Білімділік: ??рамында берілетін сандарды ?осу ж?не азайту амалдарына с?йкес алгаритмдер бойынша ?рнектер ??ру. Белгісіз санны? орнына сандарды ?ойып, мысалдарды шешу жолына т?сінік беру.
Дамытушылы?ы: Ойын т?рлері мен с?ра? тапсырмаларды шеше отырып.танымды? ?абілетін, ой-?рісін ж?не логикалы? ойлауын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«математика ?ріпті ?рнек»
Математика.
Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құрамында берілетін сандарды қосу және азайту амалдарына сәйкес алгаритмдер бойынша өрнектер құру. Белгісіз санның орнына сандарды қойып, мысалдарды шешу жолына түсінік беру.
Дамытушылығы: Ойын түрлері мен сұрақ тапсырмаларды шеше отырып.танымдық қабілетін, ой-өрісін және логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа,зеректілікке және тиянақтылыққа баулу.
Сабаққа көрнекілік: Үлестірмелі кеспе қағаздар,перфокарталар,логикалық есептер, тест жұмыстары,магнитті тақта.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, өзіндік жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ана тілі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру: оқушы көңілін сабаққа аудару.
б) Үй тапсырмасын тексеру және сұрақтарға жауап алу.
1. Үш таңбалы сандарды атаңдар: ( 100-ден 999-ға дейін)
Ал, балалар, осы жерде қазақ тілі сабағына оралайық. «Өрнек» -- сөзінде неше дыбыс,неше әріп, неше дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс және неше буын бар? ( 5-әріп, 5- дыбыс, 2- буын, 2-дауысты, 3-дауыссыз дыбыс)
Өрнек – сөзінен бірнеше сөздер шығару – өр, кен, ен, ер, көр, Өркен, өре.
Сонымен математикалық тілмен айтқанда өрнектер 2-ге бөлінеді.
Олар: санды өрнек және әріпті өрнек.
1.Санды өрнек – сандарды амал таңбалары мен жақшаларды пайдаланып жазылатын өрнек
Мысалы: 5+9 (23+10) -30 100+70
2.Әріпті өрнек – әріптерді, сандарды және амал таңбалары мен жақшаларды пайдаланып жазылады Мысалы: 30-х 25+у 14+10 –а Осы жерде қосу,азайту,көбейту мен бөлу амалдары арқылы өрнектер жазылып,ары қарай өрнектің шешімі табылады.
Ауызша және жазбаша бірнеше мысалдарды тақтаға жазып, мұғалім оқушыларға түсіндіреді.
Ауызша жұмбақ есептер шешу. Мұнда балалардың ойлау қабілеті мен сабаққа деген қызығушылығы артады.
1-жұмбақ. Қанша бала? Әсел шұлық тоқып отыр. Шолпан қазан асып жатыр, Майра сабақ оқып отыр. Қуыршағын жуындырып Сара сырмақ сырып отыр, Ләззәт отыр киіндіріп. Бекен отын тасып жатыр. Алданбайды Мұрат бірақ, Апасынан кәмпит сұрап. ( Жауабы: (7бала)
2-жұмбақ. Неше жапырақ?
Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді. Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? Жел соқты да үзіліп, үшып кетті біреуі. ( Жауабы: 10 -1- 5=4 жапырақ) Ізінше оның жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Оқулық бойынша тапсырмалар орындау.
№3 Күрделі теңдеуді шешу.
35 – х =5*6 х – 18 = 100:10
35 –х =30 х -18 = 10 х = 35 -30 х = 18 +10 х = 5 х =28 35 -5 = 30 28 -18 = 10 30 = 30 10 =10
«Кім жылдам?» - сұрақ –жауап арқылы оқушылардың білім деңгейін пысықтау.
а) 1-ден 1-еуі артық сан. ( 2) б) 20 санының 8 санынан нешеуі артық? (12 ) в) «Кел, балалар, оқылық!» - өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин) г) Адам тамақ істерде қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады) д) Үшбұрыш қабырғалары неден құралады? ( кесінділерден)
Сергіту сәтін орындау. Жел уледі, құйын келіп биледі. Қатты –қатты жел соқты, жапырақтар қол соқты. ( Қимыл арқылы көрсету.)