№18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебіне қарасты 5 қазақ коррекциялық сынып оқушысы Тұрғанбай Жансаяның
"Менің анам" атты шығармасы.
Мен анамды жақсы көремін. Ол мен үшін отқа түсуге дайын. Ол аяулы ана аяулы жар. Жұмақтың кілті ананың аяғының астында. Алла Тағала жер бетін аналар арқылы, көркейтіп қойған. Менің бақытсыз болғанымды қаламайды. Менің анам мен үшін сұлу. Менің анам мейірімді. Мен ауырған кезде анам уайымдайды және менің жазылуымды тілейді. Ананы меккеге екі рет арқалап апарсаңда құтыла алмайсың. Анам менен зор үміт күтеді. Мен анамның үмітін ақтаймын және ақтауым тиіс. Анамның әрбір асы мейрамхананың тағамынан жүз есе дәмді. Бала әлде бір қиындыққа тап болса анасы баласының амандығы үшін жанын беруге дайын. Мен қыз болып туылғаныма қуаныштымын. Себебі мен есейгенде анам сияқты мейірімді ана боламын. Әкенің мейрімі ананың мейіріміне қараған да шексіз. Мен анамды қастерлеймін. Мен анамның ұзақ және бақытты болуын қалаймын.
"Мен анаммен мақтанамын".
Аналардың сөздері,
Бабалардың сөзіндей.
Аналардың сөздері,
Даналардың сөзіндей.
Ана сөзін әрдайым,
Бақытым деп білемін.
Ана сөзін әрдайім,
Жақұтым деп білемін.
Ана сүті әрдайым,
Мойныңдағы қарыз ғой.
Ана сүті әрдайым,
Мойныңдағы парызғой.
Ана үшін арман ғой,
Баласының күлгені.
Ана үшін арман ғой,
Баласының бақытты өмір сүргені!