Мұғалім: Құрметті ата-аналар ,ұстаздар,оқушылар! Бүгін біздің 1-сынып шәкірттерінің Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.Құрметі ата-аналар,балаларыңыз қолдарына алғаш рет ұстап бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап-білімге бастайтын алғашқы жол. Ал ,балалар, олай болса мерекемізді бастайық.
Шашу-шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке,бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Онда кезекті ата-анаға берейік.(Шашу шашылды)
-Балалар,естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?
Хормен; 1-қыркүйек.
-Балалар,сендер қызықтап қолдарыңа алғаш ұстаған оқулықтарың қай кітап?
Хормен; Әліппе кітабы.
Мұғалім: Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Осы Әліппенің алғашқы бетінде біздің елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев кішкентай бүлдіршіндерге арнап алғыс сөз жазған, сол сөзді кім оқиды?
Жеміске құты тола ма
Бір-бірлеп теріп алсаң?
Әп-сәтте шыға қоя ма
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай,қарағым,
Біртіндеп сіңір ойыңа.
Ұғып ал білім боларын
Шам-шырағың жолында.
Көлге ойналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том болған кітаптың
Басы болар « Әліппең».
Келесі кезекті таныстыруға берейік.
1-оқушы; Сурет салуды жалықпайтын
Темірлан ұлдарыңыз мен болам.
2-оқушы: Ай мен күні анамның,
Ақылдысы апамның,
Мен Әлінұр боламын.
3-оқушы : Жақсылыққа бастайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Расул жігіт мен болам.
4-оқушы: Жұмсағанға баратын,
Айтқан тілді алатын-
Мен боламын Алишер.
5-оқушы: Сіздерге арнап тіл қатты,
Сөйлегенім тым тәтті,
Арайлым деген мен болам
.
6-оқушы: : Көп оқитын,көп тоқитын,
Менің атым –Эльмира
7-оқушы: Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен,
Келді ортаға Зарина қыздарыңыз
8-оқушы Болашағы қазақтың
Басталады біздерден,
Шықты ортаға Назерке деген қыздарыңыз.
( « Қара жорға» биі биленеді)
Мұғалім: Ал,балалар,біз 4 ай бойы көп еңбек еттік. Әліппедегі 42 әріпті түгел оқып бітірдік. Сонымен қатар оқуды , жазуды үйрендік.Әліппемен қоштасу тек біздің мектепте ғана емес , бүгін біздің еліміздің мыңдаған балалары Әліппе кітабын бітіргендерін сендер сияқты мерекелеуде.
1-оқушы: Жақсы кітап Әліппе
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштасып
Әліппемен достасым.
А-дан бастап әріпті
Теріп маған танысты.
2-оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
3-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
4-оқушы: Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Әріптер сыр шашады.
Әсем биге басады.
5-оқушы: Әріптерді таныған-
Өңкей білгіш балдырған.
Өсті міне бойларың,
Құтты болсын тойларың
Би :Ұлдар
6-оқушы: Әліппем менің ,Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
.
7-оқушы: Мектебің мынау сыныбың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің
Таудай болып шығасың.
8-оқушы: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
Әліппе: Балалар,сіздердің өнерлеріңізге риза болдым. Сендерге көп-көп рахмет.Енді сауатты жазу мен мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырайын. Ол «Ана тілі» оқулығы.
Ал,қош болыңдар! Үнемі биік шыңнан көріне беріңдер.
Барлығы: « Қош бол ,құтты Әліппе!» Рахмет саған!
Ана тілі: Балалар,мен сіздерді бүгінгі қуаныштарыңмен құттықтаймын! Сендер мені де,оқып,жазып,көп нәрсені үйренесіңдер.Балалар,мені кейінгі ұрпаққа таза, ұқыпты етіп қалдыруларыңызды сұраймын.
Оқушылар: Таза,ұқыпты ұстауға, оқуға уәде береміз!
Мұғалім: Ана тілі,төрлетіңіз, оқушылар өнерлерін тамашалаңыз.
Ән : «Білімнің кілтіндей»
Хормен: «А» деген ол аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.
« Б» деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Би: Қыздардың биі
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,