Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Жыл мезгілері-seasons |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Сабақтың ортасы 8 минут | №1Суреттердегі жыл мезгілдерін ата. Сызбаға назар аудар. |
Сергіту сәті 1 минут | Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/ |
Қызықты тапсырма 8 минут | Есіңде сақта! Сөз дыбыстардан тұрады. Оны сызбамен былай белгілеуге болады. |
Аяқталуы 16 минут | Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың? Өз ойыңмен бөліс. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |