kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, ??тты ?ліппем!.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Та?ырыбы: ?ош бол, ?ліппем!
    Ма?саты: О?у тілін дамытып, с?здік ?орын молайту. О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау.
    ?р о?ушыны? іс- ?рекеттері ар?ылы икемділігін, ?абілеттерін к?рсету,шы?армашылы? м?мкіндіктерін ашу.
    О?ушыларды? елін, Отанын с?юге,оны ?ор?ай білуге т?рбиелеу.
    К?рнекілігі: ?аза? ?ліпбиі,суреттер, на?ыл с?здер, «?ліппе», «Ана тілі»,  Барысы:    М??алім:

Б?гін мектебімізді? 1? сынып о?ушылары б?кіл білімні? басы бол?ан ?ліппе о?улы?ын бітіріп, ?оштас?алы отыр. ?ліппені бітіру – алда?ы ?мірге бастайтын к?п белесті? бірі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, ??тты ?ліппем!. »

  • Тақырыбы: Қош бол, Әліппем!
    Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
    Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
    Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», Барысы: Мұғалім:

Бүгін мектебіміздің 1ә сынып оқушылары бүкіл білімнің басы болған әліппе оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше, бүгін оқушыларымыз сол белестің бірінен асты.
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар,ата - аналар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.Бұл біздер үшін де үлкен салтанатты мереке. Мереке құтты болсын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындалады.

Гимн.

Мағжан:
Қайырлы күн, уа, халайық!
Аяулым:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
Мағжан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Мұғалім:

Келдіңдер де мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!

Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық!

Оқушыларды қошеметпен қарсы алайық.



Оқушыларды таныстыру.

Көздері күліп тұрады,

Райымбек бәрін ұғады.



Алтынтаң жүрер жайдары,

Көңілі көркем айдарлы.



Абдулжамит жан – жақты,

Өнерлі, биші ардақты.



Сабаққа дайын жүреді,

Бақытгүл білім сүйеді.



Аслан өте ұқыпты,

Сабақты терең ұғыпты.



Сабырлы мінезі ақылды,

Назерке сынып асылы.



Ералы біздің қадірмен,

Әр істің жолын табады.



Үндемей ұғып алады,

Ақжүніс ән де салады.



Білімді болу зор тілек,

Өйткені ол Нұртілек.



Даусы бар бұлбұлдай,

Аяулым өзі құндыздай.



Өнерге бар таласы,

Мағжанның әні тамаша.



Ақкөңіл күліп жүреді,

Замира сынып тірегі.



Көзі жайнап күледі,

Батырбек бәрін біледі.



Жайлап жүріп сабырмен,

Айтгүл білім алады.

1- оқушы. Ақжүніс.

Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.

2- оқушы. Ералы.

Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

3- оқушы.Абдулжамит.

Биыл ғана мектептің

Табалдырығын аттадым.

Әліппені қолға алып,

Әріптерді жаттадым.

Партаға алғаш отырдым,

Бұдан асқан бақыт жоқ.

Оқушы болдым, мінекей,

Ойнауға енді уақыт жоқ.

Жақсы оқыпкелемін,

Сабақтан да қалмаймын.

Осы өлең жолдарын

Мектебіме арнаймын.

4- оқушы.Бақытгүл.

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

5- оқушы.Нұртілек.

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.
Мұғалім:

Ана - біздің күніміз!

Ананың біз - гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз – дей келе Ән: Біз өмірдің гүліміз.
Мұғалім: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:

Әліппе ортаға келеді!

Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ата –аналар!

Менің атым Әліппе

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден!

- Бірінші сұраққа жауап беріңдер?

- Олай болса алғашқы мектепті ашқан, әліппені жазған кім?

Бәрі хормен: Ыбырай Атамыз!

Алтынтаң.

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс – жазы

Ұлы Ыбырай атамыз

Ұстаздардың ұстазы

Ұран тастар көп елге,

« Кел, балалар, оқылық!

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Ал келесі сұрақты тыңдаңдар:

- Ал алғаш Әліпбидің атасы кім?

