Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі | Мектеп: «Бексейіт орта мектебі» КММ |
Күні: 05.02.2018 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Нұрғалиева Б.Қ. |
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау; 1.1.9.2. Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну; 1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау |
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар орындай алады: Сөздегі дыбыс түрлерін оның ішінде дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларды ажырата алады; дыбыстарды дұрыс айтады, қызметін түсінеді; сөздің буыннан тұратынын түсінеді; сөздегі буын санын анықтай алады; |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: |
Ойлан тап ойыны арқылы оқушылар өздерінің ойларын айтады; өткен әріптерді есіне түсіріп, қайталайды; жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады; сурет арқылы әрекеттерді сипаттайды; сөздерді оқиды; д әрпін үлгі бойынша дәптерге жазады; д әрпі бар сөздерді атайды; олардың сыни ойлауы дамып, өздігінен жұмыс жасай алады |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: доп – мяч – bail, дос – друг, дала – степь, домбыра – домбра, дастарқан – дастархан, дәрі – лекарство |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тілдік стиль: әдеби |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Доп дегенді қалай түсінесіңдер? Онымен не істеуге болады? Доп неден жасалады? Доптың қандай түрлері болады? |
Пәнаралық байланыс | Музыка, шет тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Бейнежазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Д дыбысы мен әрпі |
Алдыңғы оқу | Өткен әріптерді еске түсіріп, қайталау |
ЖОСПАР |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп көрейік. Бүгін сауат ашу сабағымыздың шаттық шеңберін ойынмен бастайық. Балалар сендер ойынды жақсы көресіңдер ме? Біз «Ойлан тап» ойынын ойнаймыз. Менің қолымда доп бар. Мен допты қай балаға лақтырсам , сол бала менің қойған сұрағыма жауап беруі керек. 1.- Сауат ашу сабағында біз нені үйренеміз? Сауат ашу сабағында әріптерді, дыбыстарды үйренеміз. 2. - Әріп деген не? Әріп дегеніміз – дыбыстың таңбасы. 3. - Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауыссыз жіне дауысты болып екіге бөлінеді. 4. - Буын деген не? Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. 5. - Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке. Өткен әріптерді қайталау Балалар, қазір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз. Адасқан әріптерді өз үйлеріне салайық. Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастырыңдар. А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш, С, Ы, М, Қ, Ұ
Жарайсыңдар, балалар!
| Шаттық шеңбері |
Сабақтың ортасы 10 минут | №1 Тыңдалым. Ойлан тап! Жұмбақ шешу Тепсең жаны кіреді, Айдағанға жүреді. /доп/ Он екі белбеулі, Ән-күйі кернеулі. /домбыра/ Бұл жұмбақтардың шешулері қандай әріптен басталып тұр? («Д» әрпінен басталып тұр) Дұрыс айтасыідар, ендеше, біз бүгін «Д» әрпімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. «Д» әрпімен таныстыру Суретпен жұмыс. Допты сипаттау. Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да. - Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме? - Бұны балалардан сұрап көрелік. Дескриптор: - Ойлан тап ойыны арқылы оқушылар өздерінің ойларын айтады; - өткен әріптерді есіне түсіріп, қайталайды; - жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады; - сурет арқылы әрекеттерді сипаттайды; | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 3 минут | «Көңілді күн» әнімен билету | бейнекөрініс |
Қызықты тапсырма 8 минут 10 минут Топқа бөлу 3 мин 2 мин | №2 Оқылым Да-ла ау-ла Да-на Ду-лат Да-ла-да ау-ла-да Да-на-да Ду-лат-та Далада ауа . Дана, Дулат аулада. Олар ойнады. Дана, Дулат – . №3 Жазылым Дәптермен жұмыс «Д» әрпін ауада жазу «Д» әрпін үлгі бойынша жазу №4 Айтылым «Д» әрпі бар сөздер айтқызу. Топтық жұмыс Шығармашылық тапсырма Оқушыларды геом. фигуралар (үшбұрыш және шаршылар) арқылы 2 топқа бөліп, сурет бойынша әңгіме құрату Топ мүшелері жұмыстарын өзара бағалайды. Жұптық жұмыс. Буындардан сөз құрастыру Да-ла, дом-бы-ра, дас-тар-қан, дә-рі, ди-ван Дескрипторлар: - сөздерді оқиды; - д әрпін үлгі бойынша дәптерге жазады; - д әрпі бар сөздерді атайды; - олардың сыни ойлауы дамып, өздігінен жұмыс жасай алады - берілген буындардан сөз құрастырады; - жұмыстарын өзара бағалайды. | Оқулық, дәптер Суреттер Геометриялық фигуралар Кеспе қағаздар |
Қосымша ақпарат 2 мин | Сен білесің бе? «Ең үлкен диван» Сендер әлемдегі ең үлкен диван туралы естідіңдер ме? Ең үлкен диван қазір Лондон қаласында. Бір қызығы, аталмыш жиһазды ағаштан емес құмнан құрастырған екен. Ұлыбританияның Темза жағалауында орналасқан алып диван әлемдегі ең үлкен жиһаз саналуда. | Диванның суреті |
Сабақтың соңы 2 минут | - Балалар, бүгін біз қандай әріп таңбасымен таныстық? - «Д» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? - Кім «Д» дыбысынан басталатын сөздер айтады? - «Д» дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі? Рефлексия. Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін бас бармақ арқылы көрсету | Бас бармақтар |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалау, жұлдызша арқылы; жарайсыңдар деп мадақтау; смайликпен өзара бағалау. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл-күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |