Оқылым. МК; Ж; Қ) Мақалды түсініп оқып, мағынасын талдай алу білігін бағалау. «Ер қанаты – ат» мақалымен жұмысты «Ойлан, тап» ойыны арқылы ұйымдастырамын.Ойынның шарты бойынша бір оқушы мақалды оқиды, екіншісі оның мағынасын қалай түсінетінін айтады. Қай жұп дұрыс оқып, мағынасын дұрыс түсіндерсе, сол жұп жеңімпаз атанады. Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды. 2.Айтылым. (МК; Т; Қ) Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрау білігін бағалау. Суреттер мен сызбалардың көмегімен «Есен не істеді?» сұрағына оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік жасаймын.Есеннің сабақтан бос кезде не істегенін бейнелейтін суреттердің көмегімен әңгіме құратамын.«Есен мұражайға барды. Атасымен шахмат ойнады». Оқушылар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды. 3. Тыңдалым. (МК; Ж; Қ) Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен диалог құра алу білігін бағалау. Диалогті қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырамын. Оқушылар жұбымен диалогтi қалпына келтіреді. Диалог жауаптары берілген. Олар осы жауаптардың сұрақтарын құрастырады. Мысалы: – Атың кім? – Ерлан. – Жасың нешеде? – Алтыда. – Сен қандай баласың? – Ақылды. Басбармақ арқылы бағалайды. 4. Айтылым. (МК; ¬Т; Қ) Сурет мазмұны бойынша ертегі құрай алу білігін бағалау. Суреттердің көмегімен оқушылардың ертегі құрастыруына мүмкіндік туғызамын. Әрбiр сюжетті сурет бойынша сұрақтар қоямын. Ертегіні «Ерте,ерте ертеде» сөздерімен бастатып, құрастырып айтуына ықпал етемін. 5. (МК; Ө; Қ) Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау. Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаймын.Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданамын. 44-бетте берілген сызбаға Е дыбысы мен әрпі кездесетін сөздерді жазғызамын. |