Ахмет Байтұрсынов атамыз!

Асылан.

Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Айтгүл.

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Райымбек.

А деген ол аналар ғой ардақты,

Әдеген ол әкелер ғой салмақты,

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Қазақ тілінде неше әріп бар? Таңба нешеу?

Дауысты әріп нешеу? Дауыссыз әріп нешеу?

Биі: Абдулжамит, Наерке.

Ертегі. «Бауырсақ ертегісі»

Аяулым.

Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу.

Тақпақтардан бастайық.

Нұртілек.
А-- Алфавитке сүйеніп,
Ә-- Әліппені үйреніп.
Б-- Білім алып сен шықсаң,
Г-- Гүлденген бір күйге еніп.

Райымбек.
Ғ— Ғылым қуып барласаң,
Д— Дүниені шарласаң.
Е— Еңбек етіп ерінбей,
Ж— Жөні түзу жан болсаң.

Алтынтаң.
З— Заманыңа сай болсаң,
И,й- Игілікке бойласаң.
К— Кітап- білім бұлағы,
Қ— Қызығына тоймасаң.

Аслан.
Л— Ләззат алсаң білімде,
М— Мектепте өтсе күнің де.
Н, ң— Нағыз адам боласың,
О— Оқысаң оқу түбінде.

Ералы.
Ө-- Өмірде басып оң қадам,
П— Парасатты бол адам.
Р— Рахаттана ел сүйсін,
С— Самал болып соқ оған.

Бақытгүл.
Т— Таланттың мініп тұлпарын,
У— Уақыт болсын ұтарың.
Ұ— Ұстаздық ет, жалықпа,
Ү— Үлгі тұтар ұрпағың.

Мағжан.
Һ— Қаһарман боп, ер жігіт,
Х— Халқыңды сүй емініп.
Ш-- Шындықты әркез қорғағын,
щ— Ащы терің төгіліп.

Абдулжамит.
Ы— Ынтымақ болса сенемін,
І— Ілгері баса берерін.
ю— Ою ойып, өнерлім,
я— Аяулы болсаң дер едім.

Басы, аяғы бәрі осы,
«Әліппе» деген өлеңнің.

Мұғалім.

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаңа.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық.

Ия, Әліппе , біз де сенің әріптеріңмен толық танысып, дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап, жүргізіп оқуға, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазуға үйрендік.
Әріптерден сөз құрау.
Мектеп – кеме, білім – теңіз.

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес келеді)
Дымбілмес:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Дымбілмес:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Бі Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік Содан соң шыққан сөзді оқимыз. Дымбілмес бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне, Дымбілмес , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Дымбілмес : Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Дымбілмес : Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Білгішбек. Әліппеден жаттаған өлең тақпақтарынды айтыңдар.

1-оқушы:Ақжүніс.
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.ендігі кезекте «Мың бұрала билеген,аяғы жерге тимеген» деп ортаға Бақытгүлді шақырамыз.

Шарлардағы тапсырмаларды орындау.

Әліппе

Ал математика сабағынан не білесіңде?

Санамақ білесіңдер ме?

Райымбек.

Ал, санайық санамақ,

Сан сырына қанайық?

Бір саусақты жұмайық

Бір саны деп ұғайық

Екі саусақ жұмайық

Екі сан деп тынайық

Үш саны деп шығайық

Тағы бір сан деп жұмайық

Бес болды деп ұғайық

Замира

Бір-дегенім бал

Оны біліп ал.

Екі деген- ел

Елім деген ер

Үш дегенім- үміт

Төрт дегенім –түлік

Бес дегенім - бестік

Алтынтаң.

Алты деген ақ,

Жеті деген- жақ

Сегіз деген- сөре

Тоғыз деген-төре

Он дегенім -Отан

Батырбек.

Бір – білім алдым

Екі – егін салдым

Үш – үй көшірдім

Төрт – төл өсірдім

Бес – белге шықтым

Бақытгүл.

Алты – асық ұттым

Жеті - желім қақтым

Сегіз – серке бақтым

Тоғыз – тойға бардым

Он – отын жардым

Аслан.

Бір дегенім –білім

Төрт пен беске ілін

Алып жүргін, балам

Мұғалімнің тілін

Ералы.

Екі дегенім- еңбек

Еңбекпен іс өнбек

Жалқау болсаң, балам,

Бар қиындық төнбек.

Әліппе

Ал, достар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Мағжан.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз

Аяулым.

Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Басқа оқулық достаспақ

Әліппемен қоштаспақ.

Назерке.

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Ақжүніс.

Мың- мың алғыс,

Бізге білім

Кілтің бердің

Кілтің бердің Әліппе.

Хормен: Рахмет саған, Әліппе!


Әліппе: Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп , мендей күтіп құрметтеңдер. Енді қош сау болыңдар.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Хор: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Мұғалім.

Күндей күліп жарқырайды, шығады.

Жақсы әуен жыр мен сәннің бұлағы.

Түсінеміз асыл ырғағын,

Көңілмен тыңдаған жан ұғады.- дей келе «If you happy...» ағылшынша әнін тыңдайық.

Ана тілі-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Жұмбақтар шешу.

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.(Кітап)

Қанша болсын бойымыз

Жазып қойдық жасырмай.

Бойымызға оны біз.(Сызғыш)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр, шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(Қалам)

Қабат-қабат қаттама.

Ақылың болса аттама.( Кітап.)
2.Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барын сап. (Өшіргіш)

Мұғалім.

Бабамыздың тілі деп.

Даламыздың үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.

Ән: Абдулжамит. «Алға, алға, қазақ жігіттері!»



мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз





Хормен: Қош бол құтты Әліппем?

Ана тілі

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмен

Байыптап жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Бір-бірімізбен айнымас дос боламыз.

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық

Олай болса ән тыңдайық

«Қошақаным қайда екен» әні орындайтындар Ақжүніс, Ералы.

«Биі» Бақытгүл, Райымбек, Мағжан, Ақжүніс, Абдулжамит, Аяулым.


  • Мектебіме арнаймын Замира.
    Биыл ғана мектептің
    Табалдырығын аттадым.
    Әліппені қолға алып,
    Әріптерді жаттадым.

    Партаға алғаш отырдым,
    Бұдан асқан бақыт жоқ.
    Оқушы болдым, мінекей,
    Ойнауға енді уақыт жоқ.

    Жақсы оқып келемін,
    Сабақтан да қалмаймын.
    Осы өлең жолдарын
    Мектебіме арнаймын





М.Әлімбаев
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің



Сөзі Ә. Аймақтікі 

Әні С. Сапарәлиевтікі


Мейірімді шапағатын тербеткен,

Арманға асқар құлашымды серметкен.

Мен бақытты балдырғаның саяңда,

Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.


Қайырмасы:


Аяулы әнім — мектебім,

Шуағыңда көктедім.

Жүрсем-дағы қай жерде

Киялымнан кетпедің.

Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,

Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.

Әліппені жаттатқызған,ұстазым,

Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.


Қайырмасы:


Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,

Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.

Саған деген махаббатым – әнімді

Асқақтата шырқай салып жүремін.


Кайырмасы:



Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

  • РРахмет саған «Әліппе».(хормен)
    Қыздардың орындауында би.
    1-оқушы:
    «Әліппе» даңғыл жол ашты
    Жаңадан пәндер жалғасты
    Әліппе сырын ұқтырған
    Рахмет ұстаз алғашқы.
    «Ұстазым» әні.
    Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
    биі.
    Әліппе:
    -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
    Мұғалім:
    -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
    Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
    Ана тілі:
    -Сәлеметсіңдер ме, балалар?
    Туған елдің тілімін,
    Ақылымен танылам.
    Түсіндірер бәріне
    Ана тілі мен болам.
    Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
    Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.

Мұғалім:
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз



Мектебіме арнаймын
Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым.

Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.

Жақсы оқып келемін,
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын



Әліппе сөзі

Балалар мен сендерге дайындап әкелген жұмбақтарым бар.

Мына жұмбақтарды шешіп көріңдерші

  1. Қабат – қабат қаттама,Ақылың болса, аттама.

2. Маң – маң басқан

Шудаларын шаң басқан

3. Шарлап келіп даланы,Үйіме үйін салады

4.

5.

Әліппе Балалар, сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар?

Сонымен бірге тағы қандай пәндермен дос болып жүрсіңдер?

Балалар

Математика дүнитану сурет еңбек дене шынықтыру

Әліппе

Ал математика сабағынан не білесіңде?

Санамақ білесіңдер ме?

Әлішер Капанов

Ал, санайық санамақ,

САн сырына қанайық?

Бір саусақты жұиайық

Бір саны деп ұғайық

Екі саусақ жұмайық

Екі сан деп тынайық

Үш саны деп шығайық

Тағы бір сан деп жұмайық

Бес болды деп ұғайық

Амина

Бір-дегенім бал

Оны біліп ал.

Екі деген- ел

Елім деген ер

Үш дегенім- үміт

Төрт дегенім –түлік Бес дегенім - бестік

Диана

Алты деген ақ,

Жеті деген- жақ

Сегіз деген- сөре

Тоғыз деген-төре

Он дегенім -Отан

Әли

Бір – білім алдым

Екі – егін салдым

Үш – үй көшірдім

Төрт – төл өсірдім

Бес – белге шықтым

Диляра

Алты – асық ұттым

Жеті - желім қақтым

Сегіз – серке бақтым

Тоғыз – тойға бардым

Он – отын жардым

Алтынай

Бір дегенім –білім

Төрт пен беске ілін

Алып жүргін, балам

Мұғалімнің тілін

Аян

Екі дегенім- еңбек

Еңбекпен іс өнбек

Жалқау болсаң, балам,

Бар қиындық төнбек

«Қазақ би» орындайтын Аружан , Дюсенова Д, Айдана, Ділда, Ақгүлтай Самал

Әліппе

Оқуға зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты, Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарыің есте болсын

Күнделіктерің беске толсын

Сәкен.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Саутты боп шықты міне балаңыз

Жантөре

Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Басқа оқулық достаспақ

Әліппемен қоштассақ.

Дюсенова дильназ

Қош құты Әліппем

Көк нәрсені үйреттің

Таныстырдың әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Абдулла

Қош бол құты Әліппем

Тіл тұсауын кестің сен

Аяулы апам болып сен

Айыбымдыкештің сен

Алтынай

Мың –мың алғыс,

Бізге білім

КІлтін бердің

Кілтін бердің,Әліппе

Әліппе

Ал, достар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Ортаға ана тілі шығады

Әліппе: Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер. Енді қош сау болыңдар

Хормен: Қош бол құтты Әліппем?

Ана тілі

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмен

Байыптап жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Бір-бірімізбен айнымас дос боламыз.

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық

Олай болса ән тыңдайық

«Қошақаным қайда екен» әні орындайтындар Дармен Дильназ, Ажар , Төлеген Дильназ.

«Шығыс Биі» Ажар Гүлбахран Диана Диляра

І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.




) М.Әлімбаев
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош бол, ??тты ?ліппем!.

Автор: Елпанова Акбала Ермек?ызы

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202393

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?ош бол, ??тты ?ліппем! 1-сынып "
    ["seo_title"] => string(33) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "236886"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444188021"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "сценарии "?ош бол, ??тты ?ліппем!""
    ["seo_title"] => string(36) "stsienarii-k-osh-bol-k-u-tty-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "297262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456158481"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ош бол, ??тты ?ліппем!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-2"
    ["file_id"] => string(6) "169231"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423389371"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош бол, ??тты ?ліппем""
    ["seo_title"] => string(20) "koshbolkuttylippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "283740"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453881450"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош бол, ??тты ?ліппем""
    ["seo_title"] => string(20) "koshbolkuttylippiem2"
    ["file_id"] => string(6) "283741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453881458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства