І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Топқа бөлу ІІ Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Қызығушылығын ояту ІY. Мағынаны тану Әңгімелесу Y. Мәтінмен жұмыс YI. Ой толғаныс Дәйексөз Жаңа ақпарат Тапсырма Қорыту Дәптермен жұмыс Жүректен жүрекке Бағалау Үйге тапсырма Кері байланыс | -Балалар, қане,дөңгелене тұра қалайық. «Мен-апамның ай мен күні» өлеңі оқылады Апам мені «Айым»дейді, Мен мұңайсам уайым жейді. Апам мені: «Күнім» дейді, Мен қуансам күлімдейді. І топ: Жүрек ІІ топ: Күн ІІІ топ: Алақан -«Мақтану» дегенді қалай түсінесіңдер? -Сендер қандай істеріңмен мақтана аласыңдар? -«Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсыңдар? -Балалар, біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты-әдептілік белгісі. Әңгімелесу: -Мейірімділікті қалай көрсетуге болады? -Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? Мәтінмен жұмыс Сары тауық балапандары М. Төрежанов Мұғалім мәтінді балаларға түсінікті етіп баяндап береді Сұрақтар: Сары тауық балапандарымен қандай жағдайға ұшырады? -Сары тауық балапандарына қандай қамқорлық жасады? -Тауық қай балапанына ерекше қарады? Неліктен? -Сары тауықтыңәрекетін қалай бағалауға болады? Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады?дегенді қалай түсінесіңдер? «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық мақалын жазып алады. Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да,адамды да дүниеге әкелуші ана. Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады. Әр адам басқаларға өз мейірімділігін көрсете алады. Ондай адамдарды мейірімді, жылы жүректерді деп айтады. Тапсырма бойынша оқушылар «Мейірімділік» кестесін толтырады.Мұндағы бірінші бағанға-мейірімді істерді, екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасайды. Дәптерде берілген бос жолдарға «Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады. -Күлімдеген күн мейірімді! -Кіршіксіз ақ қар мейірімді! -Таза мөлдір су мейірімді! Берілген мәтінді түсініп оқып келу Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады | Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді. Оқушыларды түрлі суреттер арқылы топқа бөліп алады Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын қорытындылайды. Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларымен топ болып, ақылдасып біреуі жауап береді. Топ болып ақылдаса отырып ойын ойнайды Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірімнен болады. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында. Топ оқушылары ақылдасып, кестені толтырады. Бүгінгі сабақ бойынша ой қорытады. Оқушылар өз-өздерін бағалайды Жазған ой-пікірлерін тақтаға іледі. |