1. Оқушыларды ұйымдастыру: психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (4 оқушы оқиды- әр оқушы өз дәптерін тексереді)
II. Негізгі кезең
3. «Күніміз ашық болсын!»(7- нің көбейту кестесіне ауызша есептеу). Ойыны.
Мақсаты: Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу. Яғни артындағы көбейту кестесін айту.
4. Хормен 7-нің көбейту кестесін айту.
5. Күніміз жарқырып тұр. Көңіл- күйіміз қалай? Келесі беттегі № есепті орындасақ, бізді бір тосын сый күтіп тұр. Сондықтан бірлесе отырып есепті шығарсақ.
I топ оқушылары: 140 бет № 5 (есепті өз бетімен).
6 * 25
2 3 4 5 6 7 8 9
Сергіту сәті.
6. Сендерді күтіп тұрған тосын сый «Киндер сюрприз» деген сүйікті жұмыртқаларың. Осы жұмыртқаны ашып, ішіндегі қандай ойыншықтар барын білу үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз (ойыншықпен бірге логикалық есептер.)
1 қатарға:
Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 балық
Сынайын бір ал сені
Бала сонда қанша еді?
(Ш: 15:5=3 бала)
2 қатарға:
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?
(5х5-1=24 алма)
ә) Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлақтары ғана көрініп тұр: Қанша қоян?
б) Бір ұршық жіптен 2 балаға қолғап шығады. 4 ұршық жіптен неше балаға қолғап шығады?
в) Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?