kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің мектебім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Себеттен  карточка алу арқылы топтың атына сай отыру(дәрігер, мұғалім, аспаз, кітапханашы, алғырлар)

Оқулықпен жұмыс

Әр топ өз тобының атына сәйкес келесі топтарды өз тобымен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің мектебім»

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Менің мектебім

Мектеп: №22 гимназия мектебі

Күні : 10.10.16


Мұғалімнің есімі: Айсабекова А.К.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 31


Қатыспағандар саны: 31

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: өз мектебі туралы білy;


  • Оқушылардың басым бөлігі:мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы білy;

  • Кейбір оқушылар: кітапханана қызметін пайдалануды үйренy.

Тірек сөздер:

мектеп – школа – school; мұғалім – учитель – teacher; аспаз – повар – cook;

кітапханашы – библиотекарь – librarian; дәрігер – врач – doctor.

Ресурстар:

Ы.Алтынсариннің портреті, Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі, асханадағы аспаз, кітапханадағы кітапханашы, дәрігер бөлмесіндегі дәрігер, сыныптағы мұғалім бейнеленген сюжетті суреттер,интербелсенді тақта, ленталы шляпа, себеттегі карточкалар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қуанасың сен де,

Қуанамын мен де.

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!

Жамандықты білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз

Біз бақытты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан!


Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

23 минут

Сөзжұмбақ шешу

Берілген суреттердің алғашқы әріптерінен сөз құрау

Мысық,есек, кітап, тауық, ешкі,піл.

Сабақ тақырыбын, мақсатымен таныстыру

Мектеп сөзін үш тілде қайталау

мектеп – школа – school

-Мектепке балалар не үшін келеді?

-Мемлекетімізде алғаш мектеп ашқан кім?(Ы.Алтынсарин)

-Ы.Алтынсариннің біз қандай өлеңін білеміз? (Кел, балалар, оқылық!)

-Біздің мектебіміздің мекен-жайы қандай? (М.Әуезов көшесі 54а)

-Ал мектебіміз кімнің атында? (С.Торайғыров атындағы №22 гимназия мектебі)

-Мектепте кімдер жұмыс істейді?

Топқа бөлу

Себеттен карточка алу арқылы топтың атына сай отыру(дәрігер, мұғалім, аспаз, кітапханашы, алғырлар)

Оқулықпен жұмыс

Әр топ өз тобының атына сәйкес келесі топтарды өз тобымен таныстыру.

Дәптермен жұмыс «Кім қайда жұмыс істейді?»

Оқушылар сурет бойынша мектептің қай жері екенін анықтап, мамандықты білдіретін сөзбен сәйкестендіреді.

Сөзжұмбақ







Ы.Алтынсариннің портреті



С.Торайғыровтың портреті






Оқулық



Дәптер

Сабақтың соңы

9 минут

Жасырылған сөз ойыны

Орындыққа отырған оқушының маңдайына сөз жазылған стикер жабыстырылады. Қалған оқушылар ол не екенін түсіндіреді. Отырған оқушы жасырылған сөзді табуы тиіс. (Даметкен апай, Асель Сериковна, аспаз, Риза апай, дәрігер)

«Әліппе» әнін орындау

Мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер, аспаз, медбике, кітапханашының құрметіне ән шырқау.

«Шаңырақ» жасау

Әр оқушы шляпадан өзіне ұнаған түсті таңдап ұстайды, шаңырақты жасағаннан кейін әркім мектепте жұмыс істейтін қызметкерлерге тілек тілейді.

Сөз жазылған стикерлер






Ленталы шляпа

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

Сабақ барысында тапсырмаларды дұрыс орындап отырған оқушылар себеттеріне жеміс жинау арқылы жеміс-жидектермен бағаланып отырады.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, сауат ашу сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Айсабекова Алма Келденбайқызының білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты 1 «В» сыныбының дүниетану сабағының есебі

10 қазан күні өткізген сабағымның тақырыбы: «Менің мектебім». Бұл сабақтағы мақсатым мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау еді.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңін оқушыларға бір- біріне іс-қимыл арқылы жақсы көңіл-күй сыйлаудан бастадым.Оқушылар өлең жолдарын айтып отырып, өздерінің көңіл-күйлерін қимылмен көрсетіп отырды.

Қуанасың сен де, (қарама-қарсы тұрған оқушыға екі қолын созу)

Қуанамын мен де. (екі қолын кеудесіне қою)

Қуанайық, достарым ( қасындағы оқушыларға қол созу)

Арайлап атқан күнге! ( таңның атқанын көрсету)

Жамандықты білмейміз, ( жоқ дегенді білдіретін қимыл жасау)

Жалқаулықты сүймейміз ( жоқ дегенді білдіретін қимыл жасау)

Біз бақытты жас ұлан ( өзінің кеудесіне қолын қою)

Үлгі аламыз жақсыдан! ( екі қолымен алдында отырған адамдарды құшақ жая көрсету)

Сабақтың тақырыбымен таныстырмас бұрын қобалжу сезімін басу үшін «Тыныштандыру» жаттығуын жасадық. Ол үшін бірден онға дейін санап әр оқушы өз кеудесінен қағып отырды. Оқушылардың қобалжу сезімі су сепкендей басылды. Сабақ тақырыбын ашу үшін оқушыларға интербелсенді тақтада көрсетілген әр суреттің алғашқы әріптерінен сөз құрау ұсынылды. Бұл тапсырма оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын оятуға септігін тигізді. Сөзжұмбақ шешілгесін оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырылды. Үштілділікті енгізуге байланысты мектеп сөзін оқушылар үш тілде дауыстап қайталады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін оларға ашық сұрақтар қойдым. « Мектепке не үшін келесіңдер?», «мектебіміздің мекен-жайы қандай?» , «Мектебіміз кімнің атында?», «Мемлекетімізде алғаш мектеп ашқан кім?». Пәнаралық байланыс орнату үшін Ыбырай Алтынсариннің қандай өлеңін білесіңдер деген сұрақ қойылды. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқылды. Сабақтың келесі кезеңіне көшу үшін оқушыларға «Мектепте кімдер жұмыс істейді?» деген проблемалық сұрақ қойылды. Бұл сұрақтың шешімін табу үшін оқушыларға себеттен карточка алу ұсынылды. Оқушылар алған суреттеріне байланысты топқа отырды. («Дәрігер», «Мұғалім», «Кітапханашы», «Аспаз») Топтағы жұмыс пікірталас ретінде жүрді. Мұндағы мақсат әр топ өзінің тобының атына сәйкес өз қызметкерлерімен таныстырып, мектеп өміріндегі маңыздылығын басқа топтарға дәлелдеу.


Мектепте жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмысын қаншалықты меңгергенің анықтау үшін даптерде мектептің қай жері екенін анықтап, мамандықты білдіретін сөзбен байланыстыру ұсынылды.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылармен «Жасырылған сөз» ойынын ойнадық. Орындыққа отырған оқушының маңдайына сөз жазылған стикер жабыстырылады. Қалған оқушылар жасырылған сөз туралы мағлұмат айтып, оның не жасырып тұрғанын табуға көмектеседі. (Дәметкен апай, Риза апай, мектеп деген сөздер жасырылды) Сабақ барысында белсенді жұмыс жасап, дұрыс жауап беріп отырған оқушылар жеміс-жидектермен бағаланып отырды.



Сабақтың соңында мектепте терең білім алуға жағдай жасап жүрген қызметкерлердің құрметіне арнап оқушылармен « Әліппе» әнін орындадық, мектептің шаңырағы биік болсын деген ниетпен сабақты мектеп шаңырағын жасап, тілек айтумен аяқтадым. Сабақ мақсатына жетті деген ойдамын.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Менің мектебім

Автор: Айсабекова Алма Келденбаевна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372082

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош бол, алтын ?я мектебім! "
    ["seo_title"] => string(31) "k-osh-bol-altyn-u-ia-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "188085"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426610532"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында инновациялық-әдістемелік қызметі жүзеге асыру жолдары."
    ["seo_title"] => string(80) "baianauyl_audanyndagy_bilim_beru_uiymdarynda_innovatsiialyk_distemelik_kyzmeti_z"
    ["file_id"] => string(6) "612160"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1661446083"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?ылыми жоба "Мені? мектебім" "
    ["seo_title"] => string(31) "g-ylymi-zhoba-mienin-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "188829"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1426757092"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(29) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti"
    ["file_id"] => string(6) "267010"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства