kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары. Та?ырыбы: "Таби?ат еліне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасы Жамбыл облысы, Байза? ауданы, ?. М?ратбаев атында?ы мектеп-гимназиясыны? бастауыш сынып м??алімі С?улебекова Ба?ила Мейрамбековна

Ескерту:  д?ниетану п?ні бойынша та?ырыпты? –к?нтізбелік жоспар со?ында топсеруенге арнал?ан 2 са?ат ?алады. Егер осы саба? жоспарын ?з ?алауы?ызша ?згертіп пайдаланса?ыздар о?ушыларды?  ?орша?ан орта туралы таным-т?сінігі ке?ейіп, ?орша?ан орта?а жайлы  экологиялы? біліктілігі арта т?седі деп ойлаймын.

Саба?ты? та?ырыбы: Таби?ат еліне саяхат. (2 са?ат?а арнал?ан)

Ма?саты:

  1. ?орша?ан орта, к?ркем ?дебиет, математика, технология п?ндеріні? арасында?ы байланыстылы? туралы к?з?арас ?алыптастыру.
  2. О?ушыларды? экологиялы?, экономикалы? сауатты, м?дениетті т?л?а болып ?алыптасуына к?мектесу.
  3. О?ушыларды этнопедагогика негізінде экологияны са?тау?а жанашырлы??а, таби?атты? т?тасты?ын са?тау?а к?мектесуге т?рбиелеу.

?тілу ?дісі: сын т?р?ысынан ойлау.

Саба?ты? т?рі : саяхат саба?.

Саба?ты? к?рнекілігі:  суреттер, слайдтар, интерактивті та?та, с?зж?мба?, ребустар, т.б.

            Біз б?гін таби?ат еліне саяхат?а шы?а отырып, ?рт?рлі аралдардан, тос?ауылдардан ?туіміз керек.

            Таби?ат. Б?л- орман, дала, те?із, ?зен, ж?лдыз, к?н, жел, г?лдер, ж?ндіктер-бір с?збен айт?анда адамны? е?бегінсіз жасал?анны? барлы?ы. Таби?аттан к?птеген тамаша ??былыстарды: а??ан ж?лдыздарды, ?ымбат тастарды, жар?ылда?ан найза?айды, кемпір?оса?ты к?руге болады.

            Бір кездерде адам таби?аттан тап?анын ?орек етіп, ??гірлерде т?рып, осы таби?атты? бір б?лігі бол?ан. Одан кейін адамдар таби?атты біртіндеп ?згерте бастады. Тауларды ?опарып, жерді? бетін ?згертті.

            ?азір адамдар таби?атты ?з ?алауынша ?згертпеу керек екенін , оны са?тау таби?атты? берген сыйын ?те ??ыпты пайдалану ?ажеттігін т?сіне бастады. Егер адамдар тіршілік за?дарын жа?сы біліп, ?зіні? айналасын ластамай, таби?атпен дос болса, жер бетіндегі ?мір б?дан да керемет болар еді.

            Сонды?тан, балалар, таби?атта бір н?рсені  ?згертпес б?рын м?ны? арты неге ?келіп со?атынын біл. Таби?ат, адам ?мірі бір тізбек сия?ты, бір д?нін ж?лса? тізбек ?зілетіндей бір-бірімен ?те ты?ыз байланысты.  Сонды?тан хал?ымыз ?рпа?тарына таби?атты аялауды ?р?ашан ?деппен а??артып о тыр?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары. Та?ырыбы: "Таби?ат еліне саяхат" »

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сәулебекова Бағила Мейрамбековна


Ескерту: дүниетану пәні бойынша тақырыптық –күнтізбелік жоспар соңында топсеруенге арналған 2 сағат қалады. Егер осы сабақ жоспарын өз қалауыңызша өзгертіп пайдалансаңыздар оқушылардың қоршаған орта туралы таным-түсінігі кеңейіп, қоршаған ортаға жайлы экологиялық біліктілігі арта түседі деп ойлаймын.

Сабақтың тақырыбы: Табиғат еліне саяхат. (2 сағатқа арналған)

Мақсаты:

  1. Қоршаған орта, көркем әдебиет, математика, технология пәндерінің арасындағы байланыстылық туралы көзқарас қалыптастыру.

  2. Оқушылардың экологиялық, экономикалық сауатты, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

  3. Оқушыларды этнопедагогика негізінде экологияны сақтауға жанашырлыққа, табиғаттың тұтастығын сақтауға көмектесуге тәрбиелеу.

Өтілу әдісі: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі : саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, ребустар, т.б.

Біз бүгін табиғат еліне саяхатқа шыға отырып, әртүрлі аралдардан, тосқауылдардан өтуіміз керек.

Табиғат. Бұл- орман, дала, теңіз, өзен, жұлдыз, күн, жел, гүлдер, жәндіктер-бір сөзбен айтқанда адамның еңбегінсіз жасалғанның барлығы. Табиғаттан көптеген тамаша құбылыстарды: аққан жұлдыздарды, қымбат тастарды, жарқылдаған найзағайды, кемпірқосақты көруге болады.

Бір кездерде адам табиғаттан тапқанын қорек етіп, үңгірлерде тұрып, осы табиғаттың бір бөлігі болған. Одан кейін адамдар табиғатты біртіндеп өзгерте бастады. Тауларды қопарып, жердің бетін өзгертті.

Қазір адамдар табиғатты өз қалауынша өзгертпеу керек екенін , оны сақтау табиғаттың берген сыйын өте ұқыпты пайдалану қажеттігін түсіне бастады. Егер адамдар тіршілік заңдарын жақсы біліп, өзінің айналасын ластамай, табиғатпен дос болса, жер бетіндегі өмір бұдан да керемет болар еді.

Сондықтан, балалар, табиғатта бір нәрсені өзгертпес бұрын мұның арты неге әкеліп соғатынын біл. Табиғат, адам өмірі бір тізбек сияқты, бір дәнін жұлсаң тізбек үзілетіндей бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан әдеппен аңғартып о тырған.

Табиғат туралы ырым-тыйымдар:

  1. Көкті жұлма, 4. Құс ұясын бұзба,

Көтей соларсың. Жұмыртқасын алма.

  1. Малды теппе, 5. Суды улама, суға түкірме.

Ақты төкпе.

  1. Малды басынан ұрма, малға теріс мінбе.

Табиғатты аялап, оның пайдасын көре білген , заңдылықтарын және сиқырлы сырларын байқай білген халқымыз табиғатты зерделей келе болжамдар да жасай білген.

Халық болжамдары:

«Құс қанаты»- наурыз айының 26-28-іне сәйкес келеді. Қайтқан құстардың сусылдаған қанатының ызғарынан ауа райы суытып, жапалақтап қар жауады. «қардың басын қар алар»- дегендей, бұл сол жылғы соңғы қар деп есептелген.

«Қызыр қамшысы»- сәуірдің 17-19-ы күндері ауа райы суытып, жаңбыр жауады да, жерімізге келген құстар ұя басуға жатады.

«Тасбақа дауылы»- көктемде сәуір айында тасбақа қысқы ұйқысынан оянып, жер бетіне шығады. Ол әлсіз болады, үстіндегі топырақ қалдығын қатты дауыл ұшырып әкетеді.

«Құралайдың салқыны»- мамыр айының 15-28 –і шамаларында болады. Нөсер жаңбыр жауып, ауа райы суытады. Жас құралайлар суықтан ширығып, қатал табиғат жағдайына бейімделеді.

«Боқырау»- қазан айының 3-5 шамаларында болады. Бұл суықта алғаш рет көкті үсік шалып, даладағы су бетіне мұз тұрады. Сиырдың ертеңгі жапасы тоңазиды. Егер «боқырауда» су қатпаса, қыс кеш түседі деп болжаған.

Топтастыру:

-Қазір қандай экологиялық проблемалар туындауда?



экология


Міне , балалар, біз «Білім мұхитынан» жүзіп өттік .

Келесі аралымыз «Байланысшылар» аралы. Бұл аралда өздеріңнің тапқырлықтарыңды көрсетулерің керек . Қолдарыңдағы ребустарды шешіп, жауабы жазылған үйлерге тапсырасыңдар.

Келесі арал: «Қызыл кітап» аралы.

-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз делінген. Сондықтан, біз өз ауылымызды көркейтуге, табиғатын қорғауға белсене қатысып, қоршаған орта туралы көп білуіміз керек. Бұл аралда топқа бөлініп жұмыс істейміз. 1-ден 4-ке дейін санау арқылы 4 топқа бөлінеміз.

1-топ. «Құстар», 2-топ «Өсімдіктер», 3-топ «Жануарлар», 4-топ «Жер шары». Әр топқа үш тапсырмадан беріледі.

«Құстар» тобы.

  1. «Қандай құс?» суретті жұмбақ. Шешуі: үйрек, қарлығаш, қаздар.

  2. Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы туралы айт.

Көкек –пайдалы құс. Көкектің балапаны бір күнде ғана 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын , шытырлақ қоңыздардың 50 жұмыртқасын, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.


Мен торғаймын, торғаймын

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.


Торғай 1 жылда 1 миллионға жуық жәндік жейді.

Үкі едім түнде ұшып қалықтаған

Құртудан зиянкесті жалықпаған.

Үкімді үлпілдеген киелі деп,

Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.


Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан

Қорегімді іздеймін алыстан

Іннен басы қылт етсе-ақ тышқанның

150-ін әр ай сайын жанышам.

  1. Жұмбақтарды шешу.


Көлдің көркі сәні екен

Ұшқанда сазды әні екен

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған. (Аққу)


Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын, өзі ала

Бұл қандай құс? (Сауысқан)


Көктемде құстар келгенде

Ең алдымен келетін,

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)


Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)


«Өсімдіктер» тобы

  1. Өсімдіктерге байланысты мақал-мәтелдер айт.


Дәрі шөптен шығады

Дана көптен шығады.


Гүл өссе- жердің көркі,

Қыз өссе- елдің көркі.


Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.


  1. Өсімдіктердің пайдасы, дәрілік қасиеттері туралы айт.

Сарымсақ- антибиотик. Ауырып қалсаңыз сарымсақты пайдаланыңыз.

Лимон- егер басыңыз ауырса, лимонның ішіндегісін алып тастап, қабығын 20 минут ішкі жағына қарай ауырған жерге басу керек. Егер ол жер қызарып кетсе, сәл ашытса ем қонып, ауру басылады.

Өгейшөп- мұнымен асқазан, ішек, бүйректің қабынуын емдейді. Өт айдауға, тер шығаруға пайдаланады. Бастағы қайызғақ пен шаш түсудің алдын алуға көмектеседі.

Бозермен- денедегі суықты шығаруға таптырмас ем. Жөтелге қарсы суға қайнатып пайдалану керек.

Інжугүл-жүрек қызметін жақсартады, иіссу алынады.

  1. Жаңылтпашты жаңылмай айт.


Сулы жерде жалбыз бар

Жалбызға сен жалғыз бар

Жалғыз бар да, жалбызды ал.


«Жануарлар» тобы

  1. Қандай жыртқыш аңдарды білесің?

(аю, арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, сілеусін, қабылан)

  1. Төрт түлік және олардың пірлерін ата.

Қой, ешкі- Шопан ата, Сексек ата

Жылқы-Қамбар ата

Сиыр-Зеңгі баба

Түйе –Ойсыл қара

  1. Сұрақтар

1) Мақалды жалғастыр

Ер қанаты- ... .

2) Жеті қазынаның құрамына қандай жануарлар кірген? (жүйрік ат, ұшқыр тазы)

3)Сарыкемердегі экологиялық проблема болып тұрған кеміргішті ата. (атжалман-крыса)


«Жер шары» тобы

  1. Эколог маман қандай қызмет атқарады?

(Табиғаттың тепе-теңдігін сақтауды бақылайды)


  1. Құм көшкіні деген не? Ол қандай проблемалар туындатады?

(Құмды аймақтарда сусыған құм желмен жылжып аулаларды, қора-қопсы, үйлерді басып қалады. Оны болдырмау үшін құмда өсетін сексеуіл, жыңғыл сияқты бұталарды көп отырғызу керек. )

  1. Қазақстанда 1/3 бөлігі қалған теңізді ата және одан қандай экологиялық проблема туындауда?

(Арал теңізі. Оның суы тартылып қалған жерін тұз басып жатыр. Ол жер бетін сорға айналдырып өсімдіктер өспей жойылуда, түрлі аурулар көбеюде.)

Сергіту сәті . Өсімдіктің өсуін пантомимо арқылы көрсету.

«Су-тіршілік көзі» бөгеті.

1. «Білгенге маржан». Су –қажеттілік. Оны мысалдармен дәлелде.

Бір бөлке нан болатын бидайды өсіруге 200 литр су керек.

1л. Мұнай үшін 10л. су керек.

1т. көмір өндіру үшін 6т. су керек.

1т. мақта өсіру үшін 200т су керек.

Адам денесі де судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су болады. Адам су ішпей 6-7 күн ғана шыдай алады.

2. Сөзжұмбақты шешу.

1). Жер астынан атқылап шығатын су көзі. (Артезиан)

2). Өзен, бұлақтың басталатын жері. (Бастау.)

3). Суда жүрсе күлімдейді,

Судан шықса «өлем» дейді. (Балық)

4)Сынаптай жылтырап,

Биіктен сырғиды.

Ән салып, былдырлап,

Іздейді ылдиды. (Бұлақ.)

5).Ол судан қорқады,

Су одан қорқады. (Сабын)

Ерекше бағандағы сөзді оқыту. (Талас)


  1. Ендеше осы Талас өзенінен балық аулайық.

«Балық аулау» ойыны . Өздеріне ұнаған балықты алып, ондағы мақалдарды жалғастыру .

