйіп, бауыр басқан. Бірақ немересі атасының ордендері мен медальдарының бар екенін біледі ме? Оларды не үшін алған? Әрбір орден мен медаль әр адамның ерлігі туралы әңгіме.

Бір мектепте 8 – март – Халықаралық әйелдер күні – мерекесінің қарсаңында оқушыларға әжелерінің Ұлы Отан соғысы жылдары не жұмыс атқарғандарын сұрап келуге тапсырма беріледі. Сондағы оқушылардың әжелері туралы әңгімелеріндегі шексіз таңғалыс – қуаныштарын көрседегі шексіз таңғалыс – қуаныштарын көрсеңіз: «Менің әжем соғыс кезінде, ақ – дәрішығаратын қорғасын заводында жұмыс жасады», «Ал, менің әжем соғыста жауынгерлердің қол – аяқтары, таңбасын деп жүннен киімдер тоқып, майданға жіберген. Енді олар ата - әжелеріне басқаша көзқараспен қарап, олардың қалай соғысып, қалай еңбек еткендері жайлы жиі сұрайтын болды.

Балалардың қызығушылығын кеңейтіп оларды өздеріне тән тар әлемінен шығарып, кіші (аз) арқылы үлкенді көрсетіп, бір адаммен бүкіл адамзаттың өмірінің байланыста екенін көрсетудің патриоттық сезімді тәрбиелеуде маңызды өте зор. Осы мақсаттағы ұйымдастырылған жұмыс ата – анаға деген, еліне деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.

Өз қаласы, не ауылына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде – кішіден үлкенге өту – принципін сақтап қолдану қажет. Оқушылар қаласының, ауылының орманының, көлкөлінің, даласының – Отанның бір бөлшегі екенін түсінулері керек . Оқушылардың, қалада қандай заводтар, фабрикалар бар екенін, қаланың немесе еліміздің атағын ерең еңбектерімен шығарған құрметті қандай азаматтар бар екенін білгендері жөн. Оқушыларды туған қаласымен, ауылымен таныстыру кезінде олардың назарын қаланың қонақжай жерлеріне, ескерткіштерге, музейге аудару керек, осы кезде бұл музейлерде болуға, тарихи ескерткіштерді көруге, құрбан болған ерлерге тағзым етуге адамдардың басқа қалалар мен ауылдардан келетіндерін айта кету керек. Туған қаласының, ауылының бәріне қызықты және қымбатты екенін сезіну, өз өлкесі үшін мақтаныш сезімін тудырады.

Патриоттық сезімді тәрбиелеуде балаларды халқымыздың әдет-ғұрпына араластырудың үлкен мәні бар. Қазіргі заман талабына сай әдет-ғұрыптар да аз емес. Олар мемлекетіміздің құрылысының маңызын, халқымыздың психологиясын көрсетеді. Мысалы, еңбек ерлерін құрметтеу, әр кәсіптің иелерінің мерекесін тойлау, құрбан болған ерлерді еске алу, әскерге шақырылғандарды шығарып салу, еңбек және соғыс ардаргерлерімен кездесулер.

Осы дәстүрлерге балаларды қатыстырумен біз оларды ел өміріне, бүкіл халықтың өміріне бейімдейміз. Дәстүрге бейімдеу біртіндеп жүргізіледі. Алғашында бала жеке деректерді қабылдайды да, соңынан үлкендердің көмегімен талдап қорытады.

Әр жыл сайын көктем мен күзде әскерге шақырылғандарды шығарып салу рәсімі болады. Әнмен, жақсы тілектермен шығарып салу дәстүрге айналды. Үлкендер балаларға жастарды қайда және не үшін шығарып салу керектігін, қандай қызмет атқаратындарын, Отан қорғаушысы болуға қалай дайындалуға болатындарын айтулары керек. Біздің елімізде әскерилерге ілтипат ерекше: әскери киімдегі құрметке ие, батырлық пен абыройға бөленген. Сондықтан да балалардың ең алғашқы және көп ойнайтындары - әскери ойындар. Балалар солар сияқты батыр, батыл және епті болғылары келеді. Әскерге шығарып салуды бақылау балалардың елміздегі адамдардың өмірі туралы білімдерін жетілдіріп, ойындарын қызықты мазмұнмен толықтырады.

Халқымыздың дәстүрінде құрбан болған ерлерді еске алу ешқашан өзгермейді. Біздің жерімізде көптеген ескерткіштер мен обелискілеу бар. Адамдар Пискарев моласында кімдердің жатқандарын, Хатыньда кімдердің өртелгендерін Краснодон мен Красный Лучта тірідей кімдердің тасталғандарын мыңдаған бауырластар қабірінде кімдердің көмілгендерін біздің халық ұмыта алмайды. Біздің тарихымыздағы о сындай ақтандақтарды балаларымыздың білулері шарт. Бастауыш сынып оқушылары тек өз басының ғана емес басқаның да өкінішін, қасіретін сезінеді. Анасының көз алдында баласын фашистердің дарға асқаны туралы, соңғы гранатасымен жауынгердің фашист танкісінің астына түскені туралы әңгімелерді естіп бала жылап та алсын. Балаларды күшті эмоциялардан қорғаштауға болмайды (сонда да асыра сілтеуге де жол берілмесін). Мұндай көңіл - күй нерв жүйесін босатпайды, керісінше патриоттық сезімнің бастамасы болады.

Сынып жетекшісі ата - аналарға Жеңіс күнінде, әскери мейрамдарда немесе жанұялық мерекелерде (үлкен ағасын әскер қатарына шығарып салу, туылған күн, мектепке бару, мектеп бітіру). Мәңгілік алауға, біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиған ерлердің ескерткіштеріне тағзым етуге баласымен баруларына ұсыныс айта алады.

Патриотизмнің бір қыры - еңбеккерлерді құрметтеу. Барлық нәрсе еңбекпен, қолдың күшімен келетіні, еңбектің қуаныш, бақыт және елге байлық әкелетіні туралы пікір баланың санасында ертерек туылуы керек. Оған көрсетілген еңбектегі ерлік адамгершілікке тәрбиелеуде, соғыс кезіндегі ерліктен кем түспейді. Ұстаз, ата – аналардың қандай кәсіппен, қай мақсатта шұғылданатындарын балаларына түсіндірулерін сұранады.

Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыруда бұл еңбектің әлеуметтік мәнін, жеке бастың мүддесі үшін ғана емес, бүкіл елге маңыздылығын көрсету керек. Астық жиюшылардың еңбегі, мұның нағыз мысалы бола алады. Бала ата - анасымен наубайханаға көп келеді. Нанның түр – түрі; ақ нан, қара нан, тоқаштар... Бұларды кім және қалай даярлаған? Кім пісірген ? Дүкенге кім әкелген? Міне осыдан ұстаз әңгімесін бастай алады. Дастарханымызға нанның қандай бағамен келетінін, ауа - райының келеңсіз уақыттарында астықты жинаудың қиындықтарын, бұл еңбекке біршама кәсіпкерлердің жұмылдырылғандарын жеңіл және түсінікті түрде ұстаз балаларға әңгімелеп беруі қажет: қаланың жұмыскерлері комбаинды жасайды, оған жанармайды мұнайшылар шығарады, наубайшылар нанды пісіреді, жүргізушілер оны дүкенге тасымалдайды, сатушылар оны сатады. Бастауыш сыныптың оқушылары осы «тізбекті», нанның дастарханға қалай келетінін білулері керек. Осы біліммен еңбеккер халыққа деген құрмет туындайды.

Салыстыру арқылы , бастауыш сынып оқушыларына көптеген елдерде еңбеккерлердің жұмысы ескерілмей, еңбегі еленбей өте ауыр халде өмір сүріп жатқандарын тілге тиек ету керек. Мұндай әңгімелерде ұқыпты, әдепті және сезімтал болу керек. Деректерге кішкене безендірулердің берілуі, бала қай елде тұрса да өз еліне еңбеккер халқына деген мақтанышы туады.

Сонымен, айналамыздағы ақиқатты (болмысты) үлкендердің мақсатты бағдарланған басшылығымен балалардың қабылдауы, олардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу әдісі бола алады. Отанға деген сүйіспеншілік ті аадамгершілікті тәрбиелеудің тағы да бір пәрменді әдісі - көркем әдебиет пен көркемөнер.

Бізде балаларға арналған әртүрлі жанрдағы көркем шығармалар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер жазылған.

Патриоттық сезімге тәрбиелеуде, адамгершілікке тәрбиелеу кезіндегідей оқылған кітаптардың саны емес, оларды дұрыс таңдау мен соңынан талқылау.

Бастауыш сынып оқушыларында Отанға деген сүйіспеншілік сезімінің нық және жете түсінушілікпен орнығуына қандай білім қажет, елі туралы қандай мағлұмат білуі тиіс.

Патриоттық сезімді тәрбиелеуде тарихи білім өте маңызды. Оқушыларға Совет өкіметін орнатуда, революция кезінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында адамдардың өшпес ерлігі туралы әңгімелерді оқып, түсіндіру қажет. Өз ісіне деген, Отанға деген шексіз берілгендіктің шынайы мысалдары оқушылар үшін патриотизм мектебі болып саналады.

Отанымыздың кәзіргі тыныс – тіршілігін де оқушылар білуі керек. Бұл – бейбітшілік үшін күреске оқушылардың атсалысуы мен еліміздің гүлденуіне бағытталған ерен еңбек.

Оқушыларға еліміздің болашағы туралы да, әңгімелеу керек; қандай үйлер тұрғызылады, қандай машиналар жыйналады. Мұндай білімдер оларды армандауға үйретеді, өз елінің белсенді азаматы (қиялында болса да) екенін сезіндіреді.

Осындай алғы шарттарға сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларына еліміз туралы мағлұмат берерде жоспар құрып алуымыз керек. Қазақстанның көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекені екенін, олармен әрдайым бейбіт қатар өмір сүру керектігін білулері шарт.

Ұстаз оқушыларға жеріміздің алуан түрлілігін айтады: жасыл арман, көгілдір өзен мен көлдер, сары шөлейттер мен қоңыр бетпақ дала. Еліміз өте бай: көмір мен алтын, мұнай мен мақта, бидай мен темір де бар. Қаншама заводтар мен фабрикалар, жұмыс өндірістері бар. Космосқа ұшатын «Байқоңыр» космодромы да біздің жерімізде орналасқан. Балаларға арналған ойыншықтар да бізде жасалынып, кітаптар да өзімізде басылады.

Бүкіл адамзат – үлкендер мен балалар да – жақсы өмір сүрулері үшін, еліміз ештеңеге мұқтаж болмауы үшін өте көп және жақсы еңбек ету керек. Еліміздің барлық еңбеккерлері жұмысшылар қызметкерлер, ғалымдар, ауыл тұрғындары жеріміздің гүлденіп, күннен – күнге баий түсуі үшін қажырлы еңбек етуде. Балалар ержеткенде олар да үлкендерге ұқсап жақсы еңбек етеді.

