Әдіс - тәсілдер: кубизм әдісі,кемпірқосақ әдісі, жұптық, топтық жұмыстар, сахналау.
Сабақтың ережесі:
1. Белсенді қатысу
2. Тыныштық сақтау.
3. Бірін - бірі тыңдау.
4. Өз ойын ашық айту.
5. Сыйластық
6. Ынтымақтастық
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге осы сабағымызға сәттілік тілеймін. Олай болса, достарымызды бір қуантып алайық.
Психологиялық дайындық «Сағат бойынша достар» ойыны.
Шарты: Сағаттың әр санына байланысты достарына жақсы көңіл-күй сыйлайды.
1. Қолын қысыңыз
2. Арқасынан қағыңыз
3. Қол ұстасып күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Бір –біріңнің алақандарыңызды тигізіңіз
7. Бір -біріңнің иықтарыңды түйістіріңіз
8. Иығынан қағыңыз
9. Массаж жасаңыз
10. Арқаларыңды түйістіріңіз
11. Құшақтаңыз
12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
2. Оқушыларды топқа бөлу. Жыл құстарын атау. Құстардың атауымен бөлу.
І топ –көгершін тобы ІІ топ –қарлығаш тобы
Бүгін біз сендермен, жұпта, топта бір-бірімізбен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Ал, әр топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады.
-Математика пәнінен қазір қай бөлімді өтіп жатырмыз?
-Жазбаша көбейту және бөлу.
-Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтуді өтіп жатырмыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №10 мысалдарды екі топтан төрт оқушыға оқытып,тексеру.
ІІІ.Өткен тақырыптарды қайталау .
1. «Кубизм» әдісі бойынша мына кубикті әр топқа иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіңдер.
- Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін атаңдар.
- Азайтудың компоненттерін атаңдар.
-Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
- Бөлудің компоненттерін атаңдар.
- Өрнектер нешеге бөлінеді?
-Санды өрнек дегеніміз не?
-Әріпті өрнек дегеніміз не?
- Теңдеу дегеніміз не?
-Теңдеудің неше түрі бар? (қарапайым, күрделі)
-Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?
(ұқсастығы екеуі де теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қарапайым: тек қана бір амалмен орындалады)
-Тік төртбұрыш дегеніміз не?
/Қарамақарсы қабырғаларының ұзындығы тең геометриялық фигураны тік төртбұрыш дейміз./
-Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
ІV. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қайталау.
Іс әрекеттер.
Оқулықпен жұмыс. Әр топқа жұмыс беріледі
№ 1
І топ –көгершіннің тапсырмасын орындайды.
ІІ топ –қарлығаштың тапсырмасын орындайды.
№ 2 Кестені толтыр
Қазір біз сендермен «Кемпірқосақ» әдісі арқылы кестені толтырамыз. Мен әр оқушының алдына 5 түс жабыстырып қойдым. Әркім өз түстері бойынша кестедегі амалдарды орындайды. (сары, жасыл, қызыл, көк). Ондағы мақсатымыз жазбаша қосу және азайту тәсілдерін меңгеріп келген оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, кестедегі белгісіз компоненттерді табуға тырысады. Кестедегі белгісіз компонеттерді атап кету. Және кестедегі белгісіз компонеттерді табу жолдарын түсіндіру.
сары
жасыл
қызыл
көк
қөкшіл
Қосылғыш
163
151
810
Қосылғыш
279
130
106
Қосындының
мәні
400
390
1000
300
сары
жасыл
қызыл
көк
көкшіл
Азайғыш
600
420
300
Азайтқыш
150
59
64
71
Айырманың
мәні
200
100
71
Көктемде өсетін гүлдерді ату.
Қызғалдақтың тапсырмасын орындау.
№ 3 Амалдар тізбегін орында.
180*2+140=360+140=500 230*3-190=690-190=500
180*3-40=540-40=500 230*2-60=460-60=400
500+500=1000 500+400=900
№ 4 Салыстыру. Ұзындық бірліктерін атау.
5 дм 3 см х 2 * 120 см 700 кг – 126 кг х 2 * 300 кг
6 м 4 см х 3 * 250 см 500 кг + 137 кг х2 * 1 т
№ 5 Теңдеулерді шеш. Деңгейлік тапсырма.
Х+( 600-127) =850 900-а = 340+180
Сергіту сәті.
№ 6 Есепті шығару. Есепті І топ –көгершін тобының оқушыларына оқыту.
Талдау, талқылау.
Бір тәулікте-200 л су ағып кетеді
Бір аптада неше литр су ағып кетеді?
Шешуі: 200х7 1400 л.
Жауабы: Бір аптада 1400 литр су ағып кетеді.
№ 7 Есепті шығару. Есепті І І топ –қарлығаш тобының оқушыларына оқыту.
Талдау, талқылау.
Вагонда- 10 купе бар
Әрқайсысында- 36 орыннан бар
Жолаушы отырды-280
Поезда неше орын бос қалды?
Шешуі: 10х36 =360 барлық орын
360-280=80 орын
Жауабы: Поезда 80 орын бос қалды
/ Үйге тапсырма/
№ 9 Сынық сызық- ABCD
AB- 6 см
BC- ? 2 есе қысқа
CD- ? 2 см ұзын
Сынық сызықтың ұзындығын тап.
Шешуі: ВС- 6:2=3 см
CD- 3см+2см=5 см
6 см+3см +5 см = 14 см
Жауабы: Сынық сызықтың ұзындығы 14 см
№ 10 Сахналау
Екі қызда барлығы 9 шар болды. Бірінші қыздың 2 шары, ал екінші қыздың 3 шары ұшып кеткенде, қыздардың шарлары тең болды. Әр қыздың қолында неше шардан болды?
Y. Бағалау.
Өзін- өзі бағалау, жұптық бағалау, топтық бағалау.