Просмотр содержимого документа
«Мен президентімді мақтан етемін»
Күлшін орта мектебі
Өткізген: Рахиманова К.К
2014 ж
Мақсаты: Елбасының ел басқару ісіндегі жүргізіп отырған саясатынан оқушыларды хабардар ету.
Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
3-оқушы: Біз тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Бізде мемлекетті басқару түрі қалай деп аталады?
4-оқушы: Президенттік басқару деп аталады.
Мұғалім: Біздің мемлекеттің президенті кім?
5-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Мұғалім: Сендер елбасымыз туралы не білесіңдер?
6-оқушы: Ол қарапайым малшының баласы. Оқу оқып, металлург мамандығынан президентке жеткен адам.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз әлемде саяси сауаттылығымен және алдын ала болжай білетін, көрегендігімен көзге түскен беделді, саяси қайраткер.
Біз Президентімізді мақтан тұтамыз! Өйткені, ол әлемде ең алғаш ядролық полигонын жапқан және өзімізде сақталған ядролық қаруды жоюды бастаған басшы.
ТМД елдері арасында және Ислам мемлекеттері ішінде алғаш рет ОБСЕ-ні басқаруға қол жеткізген басшы.
Президентімізді мақтан тұтатын жақтары аз емес.
Президентіміздің тікелей ұсынысымен біз жаңа Астанаға ие болдық.
Астана қаласы Президенттің тікелей араласуымен әлемдегі ең көркем қалалардың біріне айналды.
Балалар! Астана туралы кім қандай өлеңдер біледі?
7-оқушы: «Ақ ордам - Астанам»
Ақ ордам менің Астанам,
Жаңарған жасыл жас қалам.
Қазағымды кең әлемге танытқан,
Бәйтерегі орналасқан төрінде,
Көк туы желбіреген көгінде,
Төраға боп Еуропалық Одаққа
Саммит өтті атақоныс жерімде.
8-оқушы: «Астана»
Жасарған,айқалған жас қала,
Арқада айбынды Астана
Үйлері қол созған биіккке,
Қарыштап, адымда,Бас қала.
9-оқушы: «Ұланымын Отанымның»
Ұлан байтақ далам бар,
Астанадай қалам бар.
Төрт түлігім сай менің
Бүкіл әлем қараңдар!
10-оқушы:
Отанымды қорғаймын,
Бейбіт күнді қолдаймын.
Қорғау үшін елімді,
Ұлан болуды ойлаймын.
Мұғалім: «Тәуелсіздік - мәртебесі елімнің,
Берекесі бақ талайы жерімнің» дей келе, балалар биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
Мұғалім: Тәуелсіз мемлекетімізді алға жаңа жетістіктерге бастап келе жатқан Президентіміз біз үшін мақтан!