Біздің елеміз көпұлтты. Бір жанұяның баласындай қазақтар мен орыстар, украиндықтар, грузиндер, қырғыздар, армяндар, ұйғырлар бірігіп өмір сүріп жатыр. Олар бірге жұмыс істеп еліміздің байлығын бірге сақтап, Отанымызды жаудан бірге қорғайды. Еліміз әрдайым осындай бейбіт заманда өмір сүрген жоқ, ел басынан небір жылдар құлмат өтті, бірақ еңбекші халық бәріне төтеп берді.

Бұл білімдерді оқушылар біртіндеп сабақ уақытында ойындарда, еңбекке баулу кезінде алады. Оқушыларға еліміз туралы қажетті білім алу мен патриоттық сезмді қатар тәрбиелеу үшін педагогикалық процесті қалай ұйымдастырса болады?

Осындай педагогикалық процесті құрудың маңызды әдістерінің бірі танымдық мәліметті тақырыппен жоспарлау. Әр тақырыпқа белгілі бір уақыт бөлініп, көбіне елеулі күнге сәйкестендіріледі. Тақырыптар жыл бойында қайталанады, жалғасады, араларында қисынды байланыс орнатылады. Тақырыптың жоспарлау білімді терең меңгерумен қатар, біртиптік жаныашудың қайталануына жағдай тууына байланысты сезімді де тәрбиелейді. Мұндай қайталанулар баланың жаныашуын тереңдете, нығыздай түседі. Сонымен қатар көңіл – күйінің бейімделуінен яғни қабылдаудың үйреншіктілігінен сақтану керек, ол қызығушылықтың бәсеңдеуін, сезімнің өшуіне әкеліп соқтырады. Сол үшін, жұмысқа кірісер алдында ұстаз деректер мен оқиғаларды сұрыптап, қандай мысалдарға балалардың назарын аударып, қайсысына жәй ілікпе сөз, ескертпе айтып кетумен шектелу керектігін ойланады. «Кішкентай балаларды тәрбиелейтін жас педагогқа кеңес бергім келеді,- деп жазады В. А. Сухомлинский, - туған жеріміздің құдыреттілігі, ұлылығы туралы алғашқы, сөзіңізді айтарда баланы бұл сәтке терең оймен, тиянақты даярлаңыз. Бұл сөз шабытты, рухты, игілікті сезімде болуы керек...»

Түрлі тақырыптарды оқушылар әр түрлі қабылдайды, бірақ мәліметтерді тану кезіндегі туындайтын көңілк – күймен сезімдер бір үлкен сезімге тоғысады – Отанға деген сүйіспеншілікке. Яғни, мазмұны жағынан, көңіл – күй жағынан бағыты әртүрлі тақырыптар: «Біздің еліміздің табиғаты, «Еліміздің туылған күні» «Әскери адам - қорғаныш», және т.б.

«Отан» деген бір түсінікке шоғырланып, патриоттық сезімнің тууына ықпал етеді. Сонымен туған жер туралы білімді жетілдіруде, оқушының сезімін тәрбиелеуде әр тақырыптың көңіл – күйінің бағдарламасын дұрыс анықтау алғашқы шарт болып табылады, және сабақ, сабақтан тыс жұмыстарды ұстаздардың қолданатын нақты, әдістемелері, педагогикалық тәсілдері осыған байланысты. Мысалы, «Отанымыздың туылған күні» тақырыбын меңгергенде, оқушылардың сезіміне Отанымызды қорғаушыларға деген мақтаныш сезімін оятуымыз қажет. Осы мақсатпен ұстаз оларға, Отты жылдардағы Қазақстан тақырыбындағы әңгіме оқып береді, иллюстрациялар дайынлдап, неміс фашис басқыншыларымен, отанды қорғауға аттанған бүкіл қазақстандықтарға өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың эмоциясына күштірек әсер ету үшін ұстаз соғыстың көріністері бейнеленген суреттер көзретіп: «Қараңдаршы, жауынгерлерді шаршаған, қажыған, жолдастарынан айрылған. Оның дем алып, тамақтанып күш жыйнағысы келеді. Бірақ, оған уақыты жоқ. Жау таяп қалды. Шегінуге жер жоқ». Фашистер Кеңес Мемлекетінің астанасы Мәскеуді басып алуға бар күшін салды. Мәскеуді қорғауға Қазақстаннан барған 316 – атқыштар дивизиясы қатысты. Мәскеу үшін айқаста Б. Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы кескілескен ұрыс жүргізе отырып дұшпанды шығынға ұшыратты және едәуір қашыққа қуып тастауы.

Осы әңгімені талқылау барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаушы жауынгерлердің жанқиярлық ерлігімен танысып мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдері туындап, Отан дастарына таңырқап, таңданады. Оқушыларды қиялдағы жағдайға қатыстыру әдісімен: («Өздеріңді Каспий теңізінде саяхаттап жүрміз деп ойлаңдар. Біз онда не көреміз? », «Біздің қаламызда ешуақытта болмаған үйімізге қонақ келді. Біз оған не көрсетеміз, қайда апарамыз?») сабақтың эмоциялық әсерін тереңдетуге болады.

«Астана – республикамыздың астанасы» деген сабақты былай жүргізуге болады:

Тақырыптық жоспар. Астана - бас қала екенін оқушының санасында бекіту; Астана туралы білімдерін таразылау; Астана туралы көбірек мәлімет жинақтауға ықыласын арттыру; сонынан суреттер салу, Астананы құрылыс материалдарымен құрастыру.

Дайындық жұмысы. Ұстаздың тапсырмасы оқушылар үйлерінен Астана туралы открыткалар, суреттер әкеліп бірге қарап кітап бұрышында кішірек көрме ұйымдастырады. Астана қаласында тұратын оқушылар ата – аналарымен, ұстаздарымен бірге қаланы тамашалап, көркем жерлерінде суретке түссе болады.

Сабақтың материалдары. Астана туралы қала келбеті, «Бәйтерек», Мәңгілік алау, Есіл өзенінің жағалауы, Океанариум «Думан» туралы слайдтар немесе картиналар вазамен гүл, еліміздің жалауы, елтаңбасы. Әр слайт немесе картиналар жеке – жеке қызыл жұлдызшалы конверттерге салынған.

Сабақтың барысы. Диафильмдер көрсетілетін бөлмеде оқушылар экранға жарты шеңбер бойымен отырғызылады. Бұрыштағы үстелде ваза мен гүл, еліміздің рәміздері қойылған. Үстел үстенде тағы да жұлдызшалы конверттермен мен слайд, салынған конверт жатыр. Ұстаз сабақты бастайды.

  • Оқушылар, сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қай тақырыпта

сабақ өтеміз? Менің үстеліме қараңдаршы, мүмкін ол сендерге көмектесер... Біз бүгін біздің Отанымыз туралы, басқаламыз - Астана туралы айтамыз. Астана қандай қала? (бірнеше оқушылар жауап береді)

  • Астана өте үлкен және әсем қала, - деп жалғастырады ұстаз

әңгімесін. Келіңдер, бәріміз бірге қызықты саяхатқа шығайық. Әрқайсысын Астаналық та, қала қонағы да боласыңдар. Міне үстел үстінде конверттер, олардың ішінде жұмбақ – слайдтар. Бір жұмбақ – слайдты алып диапроеторға қоямыз да Астананың бір керемет жерінен табыламыз. Біз бәріміз қонақпыз, ал «жұмбақты» алған оқушы – астаналық, яғни ол бізге сол көрініс туралы тұжырымды және қызықты етіп әңгімелеп береді. Қонақтар сұрақтар қойып, әңгімеге толықтырулар еңгізіп отырады. Кім Астана туралы керемет мағлұматтар беріп қызықты әңгімелеп берсе соның кеудесіне қызыл жұлдызшаны тағамыз. Қане, қайсың біздің алғашқы экскурсовадымыз, боласыңдар?

Егер ықылас білдіргендер болмаса, ұстаз оқушыларды кезеңмен шақырады. Ұстаз оқушылардың әңгіме құрауына көмектесіп, демеп отырады. Әңгіме құрауға оқушылар тегіс жұмылдырылады. Сабақтың соңында «Астана» өленің оқылып, «Менің Қазақстаным» гимні шырқалады.

«Біздің еліміздегі халықтар» тақырыбындағы сабақта оқушылардың сезімдеріне кеңірек әсер ету үшін, жағдайлар ойын түрінде беріледі, яғни дидактикалық ойындар қолданылады, ұлттық киімдегі қуыршақтардың шеруі ұйымдастырылады және т.б. Оқушыларға қолөнер шеберлері теріден, жүннен, балшықтан жасаған қолданбалы бұйымдары ұнайды. Елемізді мекендеген әртүрлі ұлттар туралы, әңгімесінде ұстаз орыстың ұлттық ойыншықтарын, украинның тоқымасын, грузиннің темір құймасын, қазақтың киіз үйін көрсетеді. Халық шеберлерінің қолдарынан шыққан бұйымдар ұлттар достығы бұрышынан орын алады, кейіннен оларды «Кәде – сый дүкені дидактикалық ойынында қолдануға болады. Бұл ойынның іс - әрекетін де дүкеннен ойыншық сатылып алынады, ал ойынның тәртібі бойынша оқушы бұл заттың қай ұлтқа тиесілі екенін, қандай материалдан жасалғанын, қандай ерекшеліктері бар екенін дәл анықтауға тиіс, сонда ғана оқушы оны сатып алуына болады. Осындай дидактикалық ойындар халық шеберлері туралы әңгімелерден соң әр ұлттың қолданбалы өнері туралы білімді тиянақтауға көмектеседі. оқушыларды ұлттық киімдермен де таныстырып, олардың кейбіреуінің суретін салуды ұсынады. Ұстаз білімді бекіту үшін келесі ойынды жүргізеді: оқушыларға ұлттық киімдер көрсетіліп, оның қай халықтың киімі, қандай бөліктерден құралғанын киімде қандай түс басым, екенін баскиімнің қандай ерешеліктері барын анықтау тапсырылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы қуыршаққа ұлттық киімді кигізіп, сыныптастарының ортасында ұлттыз биді билеу құқығына ие болады.

Осындай тақырыптағы сабақтарда көрнекті құралдар, оқушылардың тәжірибесі қолданылып, ұстазға сұрақ беруге оқушыларды ұйымдастыру қажет. Осының бәрі сабақтың есте қалуына ықпал етеді.

Ән сабағында оқушылар әр ұлттың музыкасын тыңдап, билерін үйреніп, ұлттық ойындарын ойнайды. Ән сабағының ұстазы, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып өз жұмысын жоспарлағанда басқа сабақтарда оқушылардың қандай тақырыптарды меңгеріп жатқандарынан хабардар болуы керек.

