Сабақ тақырыбы: | Мектепке баратын жол |
Оқу мақсаты: | |
|
|
Тірек сөздер: | қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian; бағдаршам – светофор – traffic light. |
Ресурстар: | Бағдаршам макеті, жол қозғалысы белгілері-тақташалар, ала құланның суреті (А4 форматы), қаладағы жол суреті (А4 форматы), жаяу жүргінші өтпесінің суреті, жануарлар таптаған жолдардың суреті. |
Сабақтың мақсаты: | 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру |
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер |
Қаладағы қозғалысты алғашқы реттеу әрекеттері Ежелгі Римде қолданылған болатын. Гай Юлий Цезарьдің жарлығы бойынша б.з.д. 50-жылдары қала көшелерінде бір жақты қозғалыс енгізілді.Жолда жүрудің қазіргі заманғы ережелерінің тарихы Лондоннан бастау алған. Парламенттің алдындағы алаңда механикалық темір жол семафоры орнатылған. Бұл 1868 жылғы 10 желтоқсан еді. Оны Джон П. Найт ойлап тапқан. Құрылғының екі семафор қанаты болды және ол қолмен басқарылды. Семафорды қызметші басқарып, таяқшаны көтеріп, түсіріп, фонарьды бұрып тұрған. Алайда, көтергіш механизмнің тізбегінен шыққан дыбыс қатты және жағымсыз болғаны сондай, жанынан өтіп бара жатқан аттарүркетін. Семафор бір ай жұмыс істеместен жарылып кетті.Қазіргі заманғы жол белгілерінің прототиптері деп елді мекенге баратын бағыттар көрсетілген тақташаларды айтуға болады. Жолда жүрудің бірыңғай ережелерін жасау туралы шешім 1909 жылы Парижде Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Бұған себеп қала көшелеріндегі автомобильдер санының артуы және жол қозғалысының көбеюі еді. | Сабақты сонымен қатар «Қашан? Кіммен? Қайда? Қалай? Не үшін?» және т.б. сұрақтардың көмегімен мектепке баратын жолды сипаттаудан бастауыңызға болады. Бұл тапсырмада оқушылардың жеке тәжірибесі маңызды болып табылады. Менің бағытым Үйден мектепке дейінгі жолды есіңе түсір. Сен қандай көшеде тұрасың? Өз жүретін жолыңды сипаттап көр. Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам. Анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ қойыңыз:«Машиналар мен жаяу жүргіншілер қозғалысын тек бағдаршамдар ғана реттей алады ма?» Жол қозғалысы белгілері көрсетілген (4) тақташаларды көрсетіңіз, оқушылардан олардың мағынасын түсіндіруді сұраңыз. Бекіту мақсатында «Жауабын тап» ойынын ұйымдастырыңыз. Ойын үшін мұғалімнің үстеліне теріс жағымен қойылатын тақташалар қажет. Санамақ көмегімен оқушыны таңдаңыз және одан төрт тақташаның біреуін алуын сұраңыз. Оқушы қарап, белгінің мағынасын қимылмен түсіндіруі тиіс. Зертте. Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақсуретін көрсетіңіз. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» Оқушылардан қажетті жауап ала алмауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда жетелеуші сұрақтар қоюды сұраңыз. Оқушылар түсіне бастағанда «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылауға болады. Мұғалім адам баласы жол барынша қауіпсіз болуы үшін барлық жағдайдың жасалғаны туралы деген қорытындыға келеді. Жауабы: Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушігеде, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған. |
Сабақтың қорытындысы | Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Сұлба сыз | Бұл сабақтың тірек сөздері барынша күрделі, сондықтан олардың мағынасын оқушылардың жақсы түсінуі маңызды. Олардан «жаяу жүргінші» сөзінің мағынасын сұраңыз. Тақтаға бұл сөзді жазыңыз және оның қандай екі сөзден тұратынын сұраңыз. Оқушылар бұл сөздің «жаяу жүру» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осылайша, «қауіпсіздік» және «бағдаршам» деген тірек сөздерді талқылауға болады. Осындай жұмысты ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізуге болады. Мысалы, «бағдаршам» деген сөз «бағдар» (бағыт) және «шам» (бағытты көрсететін шам) деген сөздерден тұрады. Бұл жағдайда сөздерді құрамы бойынша талдау оқушыларға есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді. |
Пәнаралық байланыс Математика. «Зертте» тапсырмасын орындаған кезде оқушылардан суреттегі жаяу жүргінші өтпесінің ақ жолақтарын санауды сұраңыз. Жаратылыстану. Оқушылар көшедегі машиналарды бақылап, «Қозғалыс деген не және ол қалай пайда болады?» деген сұрақ төңірегінде ойланады. Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі «Сұлба сыз» тапсырмасын орындайды. Оқушылар үйден мектепке дейінгі жолды, онда орналасқан нысандарды салуы тиіс. | Қосымша тапсырмалар «Оқушы-мұғалім-ата-ана» арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін оқушыларға ата-аналарымен бірге «Сұлба сыз» тапсырмасында үйден мектепке дейінгі жолда кездесетін нысандардың дұрыс орналасқанын тексеруге тапсырма беріңіз (жұмыс дәптері, 12-бет). Байқау жүргізгеннен кейін оқушылар сызған сұлбаларына өзгеріс енгізе алады. |
Бағалау | Оқушылар – «жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді; – «қауіпсіз жол» ұғымын түсінді; – бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы білді. Оқушылар – үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды; – үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды; – қарапайым бақылау жүргізуді; – сұрақтар қоюды үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын беруге болады: Жаяу жүргінші – бұл .... Мен .... белгісін көргенде, жерасты жолын пайдаланамын. ....түс «өте бер» дегенді білдіреді. Мен .... көшесінде тұрамын. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |