Просмотр содержимого документа
««Мақта қыз бен мысық» ертегісі»
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 4 «А»
Тақырыбы:«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Мақсаты:Білімділігі: Балалармен бірге өткен сабақтарға шолу жасап, балаларды ауыз екі сөйлету.Балалардың білімін тексеру. Тілдерін ширату. Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуына мән беру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қасиеттерің ширату. Тіліндегі сөздік қорларын терендету.
Тәрбиелік: Балалардын тілге деген қызығушылығын арттыра отырып,үлкенді сыйлауға. Үлкеннің айтқан сөзін тыңдауға, қоршаған ортаны аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Керек құрал – жабдықтар: Слайдтар, интерактивный тақта,мысық пен Мақта қыз, тапсырмалар,маскалар( жемістер мен көкіністері) бауырсақ ертегісінің киіпкерлері.
Сабақ барысы: Балалар ән – күй залына әсем әуен ырғағымен кіреді де, жартылай шеңбер құрады.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Балалар: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қайырлы таң , мұғалім!
Мұғалім: Қане балалар , қарандаршы қанша қонақ бізге кеіпті. Бәрі ренжіп отырған сияқты.Қане біз оларға жылы сөздер айтып, көңілдерін көтерейік!/Шаттық шеңбері./
Балалар:Қайырлы таң – алтын күн!
Қайырлы таң – көк аспан!
Қайырлы таң – ардақты жер!
Қайырлы таң – достарым!
Қайырлы таң –қонақтар!
Қайырлы таң, қайырлы таң!
Мынау біздің жүрегіміз!/ жүрек көрсетеді/
Мынау біздің жылуымыз! /ургілеп залға жібереді/
Әдемі де көрікті,сұлу да қымбатты
Жадырашы , жайнашы, күлімдеші, сайрашы!
Мұғалім: Ой, балалар қарандаршы, қонақтар жадырап, жайнап кетіпті, беттерінде күлкі де ойнап кетіпті.Қане, ендеше отырайқ орнымызға. Ал қане танысып алайық.
-Сенің атың кім? Менің атым Палина
-Тегің кім? Тегім Бараева
-Жасын нешеде? Жасым алтыда.
-Палина хәлің қалай ?
-Марзия Жакиевна хәлім өте жақсы.
-Палина бүгін ауа – райы қалай?
-Ауа – рай жылы. /Осылай кезек – кезекпен балалар бір – бірінен сұрап шығады./
Мұғалім: Балалар бүгін біздің сабақ ерекше, сендердің бүгін қортынды сабақтарын. Бір жыл бойы не үйрендіндер, соны байқайтың уақыт жетті. Сабағымызға Мақта қыздағы мысық қонаққа келді. Ол өз ертегісіне қонаққа шақырып отыр. Барамыз ба?Жарайсындар. Бірақ мысық бізден жасырын тұр. Себебі өзінің істеген қатесін түсініп, қысылып тұр. Ол Мақта қыз шақырғанда уақытысында бармапты. Сосын онымен қоймай мақта қыздың ішейін деп отырған қатығын төгіп тастапты. Мақта қыз да дұрыс істемеген екен, ашуланып, өзі жақсы көретің мысығының құйрығын кесіп алыпты. Содан мысық ұялып көрінбей тұр. Қане мысықты шақырайық. Мысық, мысық келші!
Балалар: Мысық, мысық келші
Тамағынды ішіп ал
Құйрығынды қайтаруға
Біз әзірміз, сынап ал!
Мысық:/Мяу – мяу –мяу – деп ақырын кіреді./ Балалар, балалар маған құйрығымды қайтаруға көмектесесіндер ме?
Балалар: Әрине, біз дайынбыз.
Мысық: Балалар, сендер қазақ тілінде сөйлеу білесіндер ме? Тапсырмалардың бәрін қазақ тілінде орындауға тиіссіндер.
Балалар: Әрине, сөйлей аламыз, біз дайынбыз.
Мысық: Мынау сиырдың тапсырмасы. /Интерактивті тақтада сиыр суреті шығады және тапсырмасы шығады.
Мұғалім: Балалар сендерге сиыр: «Үй жануарларын білесіндер ме, олардың қазақша аттарын атандар және олар не береді, не істейді? – деген екен.
/Интерактивті тақтадан үй жануарларының суреттері бір – біртіндеп шығады, балалар жауап береді.
Балалар жауабы: Мынау ит. Ол үй күзетшісі.Ит адам досы.
Мынау сиыр. Сиыр бізге сүт береді.
Мынау мысық. Мысық сүтті ішкенді жақсы көреді.
