Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Сценарий на 8-марта "Мені? Анам!" »
Тақырыбы: «Менің Анам»
Сабақтың мақсаттары: 1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарымқатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
1-тәрбиеші: Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. «Менің Анам» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
2-тәрбиеші: Аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған бүлдіршіндердің ән, би, тақпақ, ертегілерін қабылалыңыздар.
Хор: « Айналайын ақ мамам»
1-тәрбиеші: Адалдықты әрдайым ту еткен,
Айнымаған қардай аппақ ниеттен.
Мерекеңіз құтты болсын анашым,
Құттықтаймыз сізді сәби жүректен
Әдеби монтаж: Шырын, Құралай, Әйгерім, Айсана, Айпара, Аида, Алина, Арайлым.
2-тәрбиеші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен жақсы күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді