Математика п?нінен к?нделікті саба? жоспары. Жоспар ж?йелі ??рыл?ан. Тиімді ?дістер ке?інен ?олданыл?ан.
Просмотр содержимого документа
«Математика п?нінен жоспар»
Тексерілді...........................
Күні.......................
Пәннің аты: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша есептер шығартып, білімдерін тексеру. Оқушылардың ой өрістерін кеңейтіп, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өз беттерімен есептер шығарғанда нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандар, суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, есептер шығару
Сабақтың технологиясы: ойын технологиясы
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу!
-оқушыларды түгендеп сабаққа әзірлеу;
-оқушылар назарын сабаққа аудару;
ІІ. Психологиялық дайындық
1- дегенім – бесік,
Шықтың содан өсіп
2- деген –елім,
Далам, туым көгім.
3- дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
4-дегенім-төзім,
Төзе білем өзім.
5-дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6-дегенім-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7- деген-жалау,
Жүректегі алау,
8- деген-сөзің,
Серт беретін кезің.
9-деген –тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау,
10-дегенім-Отан,
Қорға соны ботам!
ІІІ. Өткенді сабақты пысықтап өту;
А) «Еске салайық» ойыны
-Өткен сабақтар бойынша білімдерін тиянақтау;
-Дәптерлерін тексеру;
-Сан қатары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9сандарын тура және кері санату;
Ә) «Адасқан сандар» ойыны
- оқушылар орны ауысқан сандарды ретімен орналастырады.
Б) Қай сан жоқ?
- Оқушылар қап ішінде орналасқан сандардың ішіндегі жоқ сандарды тауып, атайды.
В) 9 санының құрамын анықтау
ІҮ.Сергіту сәті
Қанат жаям жалма-жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына
Ү. Оқулықпен жұмыс
- оқушыларға №1 есепті шығарту.
№1.
7+1=8 4+2=6
9-2=7 8-0=8
4-2=2 7-3=4
Ү. Дәптермен жұмыс
№2. Салыстыр
4 см*3см 7*7+1
7см*9см 9*9-1
6 см*8 см 3*3+3
№3. Суреттер бойынша теңдіктер құрастыр
4+4=8
7-2=5
2+4=6
ҮІ. Дидактикалық ойын «Толықтыр» ойыны
Оқушыларға тор көздерде орналасқан сандар беріледі. Сандардың ішінде жоқ сандарды тауып, кітапқа белгілейді.
Салыстыру амалдарына байланысты есептер берілген. Оқушылар берілген суреттердің санын есептеп, салыстырады.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
-жазу, есеп шығару;
-Оқушыларды мадақтау;
Тексерілді:...............................