Мынау қой. Қой еті мен жүнің береді
Мынау ешкі. Ешкі жүні мен етін береді
Мынау түйе. Ол сүт береді. Сүті – шұбат. Сүті бал.
Мынау жылқы.Жылқы сүт береді. Сүті ем. «Қымыз» деп атаймыз.
Мынау шошқа. Шошқа май мен ет береді.
Мысық: Жарайсындар, тапсырма орындалды. Келесі тапсырманы ағаш беріпті.
Ағаш тапсырмасы: Айтыс: «Көкіністер мен жемістер»
Балалар: Бастарына тез маскаларын киеді.
Пияз: Сарымсақпын, пиязбын
Сарымын мен ащтымын
Менсіз салат болмаған
Гриптен де сақтаймын
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттын
Сарымын мен жасылмын
Тәттімін мен сопақпын
Жүзім: Іші толы шәрбатпын
Дәмім қандай әйбатпын
Үзсен бірден жүзін же
Жүзін же де жүзім де!
Өрік: Дөп – дөңгелек сарымын
Ішімде бар дәнім де
Қызығасын көріп мені
Менің атым өрік де!
Қырыққабат: Мен қырыққабат, қырыққабатпын
Домалақпын, жасылмын
Күшті болсан, достарым
Шешіндіріп алындар!
Қызылша:Мен қызылмын, сопақпын
Қызылшамын, қырдамын
Салаттарын менсіз
Болмайды тәтті білсендер!?
Алма: Пісетің кезім күзде
Мезгілсіз мені үзбе!
Аузынан кетпес дәмім
Атым менің білсен, алма, алма, алмамын!
Қызанақ. Қызанақпын, қызанақпын
Қызыл әрі дөңгелекпін
Көкіністер ортасында
Көріктімін, сүйкімдімін.
Мысық: Балалар, қандай тамаша, сендерге рахмет. Келесі тапсырма далада су әкеле жатқан қыздар беріпті.
Мұғалім: Бұл тапсырма « Санамақтар айтып бер!» - деген. Балалар кім қазақ тілінде санамақтар айтып береді.
Платон: Бас бармақ – атам
Балаң үйрек – әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек - анам
Кішкентай бөбек - мен
Біз нешеуміз, біз бесеуміз
Бесеуміз, біз бесеуміз!
Агата: Жаңылысып жүрмейік
Бір - жалғыз, ол бір делік.
Одан киін екіні
Айтып көңіл бөлейік.
Аня: Екіден соң үш болар
Бойымызға күш болар
Үштен киін төрт болар
Айтар саның жалғассын
Одан әрі көп болар!
Полина: Төрттен кейін бес дейміз
Мәселені шешпейміз.
Бестен кейін алты бар
Санасан есеп шарқы бар
Влас: Содан киін жетіні
Киелі деп айтады
Қазағымның салтында
Реттік санның негізі.
Настя:Айтамын сегіз саны деп
Сегізден соң - тоғыз бар
Санасан ол да бар
Он - дедік біз,он дедік
Санамақты жөндедік.
Мысық: Ой, балалар, тамаша, тамаша!! Тамаша, мен өте ризамын.Керемет, керемет!
Мұғалім: Мысық сенде кел, бізбен қосыл, сабақ оқы.
Мысық: Жарайды, жарайды, келемін ! Сабақ оқимын.
Мұғалім: Балалар келесі тапсырма «Дүкенші» жіберіпті.Бұл өте оңай.
Сергіту сәті :
Мұғалім:Жарайсындар, балалар, ептеп тыңығып алдық, әрі қарай тапсырма орындауымызды жалғастырайық.
Тауық тапсырмасы: «Бауырсақ ертегісі»/интерактивті тақтадан суреттер шығады. Балалар «Бауырсақ» ертегісін қояды.
(Осы кезде мысығын іздеп Мақта қыз кіріп келеді.Мысығына құйрығын қайтарады, екеуі құшақтасады.)
Мысық: Балалар , сендерге үлкен рахмет, сендер маған көп көмектесіндер.
Мұғалім: Саған рахмет, мысық, енді жаман қасиеттерінен айырыл. Тек қана жақсылық жаса. Бізідің балалар өте тәртіпті, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Мысық: Мынау менің сендерге әкелген сыйлығым.Сау болындар!
Мұғалім: Балалар біздің де уақытымыз болып қалды, қане барлығымыз шаттық шеңберге тұрайық. Бір – бірімізге бақыт пен шаттық тілейік.
Балалар: Шаттық шеңберіне тұрады, бір – біріне бақыт пен шаттық тілейді.
Мұғалім: Балалар осымен сабағымыз аяқталды. Мынау сендерге сыйлық. Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Мұғалім: Сау болыңыздар! Балалар енді біз топқа барайық.