Негізгі эмоционалдық жүкті ұстаздың сөзі, көркемдік әдістер – музыка, картиналар, көркем әдебиеттер алады. «Жан дүниесі бай адам өз халқының тарихын, мәдениетін біледі. Сонымен қатар бауырлас халықтың мәдениетімен, тарихымен таныс болып, сыйлай білсе, ол екі есе байи түспек» деген Абай сөзіне құлақ салсақ оқушылардың жан дүниесін байыту, яғни азаматтың сезімін тәрбиелеудің, патриоттық сезімін қалыптастырудың маңызы өте зор.

Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз терең сезімге айналуы үшін, ол туралы көп білуге ықыластық артуы ғана емес, Отан үшін еңбек етудің қажеттілігі; оның байлығына ұқыпты қарау. Болашақ азаматты тәрбиелеуде өз еркімен еңбек етудің ролі маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының істері жеңіл және күрделі емес, сонда да олар оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың ұжым үшін, сыныбы үшін өз еркімен жасаған жұмыстарын мадақтап отыру керек. Балалар әрдайым не, қалай жасау керектігін өздері сезіне бермейді. Міне осы кезде үлкендердің көмегі, тілегі, тәжірибесі керек.

Көктемде оқушы тұратын ауланы көгалдандыру, көшені тазалау сенбіліктері ұйымдастырылады. «Күрегіңді алып, менімен бірге жүр, - дейді әкесі баласына. Ертесіне сыныпқа келе сала оқушы сыныптастырына мақтанышпен: Кеше біз әкем екеуіміз ауланы жинастырып, көшеге ағаштар ектік, - дейді».

Жалпыхалықтық істерге оқушыларды араластыру баланың өз Отанының иесі ретінде тәрбиелейді. Отанын сүйетін, қамқоршы ие. Жалпықоғамдық түрткідегі еңбегі сыныпта да, үйде де бір оқиғадан екінші оқиға дейін емесе, жүйелі түрде ұйымдастырылғаны абзал. 7 – 8 жастағы балада өзіне - өзі қызмет көрсетуде ғана емес, ұжым үшін, басқалардың пайдасы үшін де тұрақты тапсырмалары болуы тиіс. Бұл еңбек айналадағылар үшін ойластырылған болмай, шынайылықты көрсеткені ғана маңызды. Өкінішке орай мектепте де, үйде де тапсырылған жұмыстардың сипаты қажетсіз міндетсіз болып келеді. Үлкендер балалардың жұмыстарын орындауға даяр тұрады, бұл олардың еңбегінің нәтижесімен сапасына жауапкершілігінің төмендеуіне, алға қойған мақсатына жетуге талпынбауына әкеліп соғады.

Осы айтылғандардың барлығы патриоттық сезімді тәрбиелеуге жатады. Егер адам жауапсыз, егер ол шығарылған өнімнің сапасына құлықсыз болса, онда оны өз отанын сүйеді деп айта аламыз ба? Бастауыш сынып оқушыларында жұмысқа деген жауапты, салиқалы қарым – қатынас олардың жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде тәрбиеленеді.

Егер оқушыларға мектеп ауласындағы гүлдерді күту тапсырылса, немесе тәртіпті бақылау жүктелсе, онда олардан тапсырманың таза орындалуын көріп өздері жою керек, өсімдіктерді суарып жерді қопсыту керек, яғни үлкендердің көмегінсіз не қажет барлығын өздері атқарулары керек. Әрине ұстаз көмектеседі, жөн сілтейді, сонымен қатар балалардың белсенділігін, бастамасын қолдап отырады. Еңбекпен тәрбиелеудің ұтымды әдісі мақтау мен көтермелеу. Оқтын – оқтын оқушылармен тапсырмалардың орындалу барысын талқылап, ортақ іске жауапкершілігі және белсенділігі төуенқушыларды қалай қызықтыру жолдарын іздеп оытру керек.

Қоғамдық мүлікке, туған жердің табиғатына ұқыпты қарауды әңгіме арқылы, көркем әдебиеттерді оқу арқылы, бәрінен бұрын оқушыларды тәжірибелік жұмысқа тарту арқылы тәрбиелеуге болады. Әрине балаға мысалы нанды қалай өсіретінін көрсетіп және әңгімелеп беру қажет. Бұл еңбектің күрделілігін, нанды қадірлеуді ол нанды өзі өсіре ғана толығымен түсінеді. Лқушылар өз бақшаларының бір бөлігіне бидай сеуіп, оны баптап, өсіріп, жемісін жинап алуына болады. Сонда нанды қадірлеу туралы әңгіме тез түсінікті болады. Мектеп асханаларында қатал ереже сақталынуы тиіс: нанды тастауға болмайды. Бірақта әрдайым тамақтанғаннан кейін нана артығымен қалып қояды да оқушылардың көз алдында тасталынады. Бұған жол беруге болмайды.

Бірде мұғалім түскі астан кейін қалған нандарды ыдысқа жиып алды да оқушыларға көрсетті: «Қараңдар, бүгін қанша нанды тастауымыз керек, себебі сендер оны ұқыпсыз қолданып, тістеп – тістеп тастай салдыңдар. Енді мұны кім жейді? Мұқият тыңдаңдар, мен сендерге болған оқиғаны әңгімелеп берейін.

Бұл Ленинградта болған. Фашистер қаланы басып алғылары келді. Бірақ ленинградтықтар жанқиярлық пен қалаларын қорғады. Сонда фашистер қалаға кіретін бүкіл жолдарды бекітіп тастады, басқа қалалардан азық – түлік жеткізілетін бүкіл жолдар жабылды. Олар ленинградтықтарды аштықпен жеңгілері келді. Өте қиын болды. жеуге ештеңе қалмады. Қаланың әр тұрғынына күніне 125 грамм қара нан берілді. Бұл өте аз, мынандай ғана бөлі. Осы қымбат бөлікті аяу үшін өте ерте оянып кезекте тұру қажет еді. Үлкендер ерте жұмысқа кететін де, нанға балалар баратын. Олар осы бөліктерді үйлеріне әкеліп, аналарын тағатсыз күтетін, сосын бәрі бірігіп, нанның бірде бір қиыршығын түсірмей, берілген бөлікті жейтін. Бұл – нан! Бұл - өмір!

Соғыс әлдеқашан бітті. Советтік әскерлер жеңіске жетті. Ленинградтықтар да барлық адамзат сияқты молшылыққа кенелді. Бірақ, бірде бір ленинградтықтың есінен, соғыстың 125 грамм нанның қандай қымбатшылықпен келгенін естерінде қалды.

Осы әңгіме туралы ойланыңыдар. Қалай түсінгендеріңді ертең тамақтанға байқармыз. Қазір сендер тістеп тастаған нандарды кесіп құстарға жем дайындайсыңдар, ол таза бөліктерді кептіріп, соңынан оларды өзіміз жеп қоямыз.

Табиғатты қорғау жұмыстарын оқушылар белсеніп қатыса алады. Оларға көп нәрсе қолайлы: жануарларды күту (әсіресе ауылдық жерлерде), құстарға жем беру, ағаштар, талдар отырғызу, «Жасыл ел ұйымына қолғабыс ету. табиғатқа ұыпты қарым – қатынас туған елге сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Бастауыш сынып оқушыларын патриоттық сезімде тәрбиелеуде – ойын маңызды рөл атқарады. Балалардың өздігінше ойнау қабілеті қоршаған ортаны танып білгісі, оның белгілі бір бөлшегі болғысы келгенінен тұрады. Жауынгерлердің, шекарашылдардың, жұмысшылардың, дәрігерлердің, оқушылардың рөлін ойнап оқушылар елімізде болып жатқан оқиғаларға қатыса алады. Шығармашылық ойындардың мәні ұжымдық сипатта болғандықтан тәрбиелік маңызы арта түседі. Балалар ортақ қызығушылықтың, ортақ жанашырлықтың арқасында бірігеді. Ойын балаларды тәрбиелеу әдісімен қатар, сезімдерінің түсінігін көрсетеді. Өмірден, көркем әдебиеттен, көркем өнерден алған әсерлері балалар ойындарының қайнар көзі болып табылады. Осындай әсерлер бірден ойындарында көрініс табады. Баланың көргенін немесе есіткенін анық ұғынуы, үйренгендеріне жете түсінікпен эмоциялық қатынас орнатуы, көркемәдебиеттегі, байқаған көріністегі кейіпкеріне ұқсауына талпынуы өте маңызды мәселе. Мұндай жағдайда педагог үлкен рөл атқарады. Ойынның тәрбиеленудегі маңызын ашу үшін, ол балаға көрген деректері мен оқиғаларының негізгісін көрсетіп, ойынды жайлап басқарып отыруы керек. Ойынды балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге қолданатын әдіс ретінде санайтын ұстаз, оқушылардың ойын өмірде орын алып отырған құбылыстарға аударып, көркем әдебиеттерді таңдап, олардың мазмұнын балалардың сезіміне жеткізіп, олардың ойынға деген құлшынысын арттырып қажетті эмоциялық үндесуіне жағдай жасау керек; ұстаз сонымен қатар ойынның мазмұнын сұрыптап, оқушыларға лайықты рөлдерді таңдауы керек. Бұдан басқа, ұстаз балаларды ойынға қажетті құралдармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіп, оларға ұсыныстарымен, ақыл – кеңестерімен көмектеседі. Шығармашылықты, ойластыруды, қатысушылардың қызығушылығына, қажеттілігіне, жеке тәжірибесіне байланысты белсенділікті талап ететін – ойын балалардың өз бетінше еңбегі екенін (сабақтан бір ерекшелігі) ұмытпауымыз керек. Ұжымдық ойындарда сынып оқушылары достасып, әңгімелері мазмұнды бала түседі: білуге құмарлықтары артады, үлкендер әлеміне қосылу қажеттілігі қанағаттандырылады. Оқушылар Отан туралы көп мағлұмат алып, халқымыздың салт – дәстүрлерімен танысады. Қоғамдық тақырыптағы ойындардың тәрбиелік мәнінің маңыздылығы сонда, балалардың көңіл – күйін шарықтатып, өмірмен тереңірек тансуға, өзін - өзі жетілдіруге итермелейтін, бірте – бірте руханиізгілік сезіміне әсіресе әскери тақырыптағы ойындарда ерекше көрінеді. Оқу үстінде әскерилерді бейнелеп оқушылар терірек жүгіруге, жоғары секіруге, нысананы дәл көздеуге, дене жаттығуларын дұрыс жасауға тырысады.

Оқушылар бір затқа, көрініске, оқиғаға байланысты өз сезімдерін сурет салу, апликция арқылы көрсеткілері келеді. Сондықтан сныптың бір бұрышынан бояулар, қарындаштар, түрлі- түсті қағаздар қойылған көрме сурет бұрышын дайындап қою керек. Оқушылардың сабақтарының тақырыптарына байланысты, мемлекетіміздің рәміздерімен (ту, Елтаңба), халық өнерімен, басқа республикалардың ұлттық киімдерімен, тұрмыстық заттарымен танысқанда көркемсурет бұрышына қағаздан, бояшықтан жасалған осы заттарды орналастырып, оқушылардың қалауына қарай бояуларына, жағдай жасау керек. Ұстаздар Оқушыларды бірелестіретін көптеген қызықты жұмыстарды ойластырады. Мысалы, тақырыптық көмелер ұйымдастыру, ата – аналар бұрышын безендіру, мейрамдарға зал дайындау және т.б. ата – аналарға, басқа оқушыларға мектеп ұжымына көрме ұйымдастырғанда оқушылар белсенділік танытып, ерекше көрмеге лайықты мәліметтерді кеңесіп дайындап, экспонанттарды стендке жайғасрыды, өздері экскурсовод болады. Көрмеге қойылатын заттарға картиналар, балалардың салған суреттері мен қолдан жасалған заттары, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер жатады.

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында сыныпқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. Осы оқиғаға барлық бала қатысты: біреулері әскери машиналар әкліп, біреулері жұлдызшаларды қырқып, бояп әзірледі, қалғандары «Жеңіс күніне» арналған кітап пен сурет көрмесін ұйымдастырып, концерттік бағдарлама дайындады. Бүкіл бала жұмысқа тартылды. Мереке күні балалардың көңіл – күйі көтерңкі болды, олар өлең айтып, би билеп, сыныптың әсем безендірілгенін көріп өте қуанды.

Балалардың әңгімелеріне құлақ салып, ұстаз соғыс ардагерлерінің батыр, ержүрек, көп оқып, көп білгендерін, көп көргендерін айта келе, соларға ұқсап, сондай болу керектіктерін айтты. Мерекеге дайындық барысында, ұстаз сыныпта жыл бойындағы жиналған жақсы жұмыстардың көрмесі ұйымдастыруды ұсынды. Әркім өзінің жақсы жұмыстарын таңдап, басқалары оның көрмеге лайықтығын шешті. Талқылау кезінде оқушылар бір – бірімен татулықта болып, ортақ істі бітіруге зор ықыласпен кірісті. Ұстаздарының көмегімен ардагерлер өмірі жайлы альбом жасап, кітап бұрышын жасады. Оқушылардың іс – қимылы, мінез – құлқы осы мерекені қалай күткендерін көрсеткілері келді.

Әртүрлі көрмелер ұйымдастыру, мерекелерге дайындалу оқушыларды жалықтырмайды, керісінше олардың мінез – құлықтарының жақсаруына әсер етеді. Олар оқуда да ойында да белсенділік танытады.

Жұмысшылардың қолымен не жасалады, ауыл еңбеккерлеріне не өсіреді?» деген тақырыптағы көрмеде өндіріс құралдарын, тұрмыстық заттарды, ойыншықтырды, маталарды, азық – түліктерді, жемістерді, сәндік бұйымдарды көрсетуге болады. Бұл заттар балаларға өте таныс, бірақ олар оны кім және қай жерде, қалай жасағандарын ойлана бермейді. Бастауыш сынып оқушылары, жас ерекшелігіне байланысты әр заттың тарихы туралы көп ойлануларына, көп талқылауларына тура келеді. Олар жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлерінің еңбегінің маңыздылығын, қажеттілігін түсінеді. Осылайша олар еңбек адамдарын, қадірлеп, өздері де үлкендерге көмектесіп, кітаптарын. Ойыншықтарын ұқыпты ұстап және т.б. пайдалы істермен шұғылдануға кіріседі. Мысалы, бала партаны бүлдіреді, ұстаз оған ескерту жасайды, ол оқушылар болса: «Міне, сен партаны бүлдірдің, ал жұмысшылар болса бізді оқысын деп, осы партаны жасады», - деп дүрс қояды.

Меркелерге арналған көрмелер, әр ұлттың тұрмыстық заттарымен танысу сыныптағы әр оқушының өз қабілетін білдіруіне, еңбегінің қажеттілігін сезінуіне және қоғамдық өмірге араласып жақсы түсінуіне жағдай жасайды. Жұмыстың осындай тәсілі оқушылардың сабақта алған білімдерін бекітіп, адамгершілікке, рухани ізгілікке тәрбиелейді. Оқушылар мерекенің мәнін дұрыс түсініп, әртүрлі оқиғалар туралы әңгімелеп, өз сезімдерін жеткізуге үйренеді. Осы тәсіл оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізуге көмектесіп, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттарын игеруге бағыттайды.

Бір бөліммен патриттық сезімді тәрбиелеудің бүкіл қыр – сырын көрсету мүмкін емес. Сонда да бастауыш сынып оқушыларының ұстаздары балаларды алғашқы боп Отанмен, қоршаған ортамен таныстыратындарын ұмытпаулары тиіс. Патриоттық сезімге тәрбиелеудің жолдары әр түрлі болады, ең бастысы оқушыларда Қазақстан Республикасының азаматығына деген, ең керемет сезімді қалыптастыру.

ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру.


2.1.Сынып сабақтарында бастауыш сынып оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі негізгі бағыт бағдарлылық.


Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Кез келген педагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж. Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова: «Оқыту әдістері – оқытудың мақсаты – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» - дейді. Ал, Ресей профессоры П. И. Пидкасистый: «Оқыту әдістері - диадактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті, - деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып, оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғаліммен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс - әрекеті деген анықтамаға қосыламын.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық сезімін тәрбиелеуде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу – тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.) түрлендіріп алмастырып отырады.

Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәсүрлі оқыту (сыныптық – сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілген оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмалар беру) арқылы меңгертіледі.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу – тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХҮІІ ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Уминский Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъекті» ретінде тануға бағытталады. Бастауыш сыныптарда ана – тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын С. Рахметова, Б. Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуін қосымшадағы № кестеден көруге болады.

Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке – жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгейі. Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:

  • шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;

  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады. Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушы пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды. Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады. Мұнда оқушының қиялының орны ерекше. Оқушы шығармашылығының түрлеріне өлең құрастыру, әңгіме құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау жатады.

Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген. Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әркеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиыл болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекетіне төселдіреміз. Ойын сабақтың кез келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып дамытумен қатар тәрбие мақсаттарының орындалуына да әсер етеді.

Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтық қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады. Топтық жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне байланысты. Егер, мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданумен қатар оқушылардың оқу әрекетін түрлендіруге (оқу, жазу, әңгімелесу, сызу, тәжірибе жасау) жағдай жасай білсе, олардың ойлауы, неге бұлай? -деген сұраққа жауап іздеуіне, сол арқылы өз ойын қорытып ұғымын түйіндеуіне жағдай туады. Мысал ретінде, екінші сыныпта оқушыларға патриоттық тәрбие бағытында ұйымдастырылған сабақты қарастырып отырмыз.

  1. Cынып. Тақырыбы: Отан

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңін меңгерту. Осы өлең арқылы Отан ұғымын түсіндіру. Отанның әр адам үшін маңызын түсіндіру арқылы патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін дамыту. Ел, өз Отанын сүю деген ұғымдардың мәнісін түсіндіру.

Сабаққа керекті құралдар: Отан туралы жазылған мақал – мәтелдер, Қазақстанның физикалық - географиялық картасы, суреттер.

Сабақ типі: аралас.

Сабақтың барысы

І. Сабақ бірден үй тапсырмасын сұраудан басталады. Себебі бұрын оқылған Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Туған жер» тақырыбын сұрау арқылы жаңа ұғым беруге көшу мүмкіндігі туады. Ассоциация құру арқылы оқушылардың туған жер туралы білетіндері анықталады.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін оқушылармен Отан туралы әңгімелесу. Әр оқушыдан Отан ұғымын қалай түсінетіні сұралады. Мұқағали Мақатаев туралы айтып кету М. Мақатаевтың суретін, өлеңдер жинаған оқушыларға көрсету.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, дауыстап оқу. Әрбір жолын оқушылармен бірлесіп талдау. Түсініксіз және жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беру. Өлеңді оқушыларға іштей және дауыстап оқыту.

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Тақтада ілінген плакаттағы «Туған жер – алтын бесік» және «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Туған жер туралы оқушылардың өздері білетін мақал – мәтел айтқызып, олардың мағынасын түсіндіру. Қазақстан географиялық картасынан Қазақстаннның алатын орнын көрсету арқылы Отанымыздың кең байтақ алқабы туралы көздеріне елестетіп, мақтаныш сезімін туғызу. Қазақстан жерінің бір шетінде көктем күшіне енгенде, екінші шетінде әлі қыс жататынын айтып, алуан түрлі табиғатын оқушылардың көзіне елестету.

Ү. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттап келу. М. Мақатаевтың Туған жер, Отан туралы басқа өлеңдерін тауып, дәптерге жазып келу тапсырылады. Сондай – ақ осы сыныпта өтілетін «Астана», үшінші сыныпта «Туған елім - Қазақстан», «Мен елімді сүйемін», «Отан», «Бауыржан Момышұлы» т.б. тақырыптарды атауға болады. «Дарабоз», «Абылайхан», «Ол ақын болар ме еді?» - сияқты мәтіндерде оқушылар Қабанбай батырды, Абылайханды, Қайрат Рысқұлбековтың ерлік істерін сахналауда, яғни рөлге бөліп ойнағанда образға еніп, олардың ерлік істеріне еліктеуі, мақтаныш сезімін тудыруы патриоттық тәрбиенің алғы шарты деп атауға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сатыда ана – тілі сабағында көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың жаңа білімді ізденіспен қабылдауына мүмкіндік туғызып, белсенді іс - әрекетке баулитын мұндай технологиялар оқушылардың санасын, ұлттық рухан көтеруге ықпал етеді.

Төртінші сынып.

Отан сүйер ұлан бол!

Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыз - Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Мәметовалардың өмірімен және ерліктерімен таныстыру. 2. Тәрбиелік: жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру; бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға ұрпақтар өсиетіне адал болуға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс: 1. ана тілі; 2. қазақ тілі; 3. ән-күй.

Көрнекілік: Бауыржан Момышұлы, Ілия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың суреттері, тірек – схема, магнитафон, компьютер, интерактивтік тақта диск.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі; 2. Сабақтың эпиграфы:

«Мен үш нәрседен қорқамын:

Біріншісі – баласына бесік жырын айта алмайтын анадан;

Екіншісі – бір – бірімен қазақша сөйлесе алмайтын қазақтан,

Үшіншісі – немересіне ертегі айтпайтын әжеден». (Б. Момышұлы).

Музыка ойнап тұрады. «Священная война». 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 – те фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына соғыс ашты. Соғыстың алғашқы күндерінен – ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанады. Солардың арасында Бауыржан Момышұлы, Шыңғыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те болды.

Бүгін біз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды халық батырларымен танысамыз. Ол үшін топтастыру әдісі бойынша сыныпты үш топқа бөлеміз.

Отан

Жеңіс

Батыр



Оқушылар өз қалауы бойынша үш топқа бөлінеді.

Мұғалім (ой салу стратегиясы)

  • Балалар, мына әріпке көңіл бөліңіздерші, естеріңізге кімдер түседі? Әрине, Б. Момышұлы, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова.

Мәтінмен жұмыс. Әр мәтінмен жұмыс істеудің алгоритмі: 1. топтан 1 оқушы мәтіннің мазмұнын дауыстап оқиды. 2. Топ оқушылары: Тыңдаған мәтін бойынша сұрақ құрастырып, сыныпты таныстырады. 3. Топ: Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, қорытынды. Осылайша басқа мәтіндер талдауда топтар реті өзгертіліп отырады.

Шығыстың қос жұлдызы. Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам маңғалатындай ұқсастықтар көп екен. Атап айтсақ, екуі де анадан жетім қалған. Екеуі де соғысқа сұранып барған. Екеуі де батыр. Қазақстан жауынгер батыр қызы Ә.Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Ата – анасынан ерте айырылып, Әлия туысқандарымен Ленинград қаласына көшіп келеді. Осындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. 1914 жылы Әлия 15 жаста еді. 1942 жылы ол өз еркімен снайкер мектебіне оқуға түсіп, оны өте жақсы бітіріп шықты, сосын Әлия майданға кетті. Новосокольски қаласының түбіндегі болған шайқаста 1944 жылы 14 қаңтарда қаза тапқан халқының батыр қызы Әлияның есімін білмейтін адам жоқ.

Мәтін бойынша тапсырма. 1. Сан есімдерді тауып, олардың түрлерін ажырат. 2. Әлия мен Мәншүктің ұқсастықтарын айт.

«Батыр қыз» туралы Е. Естаевтың әңгімесі айтылды.

Мәтін бойынша тапсырма.

  1. Жау қайдан шабуылға шықты?

  2. Мәншүк жау әскерлеріне қарсы қандай батырлық істеді?

  3. Мәншүктің батырлығы қалай бағаланды?

Отан сүйер ұлан бол!

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балғындардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммен.

Қырық жыл қырығында тірі қалғандардың, бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін үлкен де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.

Балаларыма, немере – шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!

Мәтін бойынша тапсырма. 1. Мәтінді оқу. 2. Мәтінге сұрақ қою 3. Мәтіндегі негізгі ойды табу.

Мысалы қойылған сұрақтар. Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан? Жауап: Балалардың, бүлдіршін, балғындардың бақытты болашағы үшін. Ол қандай адам болған? Жауап: Ол әскери адам болған. Балаларына, немере – шөберелеріне қандай тілек айтқан? Жауап: Отанды сүйер ұлан болыңдар!

Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер.

Ой қорыту. Б. Момышұлы: «Отан сүйер ұлан болыңдар!», - деп болашақ ұрпаққа өсиет қалдырды. - Балалар, ой – қозғау стратегиясы бойынша Б. Момышұлы туралы не білесіңдер, есімізге түсірейік. (Оқушылар білетіндерін айтады).

Дамыту технологиясы бойынша оқушыларға Б. Момышұлы туралы қосымша материалдарды кластер арқылы түсіндіремін. Бұл жердегі мақсат: Бауыржан атамызды оқушыларға батырлығымен қатар, оның екі жыл соғыстан кейін академияда сабақ берген педагог екенін таныстыру, қаруын қаламға айырбастап, жазушы болғанын айту және оның шығармаларымен таныстыру.

«Артымызда Москва» Б. Момышұлы, «Ақиқат пен аңыз» Ә.Нұршайықов, «Ұшқан ұя» Б. Момышұлы. Ал, егер батыр, жазушы, педагог – Б. Момышұлының өмірімен танысқыларың келсе, оның келіні зейнеп болады. Оның аудармасы да бар. (Бұл – оқушылардың қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандырады).

- Құрметті оқушылар, аты аңызға айналған батырымыздың көптеген сөздері нақыл сөз, мақал – мәтелдерге айналып, халық аузында жатталып қалған.

Соның бірі: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Осы мақалға оқушылар морфологиялық талдау жасайды. Сөз таптарын есімізге ала отырып, сан есімге тоқтаймыз.

Сабағымызды қорытындылау үшін Венн диаграммасын және үш жақты күнделікті пайдаланамыз. Оны қосымшадан көруге болады.

Үйге тапсырма: 1. Мәтінді мазмұндау. Сан есім. 2. Отан туралы эссе жазу. 3. Басқа мемлекеттегі достарыңа біздің батырлар туралы хат жазыңдар.

Қазақ тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу маңызды.

Жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады.

Халқымыз ерлікті құрметтеп, батырлар есімімен мектептер, көшелер, елді – мекендерді айтарын беруде. Біздер, батырлардың бүгінгі ұрпақтары бақытты өмір сүрудеміз. Аға ұрпақтың ерліктерін дәріптейтін өлеңдерді айтумен сабақ аяқталады.

Әл –Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсерлі жөнінде, - «музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», - деп пікір айтқан. Ал ұлы ойшыл Платон «Музыка – адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс – тіршіліктің қандай да болсын мұң – заласын ұмыттыратын сыйқырлы күш», - деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс – салт жырлары, лирикалық әңдер т.б. Міне, осы фольклорымызбен - ақ ұлттық болмысымызды, патриоттық сезімді қалыптастыратын тәлім – тәрбие беріп отырғаны тарихи шындық.

Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. 1994 жылы А. Райымбергенов және С. Райымбергеновалардың бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арналған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаның ерекшелігі – балаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру көзделген. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А. Мұқамбетова - «баланың генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады. Бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі», - деп айтқандай, халқымыздың, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктері ескере отырып жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған. 1995 жылы М. Х. Балтабаев, Д. А. Берденова, У. Ж. Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім – ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалған. Бастауыш мектептерге арналған Ш. Құлманова, М. Оразәлиева, Б. Сүлейменовалардың музыка сабағының бағдарламасындағы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдала отырып, балаларға ұлттық тәлім- тәрбие беру негізінге құрылған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін, өнерін қадырлейтін, оның өмірімен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай, адамгершілік қасиеті мол және шығармашылықпен жұмыс атқара алатын елжанды тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған. Қай бағдарлама болса да оның мақсатын жүзеге асыру, пәнді жүргізуші маманның теориялық практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне және сабақты жүргізуге қажетті техникалық құралдар мен музыкалық материалдардың қорына байланысты.

Отансүйгіштік тәрбие көзін ұлттық фольклорымызда жатқаны белгілі нәрсе. Фольклорымыздан нәр алып өскен бала еліміздің елдігіне, егемендігіне еңбек етіп, өркендеуіне үлес қосатын азамат болып қалыптасады. Міне, осы бағытта атқарылған шараларды іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәнінің қосатын өзіндік үлесі бар.

Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында «Қобызға арналған күйлер» атты тақырып төрт сағатқа есептелген. Алғашқы екі сағаты «Қорқыт – күй атасы» деген тақырыпта бұл тақырыпта Қорқыт «Әуіппай», К. Дүйсекеев «Ана» әндерін тыңдау мен үйрену де материалдары қамтылады.

2.2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушысының патриоттық сезімін қалыптастыру жолдары.


Мақсатты жүргізілген педагогикалық жұмыс барысында патриоттық сезімін дамытып, тәрбиелеп, олардың сенімін қалыптастыруға болады.

Патриоттық сезім қалыптастыру екі бағытта: қоғамдық және табиғаттық қоршаған орта ең маңызды тәрбиелеушілік ролге ие болады.

Қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен оқиғаларға деген қызығушылықты тудырудың маңызы ерекше. Айналада жүріп жатқан барлық оқиғалар мен құбылыстар халық үні. Сондықтан, оның шынайы келбетін тану, оған етене араласу, онан алған әсерлерімен байсу ең бір толқынысты процестердің бірі болады.

Табиғат ортасы – адамның ең қашан есінен кетпейтін дүние туған ауылы, қаласы, еліндегі әсем таулар, аңқыған шөптер, сылдырлаған өзен, көп, бұлақтардың әсері бір мөлтек.

Патриоттық тәрбиеде патриоттық сезімді тәрбиелеу бірізділікпен жүргізіледі.

Жер сүю – туған ауылды, туған өлкені, Республикасын сүю. Табиғатын, өсімдігі мен жан – жануарын, құсы мен жәндіктерін. Яғни жер асты және үстіндегі байлығын тану мен сүю және қорғау амалдары қарастырылады.

Елді сүю – бұл халықты сүю деген сөз. Халықтың бір ошағы – отбасы. Сондықтан халқымыз «Отан – от басынан басталады» дейді. Отбасын, халқын мемлекетінде тұрып жатқан халықтарды мемлекеттік нышандарды сүю. Оның дәстүрін, тілін, тарихын, олардың атқарған кәсіптерін, өнерін мәдениеттін тану, сүю, қорғау, жетілдіру әр азаматтың парызы болмақ.

Тілді сүю – ана тілінің қыры мен сырын білу, табиғатын меңгеру, жетілдіру.

Алғашқы баланың дүниеге келген сәтінен бастап сүю сезімі тәрбиеленеді және бұл сезім ең бір қасиетті, киелі сезім болып табылады.

Қазақстан Республикасы - Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы – 2724 мың шаршы км. Халық саны 15 млн адамға жуық. Қазақстанда қазақтар – 53,4%; Орыстар – 30 %; Украиндер – 3,7%; Өзбектер – 2,5 %; Немістер – 2,4%; Ұйғырлар – 1,4%; Кәрістер – 0,7% және басқа да ұлт пен ұлыстар тұрады.

Қазақстан Республикасы дайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары ислам және христиан діндері. Елордасы – Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Президент. Заң шығаратын жоғарғы органы – Сенат және Мәжілістен тұратын Парламент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге.

Республика аумағы батыстан шығысқа қарай 1 мың км – ге созылып жатыр. Қазақстан батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстан және Қырғызстан, шығысында Қытаймен шектеседі. Мемлекет шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың км – ден астам. Қазақстан 2,7 млн шаршы км. жер көлемінен дүние жүзінде 9 – шы орында тұр.

Қазақстан мұхиттардан аулақ жатыр. Аумағының ұзындығына байланысты Қазақстанның климаты кенет континенталды және бедеулік болып табылады. Солтүстік аудандарда қыс өте суық және ұзақ болады, 40 – 45 градус аяз болады. Қар аз, бірақ боран мен бұрқасындар болып тұрады. Орталық ауданда қыс қоңыржай салқын, ал оңтүстігінде

45 градусқа дейін ыстық болады. Тауларда жауын – шашын көп болады. Қазақстанның түгелдей дерлігі аумағына қатты жел соғуы тән.

