I.Кіріспе бөлім. | - Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.Бір-бірімізге жылы тілек білдіру.Топтағылар 1,2,3,4,-ке санау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 өз алдына « жұмыс» тобын құрайды.Осыған байланысты өздеріне тиесілі бөліктерін таңдап алады.Жұмысты бастамас бұрын жұмыс тобында өлеңнің тиісті бөлігін жақсылап меңгеріп,отбасы мүшелеріне қайтып оралғанда оны түсіндіру міндеті жүктеліп тұр- ғанын алдын-ала ескертіп,жауапкершілік арттырып қоямын. | -Оқушылар амандасады. Топқа бөлінеді.1,2,3,4-ке санау арқы- лы. | Оқушылар сабаққа даярлық ұйымдас-тырып, зейіндерін сабаққа аударады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушы-лықтары оянады. |
ІІ. Тұсаукесер | Үйге қандай тапсырма берілді? -Көкек көктемнің нешінші айы? -Көкек айын басқаша қалай атайды? -Өлеңдегі қай шумақтан табиғат жылуын сезіндің? -Жазды сағыну мен күту өлеңнің қай жолдарыңнан байқалады? Аялаумен ер жеткізген баласын, Ақылдысың,ардақтысың,данасың. Бұл өлең жолдары кім туралы? –Ана туралы. | Үйге берілген тапсырма «Көктем» өлеңін жатқа айтып береді.. Мәтін желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. | Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Білім қабылдау, түсіну, қолдану. |
III.Негізгі бөлім. | Бүгін біздер С.Жиенбаев «Менің анам» өлеңімен танысамыз. Автор туралы мәліметтер. Сағи Жиенбаев 15,05.1934жылы Ақтөбе облысында дүиеге келіп, 15.05.1994 Алматы облысында дүниеден озды. Ол- ақын.Қызылорда пед.институтын (қазіргі Қызылорда гуманит ун-т) бітірген (1955).1956-65 жылы « Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» , (қазіргі «Ұлан») газеттері мен «Мәдениет және тұрмыс »(қазіргі «парасат») «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1965-84 жылы «Жазушы» баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеген.1984 жылдан шығармашылықпен айналысқан.Алғашқы өлеңдер жинағы «Қарлыағаш» 1959 жылы жарық көрген.Жиенбаев бірқатар ән мәтіндерінің , «Махамбет», «Еңлік-Кебек», опера либреттоларының авторы .Біраз жинақтары шет ел тілдеріне аударылған.Орыс ақындары А.С.Пушкиннің , М.Ю.Лермонтовтың, В.Брюсовтың ақыны Д.Кугультиновтың,армян ақыны О.Туманянның т.б. бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Шығармалары.Қарлыағаш (өлеңдер), Сыйлық (өлеңдер), Дала гүлі (өлеңдер), «Жарық жұлдыздар» поэмалар, « Нан мен тұз» (поэмасы) Әр топ өлеңді түсініп оқиды.Жеке,жұптасып, топпен бірігіп орындайды.Тобына оралып,рет-ретімен болған топтарында не айтылды әңгімелеп береді. Әр топтан бір оқушыдан шығып ,өлең мазмұнын түсіндіреді. 1-топ: Жұмбақ шешеді. Рұқсатсыз-ақ кіреді, Бір-ақ адам көреді. Не саған көрінеді, Не маған көрінеді, Не оған көрінеді. Шешуі:(Түс) Баланың басынан өткен оқиға қайда болған деп ойлайсың? –Баланың түсінде болған. 2-топ:«Менің түсім»тақырыбында қызықты түсіңді жаз. 3-топ: Түс жору туралы естідің бе? Айтып бер. 4-топ: Бұл түсті сендер қалай жорыр едіңдер? Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу. | Барлық оқушылар зейін қойып, назарын салып тыңдайды. Мұғалімнің автор туралы айтылған ақпараттар көзін тыңдайды. Түсінбеген сөздері, яғни сұрақтары болса қояды. Әр оқылған ойды барлығы бірге талқылайды. Өлеңді парта бойынша тізбектеп оқиды. -Назарларын аударып тыңдайды. | Жаңа материалды игере отырып, оқушылар еңбекқорлыққа, табиғат-ананың адамға осынша разылық білдіретінін игереді. Өз ойларын ортаға сала отырып, тіл байлықтары кеңейеді.. Өлеңнің мән-мағынасын дұрыс түсіне біліп, мағынасын аша білуге үйренеді. Сөйлем құрап сөйлеу дағдылары дұрысталады, дамиды.Өз ойларын ашық ,толықтырып жеткізуге үйренеді. |
III.Қорытынды. Сұрақтар қою: | -Баланың басынан өткен оқиға қайда болған деп ойласың? -Баланың анасына деген сезімі қалай суреттелген? Тауып оқы. -Үлкендер (анаң, әкең, атаң, әжең) бұл түсті қалай жорыр еді? | Оқушылар осы өлеңнен алған білімдерін жинақтай отырып , қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап қайтарады. Сұрақтарға жауап береді. | Сөйлем құрап сөйлеу дағдылары дұрысталады, дамиды.Өз ойларын ашық ,толықтырып жеткізуге үйренеді. |