kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, с?йікті ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? білімін бекіту, оларды? ал?ан білім, білік, да?дыларын к?рсету, тілін дамыту, с?здік ?орын молайту, ??ыптылы??а, жина?ылы??а т?рбиелеу. К?рнекілігі: бетперде ?ріптер, к?рініс костюмдері, ?ліппе, Жал?ау, Ана тілі кейіпкерлері. Саба? барысы: М??алім: Армысыздар, ??рметті ата-аналар, ?стаздар, балалар, ?она?тар! Міне, б?гін бізді? ш?кірттеріміз бар ?ылымны? атасы - ?ліппені бітірді. «?ош бол, с?йікті ?ліппем!» атты ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер. ?ымбатты, ш?кірттерім, білім жолына баста?ан ?адамдарын ??тты болсын! 1-о?ушы: Армысыздар, аналар! Бармысыздар, балалар! С?зіме ??ла? салы?ыз, ?ліппеге арналма? Б?гінгі ?н-жырымыз! 2-о?ушы: Алфавитті? «А» т?рады басында, ?р?ашанда «?» т?рады ?асында, Бай?ады? ба «Б» т?рады ?шінші Ал осыны? сыры неде т?сінші? 3-о?ушы: А деген ол – Аналар арда?ты, ? деген ол – ?келер ?ой салма?ты. Б деген ол – Балалар ?ой ?демі Бізді? елде ?шеуі де к?делі. 4-о?ушы: Бар кітап?а бас бол?ан, ?ліппе – ?ылым анасы. ?ліппеден бастал?ан Даналы?ты? данасы. 5-о?ушы: ?ліппем, мені? ?ліппем, Сені ?ол?а алып мен. Есігін аштым мектепті?, Ерте?гі с?уле жары?ты?. 6-о?ушы: Асыл с?зін тілімні? Бой?а ??й?ан ?ліппе. На? бастауы білімні? ?ыры? екі ?ріпте. 7-о?ушы: ?ліппе деген алтын жол, Апарар сені алыс?а. Же?іл емес, ауыр жол, Тырысып ба? намыс?а. Бестік болсын алар ба?амыз, Біліммен ба?ыт табамыз. ?нер-білім к?п то?ып, ?се берсін санамыз. 8-о?ушы: ?ош бол, ??тты ?ліппем, К?п н?рсеге ?йретті?. Таныстырып ?ріппен, Та?ылдатып с?йлетті?. 9-о?ушы: Б?рімізді с?йіп ?ткен, Балалар?а ?йреткен, ?ліппе мен ?стаз?а Бас иеміз ??рметпен. 10-о?ушы: Ана тілін а?та?дар, Ана тілін са?та?дар. Ана тілмен безеніп, Ата берсін а? та?дар. 11-о?ушы: Мектебім мынау, класы?, Осында он жыл т?расы?. Тарыдай болып кіресі?, Таудай болып шы?асы?. 12-о?ушы: ?тті о?у, сан саба?, Б?гін ?лкен салтанат. О?улы?пен достасса?, ?ліппемен ?оштаспа?! 13-о?ушы: ?ліппені жастанып, Ой?а білім ??яр ем. «А» ?ріпінен басталып, Ая?тал?ан «Я»-мен. 14-о?ушы: Келгенде ал?аш мектепке, Білмеуші едік ?ріпті. О?имыз ?азір ертекті, ?йреткен оны ?ліппе! 15-о?ушы: ?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз, Енді ?ол?а бас?а кітап аламыз. Ата-ана, ?уаныш?а орта? бол, Сауатты болып шы?ты міне, бала?ыз. ?н «?ош бол, ?ліппем» М??алім: ?ошаметпен орта?а ?ліппені ша?ырайы?! ?ліппе: С?леметсіздер ме, балалар! Айтал?ан ?ле?-та?па?тары?а ал?ысымды білдіремін, ма?ан осынша к??іл б?лгендері?е ризамын. Бала?айлар ?ріптер туралы не біледі екен? ?р балада кеудесіне бір ?ріп жапсырып орта?а шы?ады. Аа ?рпі: Алыбы алыптарды? – Ата-ана А?ыл, Ар, Адам, Арман – А-дан ?ана. ?? ?рпі: ?келген едім «?ліппе» ?р беті тол?ан ?ріпке. Бб ?рпі: Барабан, бал?а, бала – барлы?ы да, Бой ?рып, бас ?рады осы «Б»-?а. Гг ?рпі: Газет, Гаухар, газ, г?л, Г?л с?зінен «Г»-ні біл. ?? ?рпі: ?