Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік-асыл қасиет»
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ.
Сынып: 4«б»
Мерзімі: 9.02.2015
Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік –асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты:
Балалардың мейірімділік,қайырымдылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы туралы түсінік беру.
-шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
- баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке , бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой-толғау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ән айту, тілек айту,пікірлесу, әңгімелесу,шығармашылық жұмыстар
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар, қағаздан қиылған гүлдер. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.
ІІ.Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау Қайырлы күн, балалар! Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.Олай болса, мен сендерді мейірімділік әлеміне саяхатқа бірге шығуға шақырамын.
Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Мейірімділік қасиет бірінші кімнен тарайды деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптарын түйіндеу:
- Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.Осы мейірімділік қасиет ең бірінші анамыздан тарайды екен.«Өзін-өзі тану» адамгершілік негізі ұранына сүйене отырып сабағымды Сара Алпысқызына арнап «Өзін таныту-өнеге»
өлеңімен бастайын.
«Өзін таныту-өнеге»
Сара Алпысқызына арнау
Еңбек етіп жүр екенсіз, аянбай,
Қиыншылық кедергіге қарамай.
Тербетесіз, мектеп білім бесігін,
Айқара ашып өмір сізге есігін.
Жүзіңізден жылылық леп жайдарлы,
Шуағынан сәулелі нұр арайлы.
Ақылдылық, даналылық,даралық,
Қазақ қызы бір өзіңнен тарайды.
ІІІ. Оқушылар арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру. 1 - оқушы:
Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы. Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы. Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың, Жақындаса түссін деп адамдардың арасы. Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп, Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз. 2 - оқушы:
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан Баспана боп оларға келе жатсың болып нан, Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн. Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан. 3 - оқушы:
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс, Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс, Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі. Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс. 4 - оқушы:
Осының бәрін кішкентайдан үйреткен Мейіріммен сәбилерге нұр төккен Біз тілейміз Сара апаға денсаулық Шаттыққа толы жүрекпен. 5-оқушы:
Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы». «Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып. Елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф»балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. 6-оқушы:
«Бөбектің»анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын. 7-оқушы:
Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады. Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. 8-оқушы:
2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.Қазылар алқасының шешімімен жетім балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті С.А. Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты болды. 9-оқушы: Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз, Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз. Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүректі анамыз.
10-оқушы:
С.А. Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын құрылыста істеп, сылақшылықпен бастаған.Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Жұбайы-Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті.3 қыз балалары бар:Дариға-саясат ғылымының докторы, Динара-Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия- бизнеспен айналысады.
11-оқушы:
С.Алпысқызы жалпы имани-рухани адамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың, қайта өрлеу жобасының авторы болып табылады. Ол «Өзін-өзі тану» деп аталады.«Өзін-өзі танудың» философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальге ие болған еді.
12-оқушы:
Риза боп үлкендер де, тіпті сәби нәресте,
Балалардың емханасын ашқандығы әлі есте.
«Киндердорф» медалі мен Юнисев-тің сыйлығы,
Алтын жүрек Анамыздың мәртебесі емес пе?!
13-оқушы:
Өзі аялап, мәпелеп,ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Анамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен.
14-оқушы:
Жанарларда нұр ойнап,сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп, құштарланды өмірге.
Әрбір ізі гүл-дастан, кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген Тәңірге!
15-оқушы:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,
Құтты болсын мерейтой, Алтын жүрек анамыз!
16-оқушы:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.
ІV. Ойын-тапсырма:
Мейірімділік сөздерімен гүл құрастырайық.
Балалар сендер мейірімді болуды үйде аналарыңнан, мектепте ұстаздарыңнан үйреніп жүрсіңдер. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық.
- Ол қандай адам? (Баяу музыка ойнап тұрады)
Кішіпейіл, мейірімді, сыпайы, әдепті, жанашыр, қамқоршы, кешірімді, бауырмал V.Шығармашылық жұмыс
Оқушылар топқа бөлініп «Мейірімін төгетін -ана» тақырыбына шағын әңгіме құрастырады.
VІ. Видеокөрсетілім: Сара Алпысқызы туралы
- « Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибратты тілегімен қорытындылайық. Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін». VІІ. Жүректен - жүрекке
Балалар шеңберге тұрып «Апа, туған күніңмен!»әнімен сабағымызды аяқтайық.