Ынтымақтастық атмосферасы «Қайырлы күн» деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Біз өмірдің гүліміз, Бірге өтер күніміз. Айналаға алақанмен, Жылылықты шашайық, Сәттілік тілеп, күлімдеп, Біз сабақты бастайық. «Қар кесегі»әдісі (Қайталауға арналған сұрақ-жауап) -Натурал сан қандай саннан басталады? -Екі таңбалы сандар дегеніміз не? -16,15,12 сандарын разрядтық қосылғыштырға жіктеу -Дөңгелек сандар деп қандай сандарды атаймыз? -4,6,8,12 сандарының жартысы нешеге тең? Дескриптор: Өтілген материалдар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Ұжымдық жұмыс Бағдаршам түстерін ретімен орналастыр. Түстерді үш тілде атайды. Қызыл-красный-red Сары-желтый-yellow Жасыл – зеленый-green Дескриптор: 1.Бағдаршамның түстерін заңдылыққа сүйене отырып дұрыс орналастырады. 2.Түстерді үш тілде атайды. «Кинометафора» әдісі Bilimland сайтынан «Заңдылық» туралы түсіндірме қарайды. Заңдылық-бұл сандар немесе фигуралардың белгілі бір тәртіппен орналасу ережесі. «Үндемес» ойыны Магниттерді түстеріне қарай заңдылыққа сәйкес орналастыр. Пікіріңді дәлелде. Айна: Заңдылыққа сәйкес келесі магниттің түсін анықта. Жұптық жұмыс «Көршіңмен талқыла» Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен орналасқан? Қатарды жалғастыр Жауабы: 2, 4, 6, 8, 10, 12, ... Айна: Суреттегі асықтар қандай заңдылықпен орналасқан? Қатарды жалғастыр Дескриптор: Асықтардың оналасу заңдылығын анықтап, сандар қатарын жалғыстырады. Заңдылықты жалғастыру үшін оның қандай ережемен құрылғанын анықтап алу қажет. Тақтамен жұмыс Мысалдар неге осы ретпен берілген?Анықта Айна: Мысалдарды оқы. Мәндерін тап. 6-1=5 1+4=5 5+2=7 7+1=8 8-2=6 Дескриптор:Мысалдарды шығарады. Мысалдардың мәндерінен келесі мысал басталып тұрғандығын тұжырымдап айтады. Сергіту сәті «Су-лей-фа» Шарты: Балалар ортаға шығып,жұптасып саусақ арқылы ойнайды.Бірінші бала екі саусағын көрсетіп,екінші бла үш саусағын көрсеткен жағдайда,екі баланың саусақ сандарының қосындысын бірінші айтқан бала жеңіске жетеді. Топпен жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» 1-топ: Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жалғастыр. Айна: Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жалғастыр. Жауабы: 14, 12. Дескриптор: Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жалғыстырады. 2-топ: «Ойлан, бірік, бөліс» Заңдылықты сақтай отырып,көше бойындағы үйлердің нөмірін айт. Көшенің қарсы бетіндегі үйлердің нөмірі қандай болады? Жауабы: 15, 17, 19, 21. 3-топ: «Ойлан, бірік, бөліс» Алашаның суретін сал.Жолақтарын көрсетілген ретпен боя. Алашаның шетінде қандай жолақ болады? 4-топ: «Ойлан, бірік, бөліс» Сандар тізбегін оңға және солға қарай жалғастыр. ...,...,5,7,9...,... Дескриптор: 1.Заңдылықты сақтап, сандар қатарын жалғастырады. 2.Сандар тізбегін заңдылыққа бағына отырып, жалғастырады. 3.Түстердің орналасуындағы заңдылықты анықтайды. 4.Сандар тізбегін оңға және солға қарай жалғастырады. Дәптермен жұмыс *Суретке қара Жауабы: 10, 20, 30, 10, 20, 30 немесе 10, 20, 30, 40, 50 және т.с.с. *Суретті жалғастыр *Өрнек «Тапқыштар» 1-топ:Геометирялық фигуралар арқылы өз заңдылығыңды құрастыр. 2-топ: Кемпірқосақ түстерін заңдылық бойынша жалғастыру 3-топ: Ермексаздан өз заңдылығың бойынша моншақ тізбегін құрастыр. 4-топ: Сандар арқылы өз заңдылығыңды құрастыр. Дескриптор: 1.Геометриялық фигураларды еске түсіріп, заңдылық құрып жазады. 2.Кемпірқосақ түстерін заңдылық бойынша табады. 3.Өз заңдылығы бойынша моншақ тізбегін құрастырады. 4.Сандар арқылы өз заңдылықтарын құрады. «Ақылды үкі»әдісі |