ажабын ?арышты? ?алымдардай таныс кім? Жж ?рпі: Жаз биыл жа?бырлы, Жайлау талай жа??ырды. Мм ?рпі: мен к?п тердім ма?таны, Марат мені ма?тады. Оо ?рпі: Орынды?та отырып, О?улы?ты о?ылы?. ?? ?рпі: ?з б?лмемнен к?рмедім. ?рмекшіні? ?рмегін. Пп ?рпі: Пайыз палау пісірді, Папасына ?сынды. Рр ?рпі: «Р-рр» ит жолы?ты, Райхан одан ?оры?ты. Сс ?рпі: Самар?ау Самат саба?та, Сап ??ілді са?ат?а. Тт ?рпі: Т?п-т?тті нан – Таба нан, Таба алмай ?алдым табадан. Фф ?рпі: Фото тілші Фуатты, Фархат келіп ?уантты. Ыы ?рпі: Ырыспек с?йер ж?мысты, Ы?ыласпен жуды ыдысты. Орта?а ?сті басы кір, жамау шалбармен, есінеген Жал?ау кіреді. Жал?ау: Мен ?айда кірдім? Сендер не істеп жатырсы?дар? Мынау не? М??алім: Сен кімсі?? Жал?ау: Мен Жал?аумын. Сендер мында не істеп жатырсы?дар? М??алім: Біз о?ушылармен ?ліппемен ?оштасып жатырмыз. Жал?ау: ?ліппе? ?ліппе деген не? А, ?ліппе, е, ?ріп ?ой. ?айтесі?дер оны балалар! Оданша керуетте демалып жатпайсы?дар ма? ?айтесі?дер осы ?ріптерді? М??алім: Жо?, Жал?ау, сен ?ателесесі?. ?ріптер бізге ?мірде керек. Балалар ?ріптерді біліп, к?п білім жинады. ?ане, балалар, ?з білімімізді Жал?ау?а к?рсетейікші. О?ушылар ?з орындарына отырады. М??алім тапсырмаларын о?иды. 1-тапсырма: Бір ?ріпкебасталатын бес баланы? атын шатаспай айтып шы?у. Мысалы: «А» ?рпі: Алмас, Айнаш, Айман, Айдын, Арай. Балалар?а Б, С ж?не М ?ріптері беріледі. 2-тапсырма: Ж?мба?тар шешу 3-тапсырма: Жа?ылтпаштар айт?ызу. 4-тапсырма: Та?та?а шы?ып, с?йлемдерді о?ып шы?у. 5-тапсырма: С?з ??ру. Орта?а Жал?ау шы?ып, «Мен айтайыншы, мен б?л ?ріпті білемін. Б?л ?ріп «Іі», ал б?л с?з «?ліппе» болады. Мен айтайыншы. Балалар, мен сендер сия?ты о?ы?ым келеді. Сендермен о?у?а болады?». М??алім: Балалар Жал?ауды аламыз ба? Балалар: И?! М??алім: Жал?ау, сен ?сті-басы?ды д?рыстап, беті?ді жуып кел. Жал?ау кетеді. ?ліппе шы?ады. ?ліппе: Балалар, Жал?ау сендерге ?арап, оны? да о?ы?ысы келді. Мен сендерге риза болдым, тапсырмаларды жа?сы орындады?дар. Мен енді сендермен ?оштасамын, мені? орынма бас?а кітап келеді. Оны? аты – Ана тілі. Музыка ойналып, орта?а Ана тілі келеді. Ана тілі: Ана тілі п?німін, Ана тілі ?раным. Ана тілі болмаса, Мы?ты болмас т?ра?ым. Балалар, енді мені о?итын боласы?дар. Мен сендерге к?п н?рсе ?йретемін. ?н: «Бала тілегі» М??алім: «Арыстан мен тыш?ан» к?рінісін тамашалайы?. М??алім: «Бес ба?а» атты ералашты тамашалайы?. М??алім: Кеше ?ана мектеп табалдыры?ын аттап едік, енді б?гін ?ріп танып, ?зіміз о?ып-жаза білетін халге жеттік. Сіздерді? жетектеп ?келген балапандары?ыз б?гін он мен солын танып, сауатты о?ушы санатына ?осылып т?р. Б?л той – б?рімізге орта? той. Тойлары?ыз той?а ?лассын! ??тты?тау с?зін мектебімізді? директоры Жайсенбаева ?орлан ?айыргелді ?ызына береміз. О?ушылар дипломмен марапатталады. М??алім: Осымен б?гінгі кешіміз ая?талды. ?она?тар?а ал?ысымызды білдіріп, рахмет айтамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, с?йікті ?ліппем! »

17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені











«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

атты сынып сағаты





Бастауыш сынып мұғалімі:

Г.Б.Рамазанова











Петропавл қаласы

2014 жыл

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін бекіту, олардың алған білім, білік, дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бетперде әріптер, көрініс костюмдері, Әліппе, Жалқау, Ана тілі кейіпкерлері.



Сабақ барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, қонақтар! Міне, бүгін біздің шәкірттеріміз бар ғылымның атасы - Әліппені бітірді. «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты, шәкірттерім, білім жолына бастаған қадамдарын құтты болсын!

1-оқушы: Армысыздар, аналар!

Бармысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі ән-жырымыз!

2-оқушы: Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

3-оқушы: А деген ол – Аналар ардақты,

Ә деген ол – Әкелер ғой салмақты.

Б деген ол – Балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

4-оқушы: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

5-оқушы: Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықтың.

6-оқушы: Асыл сөзін тілімнің

Бойға құйған әліппе.

Нақ бастауы білімнің

Қырық екі әріпте.

7-оқушы: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Бестік болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

8-оқушы: Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсеге үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

9-оқушы: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен,

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

10-оқушы: Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар.

Ана тілмен безеніп,

Ата берсін ақ таңдар.

11-оқушы: Мектебім мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

12-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштаспақ!

13-оқушы: Әліппені жастанып,

Ойға білім құяр ем.

«А» әріпінен басталып,

Аяқталған «Я»-мен.

14-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпті.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны әліппе!

15-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты міне, балаңыз.

Ән «Қош бол, Әліппем»

Мұғалім: Қошаметпен ортаға Әліппені шақырайық!

Әліппе: Сәлеметсіздер ме, балалар! Айталған өлең-тақпақтарыңа алғысымды білдіремін, маған осынша көңіл бөлгендеріңе ризамын. Балақайлар әріптер туралы не біледі екен?

Әр балада кеудесіне бір әріп жапсырып ортаға шығады.

Аа әрпі: Алыбы алыптардың – Ата-ана

Ақыл, Ар, Адам, Арман –

А-дан ғана.

Әә әрпі: Әкелген едім «Әліппе»

Әр беті толған әріпке.

Бб әрпі: Барабан, балға, бала – барлығы да,

Бой ұрып, бас ұрады осы «Б»-ға.

Гг әрпі: Газет, Гаухар, газ, гүл,

Гүл сөзінен «Г»-ні біл.

Ғғ әрпі: Ғажабын ғарыштың

Ғалымдардай таныс кім?

Жж әрпі: Жаз биыл жаңбырлы,

Жайлау талай жаңғырды.

Мм әрпі: мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Оо әрпі: Орындықта отырып,

Оқулықты оқылық.

Өө әрпі: Өз бөлмемнен көрмедім.

Өрмекшінің өрмегін.

Пп әрпі: Пайыз палау пісірді,

Папасына ұсынды.

Рр әрпі: «Р-рр» ит жолықты,

Райхан одан қорықты.

Сс әрпі: Самарқау Самат сабақта,

Сап үңілді сағатқа.

Тт әрпі: Тәп-тәтті нан – Таба нан,

Таба алмай қалдым табадан.

Фф әрпі: Фото тілші Фуатты,

Фархат келіп қуантты.

Ыы әрпі: Ырыспек сүйер жұмысты,

Ықыласпен жуды ыдысты.

Ортаға үсті басы кір, жамау шалбармен, есінеген Жалқау кіреді.

Жалқау: Мен қайда кірдім? Сендер не істеп жатырсыңдар? Мынау не?

Мұғалім: Сен кімсің?

Жалқау: Мен Жалқаумын. Сендер мында не істеп жатырсыңдар?

Мұғалім: Біз оқушылармен Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Жалқау: Әліппе? Әліппе деген не? А, Әліппе, е, әріп қой. Қайтесіңдер оны балалар! Оданша керуетте демалып жатпайсыңдар ма? Қайтесіңдер осы әріптерді?

Мұғалім: Жоқ, Жалқау, сен қателесесің. Әріптер бізге өмірде керек. Балалар әріптерді біліп, көп білім жинады. Қане, балалар, өз білімімізді Жалқауға көрсетейікші.

Оқушылар өз орындарына отырады. Мұғалім тапсырмаларын оқиды.

1-тапсырма: Бір әріпкебасталатын бес баланың атын шатаспай айтып шығу. Мысалы: «А» әрпі: Алмас, Айнаш, Айман, Айдын, Арай.

Балаларға Б, С және М әріптері беріледі.

2-тапсырма: Жұмбақтар шешу

3-тапсырма: Жаңылтпаштар айтқызу.

4-тапсырма: Тақтаға шығып, сөйлемдерді оқып шығу.

5-тапсырма: Сөз құру.

Ортаға Жалқау шығып, «Мен айтайыншы, мен бұл әріпті білемін. Бұл әріп «Іі», ал бұл сөз «әліппе» болады. Мен айтайыншы. Балалар, мен сендер сияқты оқығым келеді. Сендермен оқуға болады?».

Мұғалім: Балалар Жалқауды аламыз ба?

Балалар: Иә!

Мұғалім: Жалқау, сен үсті-басыңды дұрыстап, бетіңді жуып кел.

Жалқау кетеді. Әліппе шығады.

Әліппе: Балалар, Жалқау сендерге қарап, оның да оқығысы келді. Мен сендерге риза болдым, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Мен енді сендермен қоштасамын, менің орынма басқа кітап келеді. Оның аты – Ана тілі.

Музыка ойналып, ортаға Ана тілі келеді.

Ана тілі: Ана тілі пәнімін,

Ана тілі ұраным.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсе үйретемін.

Ән: «Бала тілегі»

Мұғалім: «Арыстан мен тышқан» көрінісін тамашалайық.

Мұғалім: «Бес баға» атты ералашты тамашалайық.

Мұғалім: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап едік, енді бүгін әріп танып, өзіміз оқып-жаза білетін халге жеттік. Сіздердің жетектеп әкелген балапандарыңыз бүгін он мен солын танып, сауатты оқушы санатына қосылып тұр. Бұл той – бәрімізге ортақ той. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Жайсенбаева Қорлан Қайыргелді қызына береміз. Оқушылар дипломмен марапатталады.

Мұғалім: Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қонақтарға алғысымызды білдіріп, рахмет айтамыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош бол, с?йікті ?ліппем!

Автор: Рамазанова Гульдана Бауржановна

Дата: 01.02.2015

Номер свидетельства: 165268


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства