kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика еліне саяхат" атты саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

  • Балаларды? ?ткен та?ырыптар бойынша  ал?ан білімдерін ж?йелеу, ?айталау. ?з білімдерін тексеруге м?мкіндік  ту?ызу.
  1. О?ушыларды? математика еліне ойша саяхат жасау ар?ылы, а?ыл-ойын,

     ой-?рісін, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

  1. Тап?ырлы??а, жылдамды??а, ептілікке  т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика еліне саяхат" атты саба? жоспары»

Тулешова Акзираш Казезовна

I санатты, бастауыш сынып мұғалімі

«Қайранкөл орта мектебі» КММ

Қайранкөл ауылы, Жамбыл ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы



Математика еліне саяхат

1 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Балалардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу, қайталау. Өз білімдерін тексеруге мүмкіндік туғызу.

  1. Оқушылардың математика еліне ойша саяхат жасау арқылы, ақыл-ойын,

ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  1. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: саяхат сабағы.


Сабақтың типі: қайталау.


Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта «Математика еліне саяхат» картасы, кеме, ойын материалдары, суреттер, алма ағашы,үлестірмелі таратпалар (теңіз балықтары, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сиқырлы пішіндер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.



  • Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені көптеген қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дегендей, қонақтарға жақсы жағымызбен, білімімізбен көрінейік.

  • Біз бүгін сабағымызды «Білім теңізінде» кемемен жүзе отырып, «Математика еліне» саяхат жасаймыз, яғни өткен тақырыптарды қайталаймыз.

Ал, кемеге отырып саяхатқа шығу үшін, балалар, біз билет сатып алуымыз керек. Билет алу үшін бізге ауызша сұрақтар қойылады және тапсырмалар беріледі, соған жылдам жауап беруіміз керек.

  • Бізге математика сабағында есеп шығару үшін не қажет? (сандар)


1 – тапсырма: 0ден - 10ға дейін ауызша өсу және кему ретімен санату.

1-балаға өсу ретімен

2-балаға кему ретімен.


2 – тапсырма: карточкалар көрсетемін, балалар қандай таңбалар екенін айтады:

1. + - = (қосу, айыру, тең)

2. 2+3 (өрнек)

3. 5=5, 7=7 (тура теңдіктер)

4. 64, 8


3 – тапсырма: қосудың, азайтудың компоненттерін ата:

(1қосылғыш + 2қосылғыш)=қосындының мәні

(азайғыш - азайтқыш) = айырманың мәні

4 – тапсырма: геометриялық фигураларды ата:

Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша.

  • Өте жақсы, балалар, билетті алдық.


2. - Мына картадағы «Білім теңізі». Осы «Білім» теңізінің үстінен жүзе отырып кемемен бірнеше аралдардан өтіп, «Математика» еліне жетуіміз керек. Онда бізді үлкен олжа күтіп тұр.

Ал, балалар, саяхатқа шығуға дайынбыз ба?

Олай болса бәріміз бірге ұранымызды айтайық:

Біз ақылды баламыз,

Есеп, жұмбақ, ойынның,

Жауабын тез табамыз.

Туын ұстап білімнің,

Саяхатқа шығамыз.

  • Жарайсыңдар, балалар! Барлығымыз көзімізді жұмып, өзімізді үлкен кемеде отырмыз деп елестетейік. Біз кемемен теңізде жүзіп келеміз. Судың түсі көгілдір, мөп-мөлдір толқып жатыр. Біз теңіздің ортасына да келіп қалған сияқтымыз. Күн шуағын шашып тұр. Теңіздің ортасында шағалалар ұшып жүр. (теңіздегі кеменің суреті көрсетіліп, теңіз толқындарының және шағалалардың айқайы жазылған үнтаспа қосылады)

  • Ал, енді көзімізді ашып, «Математика» еліне саяхатқа шығайық.

  1. Ең алдымен «Сандар аралына» келіп тоқтайық!


Бұл аралда сендерге «Қандай сандар жасырынып тұр?» ойыны беріліп тұр екен.

Ойынның шарты: жасырынған сандарды тауып, тиісті орнына жазасыңдар. Ойындағы тапсырманы жақсы орындаған балаларға «Білім» теңізінің алтын балықтарын таратамын.


5 + *=6 4 + * = 7 3 + * = 9

* + 5 =6 * + 4 = 7 * + 3 = 9

6 - * =* 7 - * = * 9 - * = *

6 - * = * 7 - * = * 9 - * = *


  • Сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. «Сандар аралында» білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Олай болса «Білім» теңізінде ары қарай жүзейік.


  1. «Ертегілер аралына» келдік.

Бұл аралда сендерді ертегі тыңдау күтіп тұр екен.

Достар ертегісі


Ертеде бір қонжық өмір сүріпті. Қыс мезгілі екен. Қонжыққа бір күні мысық пен қоян қонаққа келеді. Сөйтіп үшеуі дос болады. Қыс мезгілінде далада адасып қалған балапан тоңып, қонжықтың үйіне келеді. Қонжық аязда тоңып қалған балапанды тамақтандырып, күтеді. Сөйтіп қонжық, мысық, қоян және балапан төртеуі сол кезден бастап айырылмайтын дос болыпты.


  • Ертегі сендерге ұнады ма?


  • Кейіпкерлердің әкелген тапсырмалары бар.


Олардың тапсырмалары:


Мысықтың тапсырмасы: 2 мен 4тің қосындысының мәнін тап.

Қоянның тапсырмасы: 7 мен 3тің айырмасын тап т.б.

Балапанның тапсырмасы: 5 пен 3тің қосындысын тап.

Қонжықтың тапсырмасы: 10 мен 4тің айырмасын тап.

Тапсырманы орындаған балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін таратам.


Келесі «Сиқырлы пішіндер» аралына жол тартайық.


+ = + =

+ = ? + = ?


Сиқырлы пішіндердің сырын тапқан оқушыларға пішіндер таратамын.


Логикалық тапсырма: «Төрт мысық»

Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әр мысыққа қарама-қарсы 3 мысық отыр. Мысықтар нешеу? (4)


Енді, балалар, біз «Сиқырлы пішіндер» аралындағы « Демалыс» алаңына барайық!



Сергіту сәті «Көңілді күн»


Бұл аралда мен сендерге сандар көрсетемін, ал сендер сол санға қатысты санамақ айтып берулерің керек. (1,3,4,5,6,7,8)


Ойын: «Сан құрамын тап»


  • Жарайсыңдар, балалар! Сендер сиқырлы сандардың сиқырын аша білдіңдер, «Демалыс» алаңына барып, демалып та алдыңдар.

  • Міне, балалар, «Білім» теңізінде орналасқан аралдардағы тапсырмаларды жақсы орындап, «Математика» елі, «Олжа» аралына да келіп жеттік.



«Олжа» аралында үлкен алма ағашы тұр. Бұл алма ағашы сендерге алмаларын тарту етпекші. Алмаларын теріп алу үшін сендерге шығармашылық тапсырма беріліп тұр. Осы тапсырманы дұрыс орындағанда ғана алмаларды теріп алып, үлкен олжаға ие боламыз.

Топтық жұмыс

I-топ


1. Есеп шығару.

Мираста 8 сурет болды. Ол 5 суретті бояды. Боялмаған неше сурет қалды?


II-топ


2.Кестені толтыр.


2 + 6 7 + 3

8 – 5 9 - 5

7 – 4 6 + 4

10 – 2 3 + 4


Қосылғыш





Қосылғыш





Қосындының мәні





Азайғыш





Азайтқыш





Айырманың мәні





V. Қорытынды.

- Балалар, сендер бұл сабақта «Математика еліне саяхат» жасай отырып, білімдеріңді шыңдап, дамыта түстіңдер, аралдағы бірнеше тапсырмаларды өте жақсы орындап «Білім» теңізінің алтын балықтарына, ертегі кейіпкерлеріне, сиқырлы пішіндерге ие болдыңдар. Енді міне, «Олжа» аралының да тапсырмасын орындап, үлкен олжаға кенелдіңдер. Сендерге алма ағашы алмаларын тарту етті . (Алма тарату)

VI.Рефлексия:

- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Сабақтан алған әсерлеріңді тақтаға іле қойыңдар. (көңілді, көңілсіз смайликтер)



VII. Бағалау.

Қызыл алма алғандарға - «5»

Жасыл алма алғандарға - «4»









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Математика еліне саяхат" атты саба? жоспары

Автор: Тулешова Акзираш ?азез?ызы

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 294926

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Саба? жоспары. Та?ырыбы: "Таби?ат еліне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(50) "sabak-zhospary-tak-yryby-tabig-at-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "137144"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417275502"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "fizika_lieminie_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "465855"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523461699"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "«География әлеміне саяхат»."
    ["seo_title"] => string(26) "geografiia_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "521388"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1569837895"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства