Тақырыбы: Малдың төлін сүюі 12.02.2016
Сілтеме:
Жоспар, ана тілі оқулығы, ана тілі әдістемесі, әдістемелік журналдар.
Жалпы мақсаты:
Малдың төлін қалай сүйетінін білу. Өлеңнің мазмұнын түсіну. Сөздегі жуан дауысты дыбыстарды таба білу.
Күтілетін нәтиже:
Малдың төлін қалай сүйетіні туралы біледі. Өлеңнің мазмұнын түсінеді. Сөздердің жуан, жіңішке екенін анықтай алады. Жаттығуларды сауатты орындайды. Еңбекқорлыққа, төрт түлікті құрметтеуге дағдыланады.
Негізгі идея:
Малдың төлін қалай сүйетіні және төрт түліктің пайдасы туралы білім беру. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру, мәнерлеп оқыту және сауатты жазуды жуан айтылатын сөздерді меңгерту.
Әдісі:
Топтық, жеке жұмыс және ойындар. «Дәл ойла, тез ойла!», «Ой қозғау!» әдістері, жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар.
Көрнекілігі:
Төлдердің және төрт түліктің суреті, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Кіріспе бөлім
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
«Тез ойла, дәл ойла!» ойынын ойнату.
1. Сөйлем неден құралады?
2. Сөз неден құралып, немен таңбаланып жазылады?
3. Сөйлемдегі бірінші сөз қандай әріппен басталып жазылады?
4. Сөйлем аяқталған соң қандай белгі қойылады?
5. Дыбыс дегеніміз не?
6. Әріп дегеніміз не?
7. Дыбыс нешеге бөлінеді?
8. Дауысты дыбыстарды ата.
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата және мысал келтір.
10. Жіңішке дауысты сөздерді ата және мысал келтір.
11. Алфавитте неше әріп неше дыбыс бар?
Формативті бағалау.
12,Дауысты дыбыс нешеу?
Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірі- мен сәлемдеседі
Сұрақтарға білгендерінше жауап береді
1. Сөйлем сөзден құралады.
2. Дыбыстан құралып, әріппен
таңбаланады.
3. Бас әріппен жазылады.
4. Сөйлемнен соң нүкте қойылады.
5. Естиміз, айтамыз.
6. Жазамыз, оқимыз, көреміз.
7. Дыбыс екіге бөлінеді.
8. а, о, ө, у, ә, е.
9. а,о, ы, ұ, ұшақ
10. ә, і, ү, е, ө, өшіргіш
11. 42 әріп, 40 дыбыс бар.
Оқушылар бір-бірін бармақ арқылы бағалайды.
Тұсаукесер
Қызығушылығын ояту.
Топтастыру: малдардың аттарын жасыру арқылы топтасу.
Жем-шөп беріп бағамыз,
Сүтін сауып аламыз. (сиыр)
Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,
Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Адам деуге болмайды, сақала тағы бар. (ешкі)
Әр топ өзінің аттарын қорғау.
Формативті бағалау.
Сиыр, жылқы, түйе сөздері арқылы топтасу.
Бағдаршам арқылы бағалайды.
Негізгі бөлім
. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендерді ата - аналарың төлдерге байланысты не деп еркелетеді?
- Қозым, құлыным, ботам, қошақаным.
- Балалар, өйткені малдың төлі өте сүйкімді болады екен.
- Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз осы төрт түлікке байланысты.
а) 7 - слайд. «Бұл ненің төлі?» ойыны. Төлдерді таңдап артында жасырынған сұрақтарға жауап береді?
ә) 13 - слайд. Дәптермен жұмыс. Күнді жазу. Көркем жазу.
б) 14 - слайд. Оқулықпен жұмыс. 39 - жаттығу. Өздік жұмыс. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба? Жіңішке ме?
Ауылдың қойы бар
Қойы бардың тоны бар.
в) 15 - слайд
Қозы, лақ, бұзау, құлын сөздеріне дыбыстық талдау жасайықшы.
- Талданған сөздерімізде қандай әріпті қызыл түспен белгіледіңдер? (Дауысты дыбыстар).
- Осы сөздер қалай айтылады?
- Жуан.
- Дұрыс. Егер сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзіміз жуан айтылады екен. (Ереже шығару). Бүгінгі тақырыбымыз «Жуан айтылатын сөздер».
16 - слайд. Төлдердің суреттері.
Осы сөздерді тақтаға оқушылар кезектесіп жазады.
б) 17 - 21 слайд. «Малдың төлін сүюі» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мұқият тыңдап отырайық, өздеріңе таныс емес сөз болса түртіп аласыңдар.
в) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. (Осы кезде слайдтан төрт түліктің суреттері шығады).
г) 23 - слайд. «Түртіп алу» бойынша түсініксіз сөздерді айту, мағынасын түсіндіру.
Жұрын – арық мал.
Бұл жерде арығым деген мағынада. Тұлпар болатын малды баптап, жаратады. Ол өскенде тұлпар болады деп мақтанады.
Малдар да өз төлдерін өте жақсы көреді екен. Олар төлдеріне сүйіспеншілік көзбен қарап, туғаннан бастап өз төлдерін баурына тартады. Олар басқа малдан өз төлін қызғанады.
24 - слайд. Психологиялық трениг. Не артық?
1. Суретте не артық? (есек )
2. 25 - слайд. Ненің дауысы? ( төрт түлікті дауысына қарай ажырату)
3. 26 - слайд. Әр малдың төлін тап?
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қою.
Қой сүйеді «қоңырым» деп
Сиыр сүйеді Түйе сүйеді
«торпағым» деп « б оташым» деп
Жылқы сүйеді «құлыным» деп
«Миға шабуыл» әдісі. (жеке жұмыс)
Сені анаң қалай еркелетеді?
Малды құрметтеу.
Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.
Кендір – жіптің түрі.
Жыңғыл – биіктігі 1 - 3 м.- дей бұта.
- Балалар, төрт - түлікті не үшін өсіреміз? (Еті, майы, жүні, сүті).
27 - слайд.
«Төрт түлік» туралы мақал-мәтел.
- Жылқы – малдың патшасы
- Түйе – малдың қасқасы
- Қой – мырзалық
- Сиыр – ақтық
- Бота ойнақтаса – молшылық
- Тайлақ ойнақтаса - тоқшылыққты
Тыйым сөздер. (тыйым сөздерді түсіндіру)
1. Малды теппе,
Ақты төкпе.
2. Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.
Дауыстылардың астын сызады, сөздердің барлығы жуан айтылып тұр
Смайлик арқылы бағалайды
Қолдарын демалдырады
Төлдер туралы өз ойларын айтады
Ботам, құлыным, қозым т.б.
Қорытынды
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Жаңа сабақты бекіту. Кері байланыс. (жеке жұмыс )
Бүгінгі сабақтан не білдім? ________________________________
Өлеңді мәнерлеп оқиды
Бүгінгі сабақтан не білгендерін айтады.
Үйге тапсырма
«Малдың төлін сүюі» мәнерлеп оқу. 40-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқып келеді
40-жаттығуды жазып келеді