Қазақстан аумағында өзендер мен көлдер едәуір көп. Олардың ең бастылары: Ертіс, Жайық, Шу, Сырдария өзендері, ірі көлдерге Балқаш және жартылай Арал мен Каспий теңізі жатады. Қазақстанда кішкентай өзендер мен көлдер өте көп.

Қазақстанның жануарлар әлеміде алуан түрлі. Сүтқоректілердің 155 түрі мекендейді. Шөл далада киіктер мен ақбөкендер, жазықта марал мен бұғылар, тауларда қабан мен еліктер, барлық аумақтарда жыртқыштық аңдар: қасқыр, түлкі ақ тышқан кездеседі. Алтай мен Тянь – Шань тауларын қоңыр аю, барысы, тиін мекендейді. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі және қос мекенділердің 11 түрі кездеседі. Әр түрлі табиғи суларда балықтардың 150 – ге жуық түрі мекендейді, соның ішінде құрт па, бекіре, шоқыр, көксерде секілді бағалы кәсіпшілік түрлері бар. Көлдер мен өзендерде шортандар мен алабұғалар көп.

Әкімшілік тұрғыдан Қазақстан Республикасы құрамында 14 облыс және республикаға тікелей бағынатын 2 қала бар. Қазақстанда қазіргі таңда 85 қала, 169 аудан, 105 кент және 2150 округ бар.

Оңтүстік Қазақстан туралы мағлұмат жасай кетсек, қазақстанның оңтүстігінде 4 облыс: Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстары орналасқан. Ауданы 711 мың шаршы км, халқы 5 млн 128 мың адам. Оңтүстік аймаққа өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы тән. Қызыорда облысында тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған, күріш егумен, қой шаруашылығы және балық аулаудың ірі ауданы ретінде ерекшеленеді. Жамбыл облысының жергілікті ресурстары шикізат базасында химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері құрылған, Қаратауда тау – кең химия комбинаты орналасқан. оңтүстік Қазақстанда тама жасау металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Қызылорда облысының Құмкөл жерінде мұнайдың ірі кең орындары барланған. Алматы облысында түрлі металдардың рудалары табылған. Жамбыл облысы фосфорит және мыс қорларына бай.

Батыс Қазастанда 4 облыс: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бар. Атырау және Маңғыстау облыстары мұнай және химия өнеркәсібінің ірі орталығы болып табылады, фосфориттер кең орталығы бар. Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашлығы дамыған, негізінен егін шаруашылығы мен қой шаруашылығы, Ақтөбе облысында ірі тау – кең өнеркәсібі, химия, машина жасау, өнеркәсіптері дамыған, мұнай шығарылады, хром кең орны орналасқан. Батыс Қазақстанның аумағы 736 мың шаршы км, халқы шамамен 2 млн адам.

Солтүстік Қазақстан облысының аймақ көлемі – 440 мың шаршы км. Халқы 2,6 млн адам. Аймаққа Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары кіреді. Қазақстанның Елордасы 400 мың халқы бар Астана қаласы орналасқан. Солтүстік Қазақстан бүгінде елімізді бидаймен, етпен, сүтпен қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Бұл аймақта машина жасау дамыған. Ақмола облысында алтынның, уранның, алмаздардың, темір рудаларының үлкен қорлары барланған. Қостанай облысында алюминий, Рудный қаласында темір рудасы, әк тас қазылып алынады. Көкшетау ауданы Қазақстанның сауықтыру орындары болып табылады.

Орталық Қазақстанға Қарағанды облысы жатады. Теміртау және Балқаш қалаларында қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындары орналасқан. Облыста көмір және магниттың үлкен қорлары шоғырланған.

Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптік қуаты екі Павлодар және Шығыс Қазақстан ораналсқан. Ауданы 408 мың шаршы км, халқы 2 млн 240 мың адам. Павлодар облысында ірі өңдеу өнеркәсібі – Павлодар. Екібастұз торабы шоғырланған. Сондай – ақ ол Ертіс өзендегі ірі порт болып табылады. Павлодар облысында ауыл шаруашылығы сүт, ет және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы дамыған.

Халқымыздың рухани келбеті – Ана тілі мен ұлттық тәрбиеде екенін Бауыржан Момышұлындай ашықта анық етіп, жасқанбай батыл түрде айтқан жан жоқ! Мұның дәлелі: Сталиннің зұлмат заманы кезінде, яғни қазақ халқын түбінмен құртып жою кезінде 1944 жылы Бауыржан Момышұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне «Қазақ тілі туралы пікір» атты хат жазды. Бұл хаттан үзінді келтіретін болса;

.... «Тілімізді айуан дейді тілі кедей елді – мәдениетсіз, аналы, надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам – құбылыстармен, салт – санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екінін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері;

- Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел – «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сінген судай дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел, бұрыңғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер көп;

- Осы таңда қазақ - тілін «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл. Онымен айтайын деген ойынды, пікірінді еркін айта алмайсын ....» - дұрыс бағаламай, жала жауып, теріс – зиянды жағдайлардың құлдылығында жүрген, ұғымсыз жалқау, «дүние молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат, азаматшалар да, жүгенсіз, арсыз топтарды, қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады);

- Қазақ тілінің байлығы жетпегендіктен деген дәлелсіз былжыр, өзінің ана тілінің үдесіне жете алмай, құр қалған, оған көңіл бөлмеген сормаңдайлардың, ұлт мақтаныш сезімін, ұлт намысынан ажырап, «шөре – шөре» болып арта қалған қара беттердің надандықтарынан туған сылтау ғана болу керек;

- Осы кезде асдап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны сөйлей алмай шалдыр – батпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды. Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлердің арасынан да кездестіруге болады ...» - деп ана тілінің сатқындарын мірдің оғымен атқан ұлы Бауыржан, біздің қазіргі заманымыздағы халқымыз бен тілімізді қорлап жүрген сыйқымызды айтып тұрғандай.

Бұл халықтың әрбір сөйлемі құнды. Сондықтан осы хатты бүгінгі ұрпағымызға қайыра басып, газет – журнал беттеріне жариялау керек. Осы хатында Бауыржан Момышұлы 9 түрлі ұсыныс жасайды. Соның біріншісі мен екіншісіне тоқталсақ:

1. «1935 – 36 жылдан бастап қазақ – тілі бұрмалана, бүлдірім, бұзыла бастағанын сөзсіз, айқын дәлелдей отырып, оған айыпкер, кінәлі, басты газет, родио, жазушы, кеңсе қызметкерлеріне тарихи қарғыс айтылып, беттеріне қара күйе жағылып айыпталғаны жөн.»

2. «Қазақстанда қазақ - тілі заң әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарылып отырғызылып, бұрынғы қалпына келтіру шаралары тездеп қолға алынып, тіл бұрмалауежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы және алдымен қазақтардың өздерін, тіл жөнінен тәртіптеуден бастап, барлық үкімет, кеңсе, ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділдікпен көтеріліп қолға алынуы

жөн » - дейді.

Осыдан 63 жыл бұрын айтылған Бауыржан Момышұлының сөздері, тәуелсіздік алғанына 16 жыл болса да қазақ халқының сормаңдай болып – тілінен – дінінен – ділінен – ажырасардай күй кешіп отырғанын сипаттайды. Ендігі жерде тілімізді тоздырып, ұрпағымызды аздырғанша, ертерек іске кіріскен дұрыс. Бұған көрініс, мемлекетімізді мойындағысы да келмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығып, өздерінің қалаған жерлеріне кеткендері жөн. Арамыздағы ана – тілімізді мойындамай жүрген шала қазақтар да мекендерін тапсын. Қазақтардың тарапынан болатын жалпақшешейлікке қарғыс айтылып, ұлттық құндылықтарды жүйелеуді ертерек жүргізу керек. Әйтпесе, ғылыми дәлелденген майя мен инктердің жер бетінен жойылып кеткеніндей күй кешпейік. Олар қол жеткізген өркениетімен өрекпіп, тіліне, салтына, ұлттық тарихына, көне мәдениеті мен халықтық тағлымдарына өгейлік көрсетіп, түбегейлі жер бетінен жойылды.

Кез – келген шала қазақтан: - «Қозы Көрпеш Баян сұлуды», «Қыз Жібекті», «Алпамыс пен Қобыландыны оқыдыңыз ба?» - деп сұрасаңыз, - «Жоқ!» - деген жауап аласыз. Олардан, Асан қайғы мен Кетбұғыны, Махамбетті сұрамай – ақ қоюға болады. Мінеки, ана – тілің жоғалмай тұрып – тақ, рухани қазынамыздан айырыла бастағанымыздың көрінісі. Ендеше, бұдан былай ана – тілін қорғапотырған Үкіметті де, Парламентті де, әр түрлі министрліктермен мекемелердегі төрелерді де, тіпті мемлекеттік тілді сыйлағысы келмейтін басқа ұлт өкілдерін де, қатаң түрде тәртіпке шақыратын мезгіл жетті. Қазақстанда өз еріктерімен құрылған республикалық Халықтар ассамблеясының жұмыс істеп жатқанына да біршама уақыт болды. Осындағы өздерінің ұлттық мәдениет ұйымдарын құрған орыстар, репрессиямен жер ауып келген – корей, неміс, шешен, күрті, ұйғыр, түрік, татар, поляк, болғар тағы басқалар ... кезінде қазақ халқы аузындағысын жырып, баспанасына дейін бергендерін айтқанда, көңіліңді толқытып, тіпті көзіңе жас алдырады. Ал егер де олардың осы айтқандары шын болса, мемлекеттік тілді және қазақ мәдениетін өркендетуге үлестерін қоссын. Негізгі жақсылыққа жақсылық пен жауап берілуі – адамдық парыз.

Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 1 миллиард жылдай уақыт өтіпті. Бір клеткадан басталатын тіршілік мұхит астында 500 миллион жылдай жетім дамып, құрлыққа шыққаннан кейін де, дамудың екінші сатысына ауысып, тағы да 500 миллион жылдарды басып өтеді екен. Дәл осы формуланы адам баласы да, ана құрсағында бір клеткадан бастап, адам пішініне келгенше, жаңағы жер бетіндегі тіршілік сатыларын түгелдей қайталайтындығын ғылым баяғыда анықтаған. Осы филогенетикалық тылсым құпиялар мен ата – баба зердесін келешек ұрпаққа жалғастыратын жалғыз ғана кілт - әр халықтың ана – тілі екенін қарапайы жұрттың білмейтіні рас. Сондықтан да осы ғылыми деректі келешекте ақпарат құралдарында түсіндіріп, жариялап, тарату қажет. Келешек ұрпағына қиянат жасағысы келмейтін адам нәрестенің тілін тек қана ана тілінде шығаруы тиісті.

Сонымен қатар, тағы да назарда ұстайтын бір мәлімет дүниеге келер бала тілінің іргетасын ана құрсағында қалыптастыратыны ғылыми дәлелденіп отыр. Америка ғалымдарының «Құрсақтағы баланың он түрлі жұмбақ сыры» атты ғылыми еңбектерінде: «ағылшын фирмасында күні бойы қызмет ететін, екіқабат француз әйелінің баласының тілі бірден ағылшынша шыққанын» - құрсақтағы тылсымның бір эжұмбағы ретінде келтіреді. Осы деректің растығы қазіргі ерлі – зайыпты қазақ жастары үйде де, жұмыста да орысша сөйлегендіктен, қазақ балалар бақшасына, қазақ мектептеріне берген балалары далада да, көшеде де, үйде де өзара орысша сөйлеуге ауыса беретіндігінен айна қатесіз көрініп отыр.

Ағылшын ғалымы Дэвид Кристалдың «Тіл ажалы» зерттемесінде жыл сайын жер бетінен шамамен 24 тіл жойылатындығы көрсетіліпті. Мұндай кері процеске енжарлық көзқарас таныту – рухсыздық, өйткені кез келген тілдің жойылуы әлемдік ортақ мәдени байлықтың арсеналын құрайтын бүтін бір халқытың мәдениеті, тарихы мен рухани құндылықтары көз алдымызда тіршілікпен қоштасады.

Қазақстаннның халық жазушысы, әлемдік деңгейдегі белгілі ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Тілсіздендіру анатомиясы» атты поэмасының «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» бөлімі осы замандық өркениеттің тіл мен рух төңірегіндегі аса нәзік әрі күрделі проблемасын көтеруімен ерекшеленеді. Сондықтан оның мұраларын пайдаланған да тиімді.

Қазіргі таңда жаһандану процесі бірыңғай материалдың игіліктерге бет бұрғандықтан, көптеген елдерде жастар қауымының едәуір бөлігі өз ұлтының тіліне, төл мәдениетіне ашықтан – ашық мұрын шүйіре оқып жатқан кей студенттер «Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік мәртебеде салтанат құрар болса, елге қайтпаймыз!» деп дауыс көтерді. Бұған Білім министрлігі саналы түрде жауап берген жоқ. «Бұл не деген масқара! Әрқайсысына жүз мың АҚШ долларына жақын, тіпті, одан да көп қаржы жұмсап, оқытып жатқан жастарымыздың туған ата – баба тіліне көзқарасы осылай болса да, рухсыз мұндай мамандардың Қазақстанға қандай қажеті бар?! Бір ғана қағида айқын: ұры неғұрлым оқыған болса, солғұрлым әкемізді танытады. Сондықтан оларды жібермес бұрын мемлекеттік тілден емтихан тапсырту қажет!» - деген ұсынысын Мұхтар Шаханов ашына айтты.

Әр ұлттың ең басты анасы – туған тілі екенін ескерсек, өз анасының тілін, рухани мәдениетін менсінбеу мен мойындамау, және оны қазіргі заман талабына сай руханиятпен ұштастыра алмау үлкен қасіретке әкелетінін М. Шахановтың «Төрт ана» поэзиясынан байқайтынымыз туған жер, тіл, салт-дәстүр, туған тарихты төрт анаға теңеп, жырлайды.

Қазақ жастарының бірнеше ұрпағы Шаханов жырларын жаттап өскенін ешкім жоққа шығара алмаса керек. Қазақтың тіліне, өзіне деген қарсылық Солтүстік мұзды мұхиттай сіресіп тұр... Осындай тілімізге үлкен қауіп төніп тұрған кезде, Мұхтар Шахановтың соңғы кездегі ұлтқа қатысты өлеңдері талай қазақтың бетін бері қаратарына, халыққа, қоғамға ой саларына күмәнім жоқ.

Итальяндық «Ренко компаниясының президенті Ренальдо Гаспарини (2005 жылдың 25 қарашасында «Айқын») былай дейді: «Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен.» Ағылшын ғалымы Дэвид Кристал болса: «Тіл жойыларда қостілділік пайда болады. Екі тілді ерткен екі мәдениет өзара шайқасқа түседі. Ақырында жеңімпаз мәдениеттің тілінде сөйлеушілер көбейеді. Ал әлгі жеңіліс тапқан шағын мәдениеттің тілінде сөйлеуден басқа емес, өзінің жас ұрпағы ұяла бастайды. Ана тілінде сөйлеуге қысылатын сол ұрпақ та «жеңімпаз мәдениеттііііің» аяғына жығылады. Аға ұрпақ – ата – ана қанша әуреленсе де, өз балаларына ана тілін үйретуге шамалары жетпейді. Ең өкініштісі де осында.»

Осылайша ата тілімізді «қорлау» арқылы, ұрпағымызды ата – баба зердесінен айрып қана қоймай, кісілік келбетінің түп – тамырына да балта шауып жүргенімізді ашып айту керек. Өзінің ата – тілін қорлаған елдің татар азабы да мол, ұрпағына қалдырар зауалы да көп. Олай болса иісі қазаққа айтарым көрінгенге еліктеп әдейленумен, алдыңдағы шырағыңның өшкенін сезбей қалып жүрме.

Адам бойындағы үш жүйе – Тән құрылысы – Жан дүниесі – Рухы – бүгінге дейін тәрбие үндестік таба алмай отыр. Біз тек қана тән тәрбиесінен басқа Жан мен Рух тәрбиесін білмейміз. Содан да Табиғат пен Адам баласының экологиялық азуы болып отыр. Бұл туралы бабамыз Әл – Фараби баяғы заманда – ақ ескерткен: «Егер адмға ең әуелі тәрбие бермей тұрып, білім мен ғылым үйретсеңіз, ол жүрген ортасына апат әкеледі» - десе. Басқаға еліктеп, өзгеге мөңіреп үйренген біздер есітсекте ескеруге құлығымыз жоқ. Әйтсе де, бұл мәселе иісі қазақты ерекше толғандыруы тиіс. Ең бастысы, адам тәрбиесінің алтын діңгегі – Тіл екені аксиомалық шындық.

Мемлекеттік нышандар құрмет тұту, Қазақстан Республикасының азаматы болғаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру білім берудің алғашқы сатысынан басталады.

Бастауыш (1-4) сынып оқушыларымен Мемлекеттік нышандар жөніндегі олардың түсініктері мен білімдерін ары қарай тереңдету мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім (сынып жетекшісі) мемлекеттік рәміздердің күнделікті өмірдегі орнына оқушылардың назарын аударын жәнее оның қажеттілігін нақты түсіндіруге міндетті. Олар мемлекеттік Әнұран мен Елтаңбаны түсіндіру барысында оның мәні мағынасына баса назар аудару керек. Оушылар Елтаңбаның азаматтардың төл құжаттарында, туу туралы куәлікте, орта мектепті бітіру туралы аттестатта, жоғары білім дипломында, мемлекеттік наградаларда, төл теңгемізде және пошта маркаларында мемлекеттіліктің белгісі ретінде бейнелетіндігін білулері қажет.

Бастауыш метепте Әнұранды жүйелі түрде жаттатып, тыңдаулар ұйымдастырып,әуені мен сөзін ұжымдық жаттау барысында оның шығу тарихы жөнінде мәліметтер берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын үйрету барысында алуан түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану: интерактивті дамыту әдістемесін, тренингтер, сұрақ – жауаптар, рөлдік дамыту ойындарын, аудио және бейне материалдарды (плакаттар, суреттер, таспалар) тиімді пайдаланған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушыларының түсінігінде рәміздер туралы ұғым қалыптастыруға төменде келтірілген тақырыптар аясында жүргізілген әңгімелер ықпалын тигізеді: «Мен және менің Отаным», «Елтаңба, Әнұран, Ту деген не?», «Қазақстан Республикасының туы туралы неге көп?» т. б. балалардың білімін тереңдетудің тиімді тәсілдерінің бірі – мемлекеттік рәміздерге байланысты. Осындай іс – шараларға ата – аналарды белсенді қатыстырған жөн.

Бастауыш сыныптардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі:

- Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің, пішінінің, элементтерінің мәнін білу;

- Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;

- Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.

Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.

Білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие берудегі ең басты, маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне балалар мен жастардың құрметпен қарауын тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген позитивтік және сезінулі көзқарасты қалыптастыру мүмкіншілігін зерттеу мақсатында семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастыру.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.

Бүгінгі таңда елімізде 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату – тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.

Барлық өркениет арасындағы бейбітшілік пен диалогты қолдай отырып, саясат теориясында да, тәжірибеде де демократиялық мемлекет болмаған. «Біздің қоғам көптеген ұлт өкілдерінен құрылған, олар тек қана ұлттық емес, сонымен қатар нәсіл мен дін белгілерімен ерекшеленеді»,- дейді. Президент Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көп ұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер – жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.

Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет – ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – тік төртбұрыш, көгілдір түсті мата ортасына сәулесін шашқан күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ бейнеленген. Күн сәулесімен ұлттық өрнек алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатысы 1:2. Мемлекеттік Тудың эталоны Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады.

Зеңгір көк түс – біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді.

Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою - өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады.

Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым – қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді.

Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін - өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді.

Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы.

Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою - өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою - өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі.

Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады.

Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба – көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан – белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.

Елтаңба компазиясын құрап тұрған келесі бір құрамды бөлік - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Елді нышандарында арғымақ бейнесін пайдалану - өте ертеден келе жатқан үрдіс. Ол геральдика тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшйін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.

Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.

Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.

Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.

Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элменттерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.




Қорытынды


«Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру» атты дипломдық жұмысымдағы негізігі қарастырған мәселелерімнің маңызды, қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі екенін сезіндім. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006 – 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе жастардың отансүйгіштік сана – сезімін қалыптастыруда, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде үлкендердің (аға буынның, педагогтардың, тәрбиешілердің және т.б.) атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан.

Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы №216 Жарлығымен мақұлданған), орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.

Осы тұжырымдамадағы патриотизмді дамытудың шаралары:

  • патриоттық бағдардағы саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі арқылы халықтың азаматтық санасын тәрбиелеу;

  • жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;

қарастырылған.

Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу – білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтің әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.

Отанға деген сүйіспеншілік – патриотизим ата – ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата – анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есйеді, тәжірибе жинақтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл кітабы патриотизм, Отанды сүю пәнінен дәріс беретін тағылымы мол оқулық десе де, әркімнің күнделікті серігі болатын, жаны сергек жастарды уақыттың алдыңғы шебінде жүруге дайындайтын, еліңе деген махаббат арқылы ұлы болашағыңызға деген сеніміңізді жанып, ширататын, нақты - әрекеттеріңізге күш – қуат қосатын аса бағалы туынды.

Патриотизм дегеніміз – ол сіз бен біздің Отанға деген қарым – қатынасымыз. Мен, әрине, кеңестік отансүйгіштік негізде тәрбиелендім, октябрят, пионер, комсомол ұйымдарында мүше болдым, әкем Ұлы Отан соғысының ардагері болғандықтан, отансүйгіштіктің Отан соғысы кезінде шынайы көрініс тапқанын білемін.

Бертін келе, Желтоқсан оқиғасы кезінде ешнәрседен тайынбаған қаншама қазақтың қыздары мен жігіттері болғанын, ақ қарда бұрымдары шашылып, қандары төгілген қазақтың ару қыздарының қайсарлығын өз көзімен көрдім. Ендігі мақсат: осы өмірден көрген – білгендерімді, университетте алған білімдерінді өскелең ұрпақтың ойында патриотизмді дамытуға жұмсаймын. Өз елін сүйетін, өз Отанын қастерлейтін, өз қалқын мақтан ететін, Қазақстандық жастарды елшіл отаншыл, мемлекетшіл қасиеттерге баулып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жүйренуге үйретемін. Әрбір Қазақстан азаматын «Бұл менің Отаным» деген мақтанышты сезімге тәрбиелеуге тағылымды үлес қосамын және де қиындығы мен қызығы да бар бұл іске бүкіл қазақстандықтарды шақырамын. Әрқайсымыз ұлтжанды, бауырмал болсақ, мемлекетіміздің тірегі нығайып, болашағымыз жарқын болары анық. Жастарды отаншылдыққа, имандылыққа, салауатты өмір сүруге, адамгершілікке тәрбиелеу абыройлы іс. Оны іске асырудың жүгі де жеңіл емес.

«Мен жастарға сенемін!», - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, қоғамды алға сүйрейтін тәрбиелі де білімді азаматтарды қалыптастыру барша қоғамның ісі.




Пайдаланған әдебиеттер


  1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы: Қазақстан, 1993.

  2. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030»

  3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. – Алматы: Мектеп. 1984.

  4. Жарықбаев Қ. Б., Психология – Алматы «Білім» 1993.

  5. Жарықбаев Қ. Б., Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. – Алматы, 1965.

  6. Жарықбаев Қ. Б., Қазақтың тәлім – тәрбиелік ой – пікір антологиясы. – Алматы, 1998.

  7. Мухина В. С. Детская психология. Москва, 1990.

  8. Немов Р. С. Психология. В 3т. – Москва, 1998.

  9. Овчарова Р. В. Справочная книга школьного психолога. – Москва, 1996.

  10. Абрамова Г. С. Практическая психология. – Москва, 2001.

  11. Возрастная и педагогическая психология. Под. ред М. В. Голиза. – Москва, 1995.

  12. Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы. – Алматы, 1961.

  13. Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы. – Бастауыш мектеп.

1986, №9.

14. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасының және оқыту әдістемесі. – Алматы, 2004.

15. Қалиұлы Серғазы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 2003.

16. Үсенов Ә., Мәуленов С. Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру.– Бастауыш мектеп, 2005, №6.

17. Алексеенко А. Н., Қозыбаев М. К., Романов Ю. И. Этносы Казахстана. – Астана, 2001.

18. Макаренко А. С. Избранные педагогические произведения. – Москва, 1956.

19. Макаренко А. С. Ата – аналар кітабы. – Алматы, 1987.

20. Коменский Я. А. Ұлы дидактика.

21. Баласағұни Ж., Құтты білік. – Алматы, Ана тілі, 1993.

22. Кожахметова К. Ж., Таубаева Ш., Жанзакова Ш. Методология общей и этнической педагогики в логико – структурных схемах. – Алматы, 2005.

23. Тоболов С. В. Воспитание мужчинный в народной педагогике народа саха в контексте роли мужчин в воспитании. Этнопедагогика в системе образования, 2005 №6.

24. Тілеужанов М., Халық тағылымы. – Алматы, 1996.

25. Ушинский К. Д. Избранные педагогические произведения. – Москва. Учпедгиз, 1968.

26. Шаханов Мұхтар. Тілсіздендіру анатомиясы. – Алматы, 2006.

27. Құсайынов А. Қ., Демеуова М. Е., Молдыбаева Ш. Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. – Алматы, 2006.

28. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика. – Алматы, 2004.

29. Сабиров Т. С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. – Алматы, 1999.

30. Төлеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. – Алматы, 1990.

31. Кәрімбаев Нұрсұлтан Жастарға жол нұсқайтын кітап. – Егеменді Қазақстан. 2007. 26 қаңтар.

32. Дүйсебаев Чатай Молодежь и патриотизм. – Каз. правда. 2006.

3 қараша

33. Әшімов Б. Т. Жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі еліміздегі

бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі. – Алғашқы әскери дайындық.

2006 №5.

34. Тоқсанбай Қарашаш. Ана тілі аспандайтын жыл. 2007 жыл Қазақ тілі жылы деп жарияланды. – Егеменді Қазақстан 2007. 19 қаңтар.

35. Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы. – Егеменді Қазақстан. 2006. 18 қараша.

36. Қоқымбаева Т. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі халық педагогикасының маңызы. - Мектептегі психология. 2007 №1.

37. Ғаббасов Совет – Хан. Бауыржан Момышұлы: Ана тілі және ұлттық тәрбие. – Мектептегі психология 2007. №1.

38 Белгібаева Г. Патриоттық тәрбие беруде ауыз әдебиетінің атқаратын рөлі – Бастауыш мектеп. 2005. №8.

39. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы. 1996.

40 Әлімбаев М. Халық қажап тәлімгер. – Ана тілі. Алматы. 1996.

41. Сәтірқызы Гүлзейнеп. Отансүйгіштік қасиет тәлім – тәрбие мен үлгі - өнеге арқылы қалыптасады. – Егеменді Қазақстан. 2006. 15 желтоқсан

42. Указ Президента Республики Казахстан. О государственной программе потриотического воспитания граждан РК на 2006 – 2008 г. – Казахстанская правда. 2006 12 октябрь.











Қосымша



Кесте №3



Білімін Үйрендім Білгім келеді

1. Бауыржан 1. Бауыржан 1. Бауыржан

Момышұлы – Момышұлы - Момышұлының

батыр. жазушы, келіні Зейнеп

ұстаз Ахметованың

«Шуақты күнд келеді.

2. Әлия 2. Бауыржан 2. Қазақстаннан

Молдағұлова Момышұылының шыққан батырлар

мен мақалға айналған туралы деректер

Мәншүк Мәметова- сөздері, батасы жинағым келеді.

ерлік көрсеткен

қыздар.


3. Зат есім, есімдік, 3. Әлия Молдағұлова 3. Сөз топтарын

етістіктердің мен Мәншүк тереңдетіп

ережелерін Мәметова туралы оқу.

білемін қосымша деректер


Кесте №4


Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары


Деңгейлік Ойын арқылы Топтық жұмыстар

тапсырмалар оқыту ұйымдастыру

арқылы оқыту арқылы тұлғалық қасиеттерді

Міндетті деңгей Санамақтар

Алгоритмдік деңгей Сұрамақтар Бірыңғай топтық

жұмыстар

Эвристикалық деңгей Қалмақтар

Сараланған топтық

Шығармашылық деңгей Айтыс ойындары жұмыстар

Кесте №1

Патриоттық сезімді қалыптастырдың мүмкіндіктері


Бағыты

Құн-

дылық

Патриоттық

Психологиялық қатынас

Сезімдік қатынасы

Формасы

Құрамы

Қоғамдық орта

Ел

- туған ауылға, қалаға, елге сүйіспеншілігі

болмысты, ақиқатты сезіммен қабылдау

шынайы сүйіспен- шілік

сабақ сабақтан тыс жұмыстар

Фольклор дәстүрлер ақиқат бол


- ата - баба дәстүрлері силастығы;

Байыптау еске сақтау

құрмет пен силастық;

мектептен тыс жұмыстар

салт – дәстүрлер, әдет – ғұрыптар



- ұлтты мәдениетті дамыту сақтауы;

елестете білу сараптау және мақтаныш, ләззаттау

қамқорлық пен борыш;

педагогикалық процесс

дене, бейнелеу, сөз саз өнерлері



- мемлекеттік рәміздерді құрметтеп қастерлеуі;

есте сақтау, жатқа айту, әсерлену

сенім, құрмет

сабақ, мерекелік, ұйымдық іс - шараларда

мемлекеттік нышандар



- бір – біріне достық, бауырмалдық туыстық парызы;

достық сезіммен қабылдау. Қайырымдылық ізеттілік бауырлесулік

ынтымақтастық пен бірлік достық;

ыыныптан тыс мектептен тыс

әдебиеттер, салт – дәстүрлер



- мерекелік күндерді, дәстүрлі мерекелерді құрметтеуі

ойлау, еске сақтау, елестету, пікір бөлісу, сыйластық қабылдау

құрметтеу мен сыйлау

мерекелік іс- шаралар

меркелік дәстүрлер


Тіл

- ана тілін сүю, дамыту;

- сөйлеу мәдениеті жетілдіру

- өзгелер тіліне құрметпен қарау

құрметпен қарау, дұрыс қабылдау

әдемілік, әсемдік көркемдік қабылдау

болмысты дұрыс қабылдау

құрметтеу, сүю



түсіністік өзара сыйласушылық

ана тілі, тіл үйірмелері


сабақ, сабақтан тыс кластан тыс жұмыстар

ана тіліндегі көркем әдебиеттер



басқа халық әдебиеті, өнері.

Табиғат

Жер

Жер асты және жер үсті байлықтарына қамқорлық

табиғат болмысын дұрыс түс--- қабылдау, әсімдігін қамқорлық, үнем қорғау сезімі

қорғау оның әсемдігін сезіну, табиғатты сүю, аялау

Сабақ, мектептен тыс жұмыстар

кешенді сабақ экскурсия, еңбек


Кесте №2

Патриоттық сезімді қалыптастыру




























Кесте №5

Патриоттық сезімді қалыптастыру құралдары
























77




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің мектебім Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі.

Автор: Сембиева Татикуль Лесовна

Дата: 04.12.2017

Номер свидетельства: 442053

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Конспект урока на тему "Мектебіме саяхат.Адыбысы мен әрпі""
    ["seo_title"] => string(63) "konspiekt_uroka_na_tiemu_miektiebimie_saiakhat_adybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "454332"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517586313"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Менің мектебім. Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі."
    ["seo_title"] => string(57) "mienin_miektiebim_miektiebimie_saiakhat_a_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "442045"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512373553"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі."
    ["seo_title"] => string(40) "tabig_atk_a_saiakhat_o_dybysy_mien_rpi_1"
    ["file_id"] => string(6) "390128"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486703394"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі."
    ["seo_title"] => string(39) "miektiebimie_saiakhat_a_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "386131"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485877108"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Мектебіме саяхат.Н н дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(41) "miektiebimie_saiakhat_n_n_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "441732"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1512205689"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства