?р топ ?здерін таныстырады. С?ра?тар?а жауап берулеріне байланысты ?ызыл, к?к, сары т?сті белгілер беру. Саба? со?ында же?імпаз топты аны?тау.
?й ж?мысын с?ра?-жауап ар?ылы с?рай отырып д?рыс жауап берген о?ушы алдын-ала дайында?ан белгілерді та?та?а жапсыра отырып к?ктемгі таби?ат к?рінісін бейнелейді.
-Сонымен к?ктемде таби?атта ?андай ?згерістер болады екен?
-?ар ериді. К?нні? к?зі шы?ады. Жыл?алардан су а?ады. ??стар келеді. А?дар ?й?ыдан оянады. К?н мен т?н те?еледі. Наурыз мейрамы болады. Малдар т?лдейді.
Д?рыс айтасы?дар. Мал т?лдейді деп айтып жатырсы?дар. Олай болса б?гінгі ?тетін саба?ымызды? та?ырыбы: «Малды к?ктемде ба?ып-к?ту»
Ой ?оз?ау
Кезікті бір жануар
?стінде екі тауы бар (т?йе)
??лды екен ?р шаруа,
?азы?ына ??т байлап
?анша ??йып алса? да
Сар?ылмайды с?т-?айма? (сиыр)
Кішкене ?ана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (?ой)
Желп-желп етіп са?алы,
?олы?нан д?м татады. (ешкі)
К?кке шаншып ??йры?ын,
Келді шауып ж?йрігім (жыл?ы)
-Т?йе, жыл?ы, сиыр, ?ой, ешкі-б?ларды? барлы?ын не деп айтамыз?
Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыз топтық жарыс түрінде өтнтінін айту., топ ережесімен таныстыру.
Әр топ өздерін таныстырады. Сұрақтарға жауап берулеріне байланысты қызыл, көк, сары түсті белгілер беру. Сабақ соңында жеңімпаз топты анықтау.
Үй жұмысын сұрақ-жауап арқылы сұрай отырып дұрыс жауап берген оқушы алдын-ала дайындаған белгілерді тақтаға жапсыра отырып көктемгі табиғат көрінісін бейнелейді.
-Сонымен көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
-Қар ериді. Күннің көзі шығады. Жылғалардан су ағады. Құстар келеді. Аңдар ұйқыдан оянады. Күн мен түн теңеледі. Наурыз мейрамы болады. Малдар төлдейді.
Дұрыс айтасыңдар. Мал төлдейді деп айтып жатырсыңдар. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Малды көктемде бағып-күту»
Ой қозғау
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
Құлды екен әр шаруа,
Қазығына құт байлап
Қанша құйып алсаң да
Сарқылмайды сүт-қаймақ (сиыр)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (қой)
Желп-желп етіп сақалы,
Қолыңнан дәм татады. (ешкі)
Көкке шаншып құйрығын,
Келді шауып жүйрігім (жылқы)
-Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі-бұлардың барлығын не деп айтамыз?
-Төрт-түлік
-Төрт-түліктің қандай пайдасы бар?
-Еті, сүті, жүні мен терісі, көлік яғни жесе-тамақ, кисе-киім, ішсе-сусын, мінсе-көлік.
-Малдың төлін сұрау
-Бота, құлын, қозы, лақ, бұзау.
Кітаппен жұмыс:
Малды көктемде бағып-күту. Мәтінді тізбектей оқу. Мәтінмен жұмыс
-Көктемде малдар не істейді?
-Көктемде малдар төлдейді.
-Оларды қалай төлдетеді?
-Арнаулы қорада төлдетеді.
-Жас төлдерді қалай бағып күтеді?
-Кейде оларды қосымша қоректендіреді.
-Мал қалай семіреді?
-Жаңа шыққан көкті жеген мал тез семіреді.
Сергіту сәті:
-Ал, көктемде жабайы аңдар не істейді?
-Олар ұйқыдан оянады.
-Қоректерін қалай табады?
-Көктей бастаған өсімдік пен бунақденелілерді іздеп күні бойы орман кезеді.
-Қыстан қалай шығады?
-Қыстан әрең шығады.
Топпен жұмыс:
Төрт-түлікке байланысты тыйым сөздер
Тыйым сөздер
1. малды теппе
2. ақты төкпе
3. малға теріс мінбе
4. малды басынан ұрма
5. кендірмен байлама
6. малды сатқанда немесе сыйлағанда бас жібімен берілмейді
Мал атасы
Қой атасы-Шопан ата
Жылқы атасы-Қамбар ата
Ешкі иесі-Сексек ата
Түие атасы-Ойсылқара
Сиыр иесі-Зеңгі баба
Тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтан бір-бір оқушы шығып жазғандарын қорғайды.