Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнектілі: Суреттер, нақыл сөздер. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының мұқабасы.
Барысы:
(Ата немересін жетектеп келеді)
Автор : Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп ?» деп
Жетпіс келет жүгіріп.
Ата шығады немересін ертіп :
Мектебің мынау сыныбың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың
Наргиз:
Балам,балам жақсы бол
Міне сенің мектебің
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Баласы:
Қыркүйекnе келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамынды құп алып.
Мұғалім: Міне балалар ата- әжелерің, ата-аналарың сендерді менің алдыма әкеп тапсырып кетіп еді, содан бері 4 ай өтті.Армысыздар құрметті қонақтар, ата- аналар! Бүгін сіздерді 1-А сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Бала- біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі дей отыра алғашқы қадамдары құтты болсын!Мерекеге арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті, міне бойларың
Өсті, міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндеріміз өмірне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Кезекті оқушыларыма беремін.
Жүргізушелер:
1 ж:Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандай,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2 ж: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1 ж: Армысыздар, әкелер мен ару аналар!
2 ж:Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз,
Ғылым , білім жолына
Енді қайық саламыз.
Наргиз: Біз қандаймыз,қандаймыз?
Арна : Мың бұралған бишіміз.
Сымбат: Біз қазақпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
Уәлихан:Біз шеберміз , ақылдымыз.
Нұрсұлу: Үлкенге ізетпіз, кішіге қамқоршымыз.
Наргиз: Жанып тұрған шырақпыз, толқынды су бұлақпыз.
Хадижа: Елімізді өркендететін
Қазақ тілін көркемдететін
Мұғалім: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін
Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы,
Әнұранымен айбатты.
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз»
«Отан әні» - орындау-слайд
Мұғалім: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз.Өйткені, хат танып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
-Біз не үйрендік?Не істей аламыз?
Оқушылар: Мен кітапты өзім оқу аламыз
- Мен енді өзім жаза аламын
- Ертегі, әңгімелерді оқи аламын
-Өлең жаттай аламын
-Сурет сала аламын, ән айта аламын.
Мұғалім: Өте жақсы, осыларды істеуге көмектескен кімдер, нелер деп ойлайсыңдар?
Хормен: Әліппе,Мектеп,Ата-Ана, Мұғалім.
Слайд
Мұғалім: Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті әліппе.
Мұғалім: Ендеше ортаға сүйікті әліппемізді шақырайық.
Хормен: (Әліппе, әліппе,әліппе)
(Ортаға әліппе келеді)
Әліппе:
Армысыңдар жас достар
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Таудай болса талабың
Аттары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың.
Мұғалім: Әліппе төрге шығыңыз, балалардың өнерін , білімін тексеріп көріңіз.
Ән айтылады «Әліппе»
Мұғалім: Балалар бізге әліппе тапсырмалар ала келіпті.
(Тапсырмалар орындалады)
Мұғалім: Енді әліппеге арнаған жыр-шумақтарымызды айтайық.
1-оқушы: Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекте
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
4- оқушы:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
Мұғалім: Рахмет балалар!
-Міне білімнің кілті-әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті.
-Қане әліппеге қош айтайық!
1 ж:Қош бол ққұтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Ән: Хош бол құтты әліппем!
2 ж:Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Хормен : Рақмет ұстаз алғашқы.
Уәлихан:Әр күнім алып келер жаңалықты
Тоқимын,оқып,біліп жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жаным да сағат сайын жаңарыпты
Сымбат:А-ны айтқанда дауысым да дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.
Мұғалім:Балалар, әрі қарай бізге әліппенің орнына Ана тілі келеді.Қарсы алайық, танысайық!
Ана тілі:Туған елдің тілімін
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Ана тілінің жұмбақтары:
Қабат қабат қаттама
Ақылың болса аттама
Кітап
Тақтада жазып, жалықпаған
Жаза жаза арықтаған
Бор
Ана тілі :Рахмет балалар жарайсыңдар!
Мұғалім:Ана тілі, отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Би: «Ертегілер»
Мұғалім:Балалар, сендер үшін әліппені меңгертуге, жазуға үйреткен түн ұйқысын төрт бөліп, қуаңсаң-қуанып, ренжісең- жұбататын асыл адам –Ана.
Ана – біз үшін ең ардақты адам
Ананы сыйлау- біздің парызымыз.
Сымбат- Дүниеге әкелген, ол да сенң анашың.
Нұрсұлу-Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенң анашың.
Уәлихан – Тіл алмасаң кешірген, ол да сенң анашың.
Арна –Мәпелеген баласын, аман болсын анашың.
Балалар бас иеді-Анамызға мың алғыс!
Ән: «Ата-ана»
Ата-аналарға тапсырмалар (тақтадан)
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ боп,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Бата оқылады
Мұғалім:Қымбатты оқушылар мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтау үшін мектебіміздің директоры: Бирназаров Нұрмағамбет Жағыпарұлына сөз кезегін береміз.
Ата-аналарға мақтау қағазын тапсыру үшін, бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі Лақай Ризаға кезек береміз.