(...) жер- нулы жер.

Бұлақ көрсең көзін (...).

Тамшыдан (...).

Су ішкен құдыққа (...).

Судың бетін (...) қалдырма.


Сабақты қорытындылау.

Әр көктем сайын табиғаттың жаңаруын тамашалағысы келетін адамдар табиғат аясында демалғанды ұнатады. Олар өздерімен бірге сусын, тамақтар ала барады. Сонда көптеп босап қалатын сусын құтыларынан қандай пайдалы заттар жасауға болады?

Әр топ өздері алдын-ала дайындаған пайдалы заттарымен таныстырып, жасалу жолын көрсетеді.

Сонымен, балалар, туған жер табиғатын қорғау керек екен.

Дебат. «Туған жер табиғатын қорғау керек». Бірнеше оқушының пікірі тыңдалады.



Наурыз аруы сайысы

(сынып сағаты)

Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты, білімді, салт-дәстүрді құрметтейтін тұлға ретінде тәрбиелеу.

Өз өнерлерін ортаға салу арқылы көпшілікке өздерін жарнамалау.


Байқауымызды бастамас бұрын, байқауға төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.

Бағалау мынадай тәртіппен өтеді:

  1. Таныстыру.

  2. Өнер сайысы.

  3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.» ою түрлерінің аталуын ажырата білу.

  4. Танымдық сұрақтарға жауап беру.

  5. Қолөнері.

  6. Ас-адамның арқауы. Ас мәзірін таныстыру.


Бар табиғат еміреніп, жан-жануар түлеп, жапан дала жаңғыра бастағанда олармен бірге жасарып, олармен бірге қуанған адамзат баласы да Ұлыстың ұлы күнін ақ жарқын мерекеге айналдырған, оны барша ағайын-туыс, дос-жаран, айналаның бәрі құшақ жая қарсы алып, төс түйістіріп, қол қусырып мәз-мейрам болысқан. Көктемнің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігі табиғат анамен тығаз байланысқан, зерделі ел Жыл басы-Наурыз құтты болсын, халайық! Заманымыз тыныш болсын! Ақ мол болсын!


«Наурыз аруы» сайысына қатысып отырған аруларымыздың жолдары ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп, «Наурыз аруы» атты байқауымызды ашық деп жариялаймыз.


Аруларымызды ортаға шақырайық..


«Хан талапай» асық ойыны арқылы арулар өз нөмірлерін таңдасын.

Ескерту: әр ару шашылған асықтан бір ғана асық алуы тиіс және сол асықтың ойығындағы сан сол арудың реттік нөмірі болып есептеледі. Алты және тоғыз сандары талас тудырмау үшін тоғыз- киелі санын қызыл түспен белгіледік. Ал, қане іске сәт!


Той деп бүгін, көңіл шіркін тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Сыныптағы бүгін болар сайыстың

Сөре жүйрік жыршы бетін ашады, дей отырып, « Той бастар» әнін қабыл алыңыздар.


Жауынменен жер көгерер,

Батаменен ел көгерер, демекші, ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар деген екен, ендеше аруларымызға ақ жол тілеп бата берілсін.


Кішкентай арулар келіп жетті

Бойындағы бар дарынды танытуға.

Жүрексінбей сахнада арулар тұр,

Әдеппен, ізетпен танысуға.-дей келе, аруларымыз өздерін таныстырып өтсін.


Көркемөнер- жас бөбек,

Сүйкімді болар қараса,

Тортасын алған бал қаймақ,

Бойына сылау жақпаса

Үлпілдеген қызыл шоқ,

Басына үкі тақпаса, -дей отырып қыздарымыздың өнерін тамашалайық.


«Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер» демекші біздің қыздарымыз ою түрлерін ажырата біледі оларды қайда , қалай қолдануды да біледі.



Жаңарған сананың

Ұмытады мұны кім?

Ата-салты бабаның

Алып келді осы күн,-дей келе қыздар танымдық және салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берсін.


Қазақ қыздары өте өнерлі болған. Біздің қыздарымыз да өнерден кенде емес. Өздері жасаған қолөнер бұйымдарын жарнамалап көрсету.


Қыздар болашақта бір-бір үйдің тұтқасы. Олар үйде аналарының көмекшісі, қолғанаты. Қазірдің өзінде ас


мәзірінің түр-түрін біледі.

«Ас- адамның арқауы»- демекші ас мәзірін таныстыру.


«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз аяқталып келеді. Аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.


Марапаттаулар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба? жоспары. Та?ырыбы: "Таби?ат еліне саяхат"

Автор: С?улебекова Ба?ила Мейрамбековна

Дата: 29.11.2014

Номер свидетельства: 137144


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства