Мақсаты | Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. |
Сабақтың ортасы (5 мин) 10 мин | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. - Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен? - Қазақстан - Қазақстан жері қандай? - Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд) - Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету) - Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі) Хор: «Отан» - Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау) - Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек. Астана-Еуразия құрлығының кіндігінде,Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан. Астана-Еуропа мен Азия көне заманнан бері жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала. Астана-Көлік жолдары Қытаймен,Ресейді,Батыс Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстырып жатқан қала. Астана-қазақстандықтардың мақтанышы. Астана-Қазақстан Республикасының елордасы. Жас Астанам-жас қалам, Тарихың бар ашпаған. Ордасы бол ойшылдың Ей,бас қала-Астанам! Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9 орында. «Алтайдан Каспийге дейін» ҚР мемлекеттік шекарасы. Картамен жұмыс. Қазақстан Республикасы 5 мемлекетпен шектеседі.Олар: Россия,Қытай,Түркменстан,Өзбекстан,Қырғызстан. Қазақстанның жері кең-байтақ,жері кенге бай.Қазақстаннан пайдалы қазбалар көптеп алынады.Олар:мыс,күміс,алтын,мырыш,мұнай,газ,темір,альюминий т.б. | 1 - оқушы: Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң, Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың. Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң, Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың. 2 - оқушы: Отан - жерім, Отан - суым, Отан - қуат, нәр береді. Отан - ұран, Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді. Сүйемін мен Отанымды, Гүл жайнаған жерімді. Сүйемін мен ата - анамды, Мені өсірген елімді. 3 - оқушы: Отан деген - атамекен, Отан деген - туған жер. Отан - ана, Отан - пана, Қазақстан - туған ел. 4 - оқушы: Отанды біз атамекен, Деп аялап айтамыз. Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз. 5 - оқушы: Отанды жас - кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де, Туып, өмір сүреміз. | Қазақстан туралы слайд Астана туралы бейнебаян |
10 мин | Қауіпсіздік сабағы «Төтенше қызмет нөмірлері» 1. Кіріспе(2 минутқа дейін) Суреттерден құтқару қызметтерін анықа. Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон номері-112. Бұл нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдайда көмек ала аласыз. ЕСТЕ САҚТА! Өрт күзеті- 101 Полиция-102 Жедел жәрдем -103 Төтенше газ қызметі- 104, 112 ІІ. Негізгі бөлім. Суреттер мен суреттермен жұмыс - Тақтаға назар аударыңыз. /Әртүрлі уақытта болған жер сілкіністерінің, өрттердің, су тасқындарының, өлімдердің, дауылдардың, түрлі орындарда/ – Сіз қазір не көрдіңіз? – Бұл суреттер Сізге қандай әсер қалдырды? – Осы апаттардан ең қорқынышты не? – Көптеген адамдарға қауіп төндіретін қауіп-бұл төтенше жағдай. – Сіз қандай төтенше жағдайларды білесіз? Ассоциативті бұта (Тақтада схема пайда болады) Қорытындылау Балаларға үйде қайталау үшіншұғыл қызмет нөмерлері бар жадынама тарату | Мамандандырылған қызметерден көмек сұрай біледі. Қандай жағдайларда көмек сұрау керектігін түсінеді. Төтенше жағдайлар дауыл жер сілкінісі боран өрт су тасқыны дауыл теракт смерч жер сілкінісі | https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij |
8 мин Сергіту сәті 2 минут | Мұғалім: - Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады? Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар. Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз? Хор: «Атамекен» (ата - аналардың орындауында) Мирас Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды , Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз. Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні. | Оқушылар туған жері туралы әңгімелейді 1. Туған жер - тұғырың Туған ел - қыдырың. 2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. 3. Туған жер – алтын бесік. 4. Туған жердің топырағы да ыстық. 10 - оқушы: Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын Атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі Әнұранымен айбатты. | Шалқар қаласы туралы бейнебаян көрсетіледі. |
Сабақтың соңы 10 мин | Мұғалім: Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. | Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! | |