- Білімімізді толы?тырып алды?. Енді саяхатымызды бастау?а болады.
- Мінеки алдымыздан а?дар да к?рінді.К?не, олар неге жиналып отыр екен білейік?
5-слайд. Орманда?ы а?дарды? суреті к?рсетіледі.
- Балалар, біз мына тапсырманы орындай алмай,?бден басымыз ?атты. Себебі, біз сендер сия?ты саба? о?ымаймыз. Бізге сендерді? к?мектері? керек.
- Балалар, к?мек береміз бе?
- Ендеше, о?улы?та?ы 1 тапсырманы жылдам орындай ?ояйы?.6-слайд
№1 к?рсетілген массаны алу ?шін ?андай таразы тастарын ж?не неше рет алу керек? ?р таразы тасын бірнеше рет алу?а болады. Суретті ?р топ?а б?ліп беремін. ?рнектерді жазады.
-?те жа?сы. Біз а?дар?а ?з к?мегімізді бердік. ?рі ?арай ж?рейік.
7-слайд. ?ас?ыр мен ?оянны? суреті к?рсетіледі.
- Балалар , мына ?ас?ыр ма?ан бір есепті шы?арып бер деп со?ымнан ?уып ?алар емес.Сендер ма?ан к?мектесесі?дер ме?
Балалар бастарын партаға қойып, көздерін жұмады. Мұғалімнің айтқан сөзін қайталайды: Мен қазір сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді.есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.
- Орманға барып, ондағы аңдар мен құстарға көмек көрсету үшін жаңа сабағымызды бастап, білімімізді толықтырып алайық.
III. Мағынаны тану кезеңі.
Бұған дейін біз массаның қандай өлшем бірліктерімен таныстық. Кәне, топтастырайық.
2-слайд
Тонна (т) килограмм (кг)
Центнер ( ц) грамм (г)
- Бүгін массаның өлшем бірлігі граммен танысамыз.
Дәптерімізді ашып, күннің жадын , сабақ тақырыбын жазайық.3-слайд
4-слайд.Суретке қарайық. Өлшенген заттардың массасы 1 кг-нан аз. Мұндай заттардың массасын өлшеу үшін килограмға қарағанда кішірек өлшем бірлік керек. Бұл- грамм.
Грамм – массаның өлшем бірлігі.
1000грамм (г) =1 килограмм (кг).
- Білімімізді толықтырып алдық. Енді саяхатымызды бастауға болады.
- Мінеки алдымыздан аңдар да көрінді.Кәне, олар неге жиналып отыр екен білейік?
5-слайд. Ормандағы аңдардың суреті көрсетіледі.
- Балалар, біз мына тапсырманы орындай алмай,әбден басымыз қатты. Себебі, біз сендер сияқты сабақ оқымаймыз. Бізге сендердің көмектерің керек.
- Балалар, көмек береміз бе?
- Ендеше, оқулықтағы 1 тапсырманы жылдам орындай қояйық.6-слайд
№1 көрсетілген массаны алу үшін қандай таразы тастарын және неше рет алу керек? Әр таразы тасын бірнеше рет алуға болады. Суретті әр топқа бөліп беремін. өрнектерді жазады.
-Өте жақсы. Біз аңдарға өз көмегімізді бердік. Әрі қарай жүрейік.
7-слайд. Қасқыр мен қоянның суреті көрсетіледі.
- Балалар , мына қасқыр маған бір есепті шығарып бер деп соңымнан қуып қалар емес.Сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Көмектесеміз бе, балалар?
Оқулықтағы 2 тапсырманы 3 топқа бөліп беремін. Қосынды мен айырманың мәнін табу. Өз беттерінше шығарады, соңынан ауызша тексеремін. (Өздік жұмыс)
Сергіту сәті
8-слайд.Торғайлардың суреті көрсетіледі.
- Балалар, сендерді аңдардың бәрі мақтап жатыр. Сендердің көмектерің бізге де керек болып тұр.
Торғайлардың тапсырмасы
№4 тапсырманы 3 топқа бөліп беремін. Қысқаша жазылуы бойынша берілген сандық деректермен толықтырып есептер құрастырып, шығарады. Талдау жұмыстарын жүргіземін.(топпен жұмыс)
1-топ. 2-топ.
Болды-235 кг картоп Болды -?кг картоп
Әкетті – 30 кг және 200кг Әкетті- 30кг және 200кг картоп
Қалды- ? кг картоп Қалды -? 5кг картоп
Ш: 235- ( 200+30)=5 Ш: 30+200+5=235
Ж: дүкенде 5 кг картоп қалды. Ж: дүкенде 235 кг картоп болған.
3-топ.
Болды- 235кг картоп
Әкетті – ? кг және 200кг картоп
Қалды -5 кг
Ш: 235-30-5= 200
Ж: түсте 200кг картопты әкетті.
9-слайд. Тиіннің суреті көрсетіледі.
- Балалар, мен қысқы азығымды жинап қойып едім.Жаңғақтарым азайып бара жатыр. Әр айда қанша жаңғақ жегенімді есептеп бересіңдер ме?
№5 тапсырмадағы теңдеулерді 3 топқа бөліп беремін.
1-топ. 2-топ 3-топ
в+200=400-100 75+а= 800-700 с-40= 100-80
- Жарайсыңдар.Сендер орманда кездескен аңдардың барлығына да көмектесіп, өз қайырымдылықтарыңды көрсеттіңдер.
IV. Ой толғау
- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді эссе түрінде дәптерге жазыңдар. Оқушыларға жазғандарын оқытамын.
- Осындай қайырымды , қамқоршы бала болып өсіңдер.
V. Үйге тапсырма: №3 150- бет . Есепті қалай шығару керек екендігін түсіндіремін.
VI.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. «5» алған балаға – 5рет, «4»алған балаға 4 рет, «3» алған балаға – 3 рет қол шапалақтау.