http://Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 3 - ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру. Көбейту кестесін құруды, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін өздігінен жұмыс істеу дағдысын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім, білік, дағдыларын кеңейту, қиялын, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын, математикалық диктант, логикалық сұрақтар. Пәнаралық байланыс: ана тілі Көрнекілігі: көбейту кестелері, үлестірмелі қима қағаздар, көбейту кестесіне байланысты суреттер.
