Пәні: қазақ тілі | Мектеп: «Ақтанберді атындағы орта мектеп- бақша»КММ |
Күні: 22.10.2016 | Мұғалімнің аты- жөні: Кашкинбекова Анар Тулеубековна |
Сынып- 2 «А» | Қатысқандар-барлығы | Қатыспағандар -0 |
Тақырыбы | Мәтін және оның түрлері (бөліктері) |
Оқу мақсаттары | Мәтін бөліктерімен танысу |
Бағалау критерийлері | Мәтін екенін дәлелдей білу (екі не одан да көп сөйленен құралады) Мәтін бөліктері (Басы, негізгі бөлім, соңы) Мәтінге ат қою |
Тілдік мақсат | |
Талқылауға арналған ашық сұрақтар: Неліктен мәтін үш бөліктен тұрады деп ойлайсың? |
Ымишара: Мәтін үш бөліктен тұрады: басы, ортасы, соңы |
Алдыңғы оқу | Мәтін |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі | Жаттығу түрлері | Ресрустар |
Басы 5 мин | Психологиялық дайындық. Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат. Әрбір сабақ? Үйрену.ұғу,ұлағат. Әрбір ісің? Тірлік,тірек ,адамдық. Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық. Түрлі сөздер арқылы топқа бөліну. Үй тапсырмасын әр топтан тексеру: Көше тәртібі туралы әңгімелерін тексеру | суреттер |
Ортасы 35 мин | Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру *Мәтін бөліктері *Топтарға тапсырмалар беру: 1. Мәтін дегеніміз не? 2. Мәтіннің қандай бөліктері болады? 3.Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма? * Топтарға 140-жаттығуды талдауды ұсыну (Мәтінде не туралы айтылған? Оған ат қоюға бола ма? Мәтін неше бөліктен тұрады? Барлық мәтін осындай бөліктерден тұра ма?) *141-жаттығуды орындату: мәтінге сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді құрастыру. * 142-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, жоспар құру. | Мәтін бөліктері жазылған және суретпен көрсетілген сыба |
Соңы 5 мин | Бағалау жүргізу. Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау, 143-жаттығу. | |
Саралау Қабілетті оқушымен жұмыс: мәтін бөліктерін ескере отырып, мәтін құрау | Бағалау: оқушы білімін тексеру 1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. 2. Мәтіннің тақырыбы болады. 3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады. 4. Мәтінде тірек сөздер болады. Мәтіннің негізгі ойы болады. | Пәнаралық байланыс Денсаулық пен қауіпсіздік АКТ мен байланыс Құндылық тармен байланыс тәрбие элементі |
| | |
Рефлексия. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма, тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? | Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Оқушылар мәтін бөлімдерімен танысып, үйренді. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы өздіктерінен жұмыс істеуге бағытталды. Уақыт тиімді пайдаланылды. |