kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің Отаным-Қазақстан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды Отанын, тілін сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің Отаным-Қазақстан»»

Күні

2.09.2024ж

Класс жетекші:

Қитаманова Әсем Серікбайқызы

Класс: 4а

Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

«Менің Отаным-Қазақстан»

Қауіпсіздік сабағы «Төтенше қызмет нөмірлері» (10 минут)

Мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Отаның, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Ар -ұят: Әдеп нормаларын ұстану.


Ресімдеу

бейне материалдар, слайдтар

Үлестірмелі материалдар

Суреттер

Дерек көздері

Интернет материалдары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақ басы (13 мин)



Тәрбие сағатының  барысы:

Кіріспе сөз:

М-ұғалім

Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқ

-ыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
1-бөлім. «Бабалар аманатына адалдық – ұрпақ парызы»

- Балалар қандай рәміздер бар бізде?
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
-  Енді осы рәміздер туралы қысқаша айтып берейін.

Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Туымыз туралы:

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштықпен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбамыз туралы:

Елтаңба негізі – Шаңырақ ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп - негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері  Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күнбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі болып табылады.

Әнұранымыз туралы

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков, Жүмекен Нәжмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден мектептерден көруге болады.

Рәміздерді құрметтеу, қастерлеу баршамыздың борышымыз. Әнұран сөзің жатқа білу міндетіміз.


Нұрхан: Отан - жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді!


Инабат «Менің атам да, анам да – қазақ. Менің жаным, жүрегім – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқандай намыстанған кезім жоқ.






Бақберген: Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.



Ислам: Елдігімді сақтаған,
Бар үмітті ақтаған,
Ата заңым әділ деп
Барша жұртқа мақтанам.


Ая: Желбіресе көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егеменді ел боп бүгін.




Бексұлтан: Таңдай қаққан шартарап,
Көк туымда барша бақ.
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.


--


Ерасыл: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән,
Елордасы Отанның,
Мақтанышым – Астанам.

Раяна : Алматы мен Астанам,
Арудай әсем бас қалам.
Бірі-жас, бірі-бас қалам.
Сәулеті асқан басқадан.





(музыка әуені, экранда кең байтақ қазақ даласының бейнесі/


























Қобыз үні, экранда  табиғаттың видеосы)

















Қазақстан табиғаты туралы видеоролик



Ортасы (20 мин)


/ Төрт ана орындарынан тұрады/

1 ана: – Тілді құрметтеу-елді құрметтеу екенін жадыңда ұста, жас ұрпақ! 

2 ана: – Қазақ тарихы – ата-балалар қанымен, төгілген терімен жазылған көне тарих. Ей, жас ұрпақ, тарихыңды таны, сол арқылы елдігіңді таны!

3 ана: –  Жас ұрпақ! Туған жерің – түп қазығың, тамырың екенін біл! Еліңе адал қызмет ететін ұл мен қыз болыңдар!

4 ана: – Ей, жас ұрпақ! Тәрбие, өнеге негізі салт-дәстүрді танып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырар адал перзент болыңдар!

(Күй ойнап тұрады)

:

3-бөлім: «Түйін сөз»

Бірлік, Татулық және Отанға деген сүйіспеншілік елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің арқауы. Осы үшуі біріккенде ғана Елбасы айтқандай   «Мәңгілік ел» болу идеясы жүзеге асырылады..


Ұран сөздер:

Табын: – Қазақ халқын ұлт санатында сақтап келе жатқан Ана тіліміз аман болсын!

Өркен: – Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болсын!

Айшабибі: – Бүкіл ұлтты ұйыстыратын тәуелсіздігіміз туған тіліміздің мерейін үстем ете түссін.

Асылым – Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білейік.


Күй ойнап тұрады)













«Бірлік»,

«Тарихи сана», «Татуылық», «Бейбітшілік», «Мәңгілік ел» интерактивті панелде жазылып тұрады.











Соңы






Қорытынды мұғалім сөзі: ….

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз. »



( рәміздердің бейнесі)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«Менің Отаным-Қазақстан»

Автор: Қитаманова Әсем Серікбайқызы

Дата: 02.10.2024

Номер свидетельства: 657123

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Тақырыбы: «Менін Отаным Қазақстан»"
    ["seo_title"] => string(33) "takyryby_menin_otanym_kazakstan_1"
    ["file_id"] => string(6) "491264"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545056336"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Менің Отаным-Қазақстан 12345678*//++"
    ["seo_title"] => string(31) "menin_otanym_kazakstan_12345678"
    ["file_id"] => string(6) "622866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673509368"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие.Мени? Отаным-?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "137026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417258163"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства