kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Массаны қалай өлшейміз?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану пәні бойынша "Массаны қалай өлшейміз?" тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім. Сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілді. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері көптеп қолданды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Массаны қалай өлшейміз?»

Қысқа мерзімді жоспар 

Пәні: Жаратылыстану

Мектеп: №15 гимназия

Күні: 17.03.2018ж

Мұғалім Нуржигитова А.А.

Сынып: 2 «Ә»

Қатысқаны:27

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Массаны қалай өлшейміз?

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.5.1.4 - массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақтың оқыту мақсаттары

Массаны өлшейтін құралдарды таңдап және оларды қолдану

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Шамалар туралы және олардың өлшем бірліктері ,салмақ өлшем бірлігі \кг\ туралы түсінігі болады және салмақты салыстырады. Салмақ өлшеу үшін бірлік пен құрал таңдайды,өз әрекетін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

Табақшалы таразыларды пайдаланып кір тастарымен өлшейді.

Кейбір оқушылар:

Белгілі- бір салмақтағы заттарды кір тастармен, литрмен өлшейді және салыстыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өлшеу алгоритмін жасай алады,салмақ өлшейтін құрал таңдай алады.

Пәндік лексика және терминология :

Салмақ,таразы,килограмм,грамм, тонна, центнер, өлшеу

Жазба жұмысына қажетті пайдалы тіркестердің топтамасы.

Талқылау:

Заттардың салмағын көз мөлшерімен өлшеуге неліктен болмайтынын айта аласың ба?

Заттардың салмағын қалай өлшейтінін түсіндіре аласың ба?

Салмақ өлшеу барысын қайдан көрдіңдер?

Әртүрлі денелерді өлшеу үшін массаны өлшейтін құралдар бірдей бола ма?

Құндылықтарды дарыту

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

- құрмет;

- ынтымақтастық;

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану мен математика пәнімен байланыс

Өткен сабақтардан алған білім

Балалар масса өлшем бірліктерін біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы (0-6мин.)

0-1 минут

1-2 минут

3-6 минут

(Ұ) Мұғалім «Қал қалай? Осылай!» ойынын ұсынады.

Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың тақырыбын ашу.

Тапсырма:Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет).

Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).

Жүріс қалай? – Осылай!

Жүгіріс ше? – Осылай!

Түнгі ұйқы? – Осылай!

Тұрамын! - Осылай!

Отырамын! – Осылай!

Ойын қалай? – Осылай!

Ой қозға

Мақсаты: жаңа білімді қабылдауға дайындық

«Сұрақ қой» стратегиясы

Балалар суреттерді ала отырып, өздерінің топтарын анықтайды.

  1. Суреттерді не бейнеленген? (Таразылар)

  2. Олар бізге не үшін керек? (Өлшеу үшін)

  3. Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?

  4. Массаның өлшем бірліктері қандай?

Топта жұмыс істеудің ережелері:

  • Мұқият тыңдаймын

  • Топпен жұмыс жасаймын

  • Өзімді және сыныптастарымды бағалаймын

  • Уақытты сақтаймын

Музыкалық сүйемелдеу


АКТ қолдану














үлестірмелі қағаздар

Топтар:

  1. Электронды

  2. Иінтіректі

  3. Серіппелі

  4. Үлкен таразы

Ортасы 7-24 мин

7-10 мин

11-16 мин

17-20 мин

21-24 мин

25-34 мин

Мақсат қою

2.5.1.4 - массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Электронды оқулықты пайдалану арқылы жаңа сабаққа түсінік беру.

Массаны өлшеу үшін қандай құралдар керек?

Мақсаты: эксперимент өткізіп, оның нәтижесін жазу

Бейнероликке назар аударайық.

  • Балалар, қораптың салмағын өлшеу үшін бізге не қажет болады?

Қандай шама туралы айтпақшымыз?

Масса немесе салмақ

Массаны қалай өлшейтінін білеміз бе?

Қандай өлшем бірліктер қажет?

Масса бірлігі- килограмм

Есте сақта!

1.Масса килограммен өлшенеді.

2. «килограмм» қысқаша «кг» деп белгіленеді.

Олай болса қорапты өлшеп, оның салмағын табайық!

Дескриптор:

  1. Таразының түрлерін ажыратады

  2. Түрлі таразыда өлшенетін заттарды табады.

Оқулықпен жұмыс.

  • Суреттерге назар аударыңыздар. Қай мамандықтар бейнеленген? (сатушы, жүргізуші, фармацевт, зергер, балықшы). Олардың барлығына жұмыс үшін таразы қажет пе? Олар нені анықтайды? (азық-түліктің, мәшиненің, дәрі-дәрмектің, балықтың, асыл-тастардың массасын). Олардың барлығының таразылары жоғалып кетті деп елестетіңдер. Онда не болар еді?

Таразылар туралы мағлұмат беру

Негеш пен Эврикаға бейнеленген заттардың массасын анықтау үшін таразы таңдап алуына көмектесуді ұсынамын (құлпынай, тиын, қарындаш –иінтіректі немесе электронды; қарбыз, портфель және қорап –еденге қойылатын таразы). Талқылау барысында оқушылар өз пікірлерін дәлелдейді. (Үлкен заттарды еденге қойылатын үлкен таразымен өлшеген қолайлы). Егер оқушылар тек электронды таразыны ғана алса, қандай жағдайларда иінтіректі таразыны пайдалануға болады? (электронды таразы болмаған жағдайда).

Таразы түрлері.

Оқушылардың назарын тағы да бірінші суретке назарын аудартамын. Суреттер бейнеленген таразыларда қандай ұқсастық бар? (Заттардың массасын өлшейді). Әр түрінің қандай ерекшелігі бар? (Кіртастарының, электронды шкалалардың, нұсқарлардың болуы/болмауы, таразылардың түрлі өлшемдері). Сыртқы белгілерінен басқа олардың массаны өлшеу жылдамдығы мен дәлдігі жағынан да ерекшеленеді.

Топтық жұмыс

1-топ: Электронды таразыда нені өлшеуге болады?

2-топ: Иінтіректі таразыда нені өлшеуге болады?
3-топ: Серіппелі таразыда нені өлшеуге болады?

4-топ: Үлкен электронды таразыда нені өлшеуге болады?

Нақтылаушы сұрақтар:

Кішкентай тиынның массасын қандай таразымен өлшеп білуге болады?

Жүк мәшинесін өлшейтін таразыға шоколадты өлшей аламыз ба?

Дескриптор:

  1. Заттарды өлшей алады.

  2. Өлшем бірліктерін ажырата алады.

Зертте.

Алғашқы екі топ үшін

  • Скрепканы резеңкеге бекіту

  • Кеңселік қыстырғышты резеңкені сызғышқа бекіту

  • Серіппеге қалтаны іліп, оған қаламсауытты салу

  • Серіппенің қанша ұзарғанын өлшеу. Нәтижелерін қойын дәптерге жазу.

  • Қалтаға күнделікті салу

  • Серіппенің қанша ұзарғанын өлшеу. Нәтижелерін дәптерге жазу.

Нәтижелерді салыстырып, заттардың қайсысы ауыр екендігі туралы қорытынды жасау.

Қалған екі топ үшін

  • Киімілгіштің ілгегіне желімді таспа көмегімен нұсқарды бекіту.

  • Киімілгіш арқалығына желімді таспа көмегімен шкалаларды бекіту.

  • Стакандарды аралықтың бойымен жылжи алатындай етіп байлау.

  • Әр стаканға заттар салу, мысалы өшіргіш пен қалам.

  • Қай стаканның төмен түскеніне назар аудару.

  • Қай заттың ауыр екенін анықтау.

Дескриптор:

1.Эксперимент жүргізіп, нәтижесін жазады.

2.Ауыр, жеңіл затты анықтайды.

Сен білесің бе?

Таразы –көне өлшеу құралы. Олар сауданың, өндіріс пен ғылымның дамуына қарай пайда болып, жетілдіріп отырады. Иінтіректі таразы Ежелгі Вавилон мен Ежелгі Мысырда пайдаланылған.

Бір килограмға тең масса бірлігінің эталоны платина мен иридий қорытпасынан дайындалған. Эталон дегеніміз заттың дәл өлшемі. Ол 1889 жылдан бері Францияның Севр қаласындағы Халықаралық өлшемдер мен таразылар палатасында сақтаулы. Таразылар иінтіректі, серіппелі және электронды болып бөлінеді.

Иінтіректі таразы дене массасын таразы тастарының массасымен салыстыру принципімен жұмыс істейді. Оның бірқатар кемшіліктері бар: тез кірленеді, шағын үлестерді өлшегенде кішкентай таразы тастарын пайдалану қажет, өлшеу жұмысы тым көп уақыт алады.

Серіппелі таразы шкалалар белгіленген корпусқа орнатылатын тыс қатты серіппе түрінде жасалады. Оған нұсқар белгі бекітіледі. Ауырлық күшінің әсерімен серіппе созылады. Нұсқар белгінің көрсеткен өлшемінің негізінде өлшенетін жүктің массасын білуге болады.

Электронды таразының артықшылығы –өлшеудің жоғары дәлдігі мен жылдамдығы, ақпараттың таблода көрініп тұруы, компьютерге қосылу мүмкіндігі.

Ойлан

  • Оқушылар таразы тастарын немен алмастыруға болады, топпен ақылдасыңдар. (Оқушылар кез келген, ауыр заттарды, мысалы, тастарды атауы мүмкін.) Бұл жағдайда:

  • Онда өлшенетін заттың массасын анықтай аламыз ба? (Жоқ)

  • Қай заттардың массасын қиналмай анықтауға болады? (Сыртқы қаптамасында барлық ақпарат жазылған заттар). Нәтижесінде:

  • Таразы кіртастарын массасы белгілі заттармен алмастыруға болады.

Таблицаны толтыр

Сендерге заттардың тізімі берілген, сол заттарды қандай өлшем бірлікпен өлшейміз, жазыңдар.

  • Адам;

  • Көлік;

  • Алтын;

  • Тұз;

  • Картоп;

  • Кітап;

  • Қарбыз;

  • Піл;

  • Көмір;

  • Бегемот.

Эксперимент нәтижесін кестеге жазып, жауаптарыңды салыстырыңдар.

Зат

Өлшем бірліктері




Электронды оқулық

«iMektep» «bilimland»

Оқулықпен жұмыс

таразылар, өлшейтін заттар


























































Скрепка, сызғыш, қыстырғыш, резинка








Киімілгіш, стакан, резинка, керекті заттар.














Сергіту сәті:

Мен Толағай баламын,

Күшті болып барамын.

Көмектесем кәріге,

Айтқан тілді аламын.

Анам кетті базарға,

Сөмкесі ауыр қашанда.

Көтеремін соны мен,

Массасы ауыр болса да.
































Бірін- бірі бағдаршам көздері арқылы бағалау






Соңы

(35-40 мин.)

-Бүгінгі сабағымызда қандай өлшем бірлікпен таныстық?

-Масса өлшем бірліктері қалай аталады?

-Қандай құралдарды пайдаланамыз?

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында бағдаршам көздерін пайдаланамын.

Толық түсінсе- жасыл

Жартылай түсінсе-сары

Мүлдем түсінбесе-қызыл түстерін көтеру арқылы анықтаймын.

Қосымша мәліметтер


Дифференциация

Масса өлшем бірліктері қалай аталады?

Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында:

-заттың массасы ұғымын түсінеді;

-заттарды массасы бойынша салыстыруды меңгереді;


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды ма, неліктен?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Массаны қалай өлшейміз?

Автор: Нуржигитова Айдана Ашимхановна

Дата: 01.06.2018

Номер свидетельства: 471881

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Математика Ұзындықты қалай өлшейміз?"
    ["seo_title"] => string(41) "matiematika_u_zyndyk_ty_k_alai_olshieimiz"
    ["file_id"] => string(6) "386453"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485945047"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Массаны қалай өлшейміз?"
    ["seo_title"] => string(23) "massany_kalai_olsheimiz"
    ["file_id"] => string(6) "511341"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1558333855"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "Та?ырып	Екі та?балы сандарды онды?тарды? ж?не бірліктерді? ?осындысы т?рінде жіктеу. Массаны ?лшеу. Килограмм "
    ["seo_title"] => string(121) "tak-yryp-ieki-tan-baly-sandardy-ondyk-tardyn-zh-nie-birliktierdin-k-osyndysy-turindie-zhiktieu-massany-olshieu-kiloghramm"
    ["file_id"] => string(6) "188995"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426783343"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Урока на тему: Масса ж?не оны ?лшеу.Килограмм "
    ["seo_title"] => string(50) "uroka-na-tiemu-massa-zh-nie-ony-olshieu-kiloghramm"
    ["file_id"] => string(6) "164680"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422687328"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Шамалар мен олардың өлшемдері"
    ["seo_title"] => string(34) "shamalar_mien_olardyn_olshiemdieri"
    ["file_id"] => string(6) "384825"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485599859"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства