Пәннің аты: математика 4 «Ә»сыныбы | Күні 20.01.2017ж |
Сабақтың тақырыбы: | Қайталау |
Жалпы мақсаты: | Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту мен бөлуді пысықтау,өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Логикалық ойын дамыту. |
Күтілетін нәтиже: | Бөлу мен көбейтуді орындайды,тексереді және қалай орындалғанын түсіндіреді. Топпен есепті шығарады; Жай теңдеуді шешіп,шаршының белгісіз қабырғасын теңдеу құру арқылы шығарады; Ұлттық ойындар туралы мағлумат алады; |
Керекті жабдықтар: | Интербелсенді тақта,бейнежазба,бағалау парақшасы,сандықша,қоржын,асық |
Әдіс-тәсілдер,модульдер: | Сын тұрғысынан ойлау,диалог, «Бас бармақ»әдісі,Акт.ОҮБ жәнеОБ,дарынды және талантты баланы анықтау, оқытудағы басқару және көшбасшы |
Пәнаралық байланыс: | Ұлттық дүниетаным,әдебиет,логика әлемі |
Сабақтың барысы: | |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті : | Оқушының әрекеті: |
Кіріспе | Балалар ,бүгінгі сабағымыздың тапсырмалары мына ескі сиқырлы сандық ішінде. Бұл сандық ашылу үшін,бір шумақ тақпақ айтып жіберейік. Психологиялық дайындық Біз бақытты баламыз, Күннен шуақ аламыз. Жан-жағыма қарап ап, Аздап күліп аламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз. Балалар , сонда да ашылмады. Енді ,алдымыздағы смайликтерді алып,сабақтың алдындағы өз көңіл күйлеріңді білдіріңдер, мүмкін сонда сандық ашылып қалар. Жарайсыңдар,балалар! Сандық ішінде қоржын бар екен. Қане,ашып қарайық. Ребус шешіп,топтарға ат берілсін депті. 1топ Көкпар 2 топ Асық 3 топ Алтыбақан Міне ,қызық,ұлттық ойындар аттары шықты. Бағалау парақшасымен таныстыру О.аты | топ | №2,3 | теңдеу | Кім жылдам? | Ұпай баға | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Оқушылар бірге хормен мәнерлеп айтады; Өз көңіл күйіне сай смайликті алып,көрсетеді. Әр топ ребус шешеді |
Тұсау кесу | Үй жұмысын тексеру №8 оқыту,талдау Ауызша есептер шығару 52*2 53*2 30 саны 2100 санынан неше есе кем? 40 саны 3200 санынан неше есе кем? Дәптер ауыстыру | |
Негізгі бөлім Жаңа сабақ | Дәптермен жұмыс 20 қаңтар Қайталау Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы тапсырмаларды ретімен топқа бөліп,орындау. №1 ауызша орындалады Топта талдап,бөлудің қалай орындалғаны түсіндіріледі. №2,3 Топтық жұмыс 604*45=27180 3002*32=96064 640*52=33280 68102/34=2003 17710/35=506 39420/54=730 №5бұл тапсырманы А3 қағазға постер есебінде қорғайды. | Дәптерге күннің жады мен тақырыпты жазады; Топта талдап,бір оқушы түсіндіреді, Тақтаға шығып, орындарында дәптерге орындайды; Топпен бірге орындайды,бір оқушы шығып орындайды; |
Сергіту сәті | Ұлттық ойындар туралы мәлімет Бейнежазба көрсету | Бейнежазбаны тамашалайды; Ұлттық ойындарға тән қимылдар жасайды; |
| №7 теңдеуді шеш Оқушы орындығына стикер жапсыру x/30=80 40*x=1200 360/x=30 x=2400 x=30 x=12 №8 өзіндік жұмыс Х*4=24 x=24/4 x=6 6*4=24 Кім жүйрік? №9 (101*37+1263)/25*5-1000=0 (4939-4939)*247/247+1800-1000-800=0 | Орындық артында стикері бар оқушы тақтаға шығып орындайды; Әркім өз бетімен орындайды; |
| | |
| Шығармашылық тапсырма 4 цифрын төрт рет пайдаланып,3 санын қалай шығарып алуға болады. (4+4+4)/4 (4*4-4)/4 Сандық ішінде асықтар бар екен. Әр топ бір асықтан алып логикалық тапсырмаға жауап береді. Үстел үстінде үш стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды? 3 Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
| Оқушылар өз нұсқаларны ұсынады; |
Бекіту Кері байланыс | «ия» немесе «жоқ» Бөлінгіш пен бөлгішті баған түрінде жазамын... Көбейткіштерді бұрыштап жазамын... P=4*a,шаршының периметрін табу формуласы Х*80=160 теңдеуінде екінші көбейткіш белгісіз «бас бармақ»әдісі | Ия,жоқ деп жауап береді; Сабақ ұнаған, ұнамағанын бас бармақ арқылы білдіреді; |
Бағалау | Бағалау парақшасындағы ұпайларын мектеп бағасына айналдыру. | Күнделіктеріне баға қою. |
Үстел үстінде үш стақан шие тұр. Марат бір стақан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды?
Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?