Жиналып отыр?ан себебіміз кеше ?ана о?ы мен солын таныма?ан А-ны ?ріп деп білмеген ойын балалары т?рт ай ішінде сауаттанып хат танып,?здері о?ып жаза білер д?режеге жетті,кеше ?ана д?птер деген н?рсені шимайлай ?ана білетін кішкене б?лдіршіндер б?гінгі к?н д?птер жолымен т?зу, ?демі етіп жаза алатын болып, сіздерді, ата-аналарын осындай салтанат?а ша?ырып отыр.Осы жетістіктерге олар ал?аш ?олдарына ?ста?ан кітаптары ?ліппе ар?ылы жетіп отыр.Ендеше ?ліппемен ?оштасу?а арнал?ан мерекені бастайы?.
Ендеше о?ушыларды ?арсы алайы?.
Енді с?зді о?ушыларды? ?здеріне береміз.
Жанерке:Барша?ыз?а иіліп с?лем берем,
Мен ?ызымын Нурболатты? Жанерке деген.
О?уды да,жазуды тез ме?гердім,
42 ?ріпті жат?а білем.
Жансая:?ліппені жат?а білем б?гінде,
?з бетіммен о?и алам ертегі.
Танысы?ыз ?депті ?ыз Жансая
Мен боламын еліміздін ерте?і.
Гульайна:Лаулатып с?би сезім ой алауын,
Шатты? тілеп та?менен оянамын.
Еркелеткен есті ?ызы ?кемні?,
Мына мен Даулеткереева Гуляйнамын.
Айым:Ынталы да инабатты,
?негелі бір ?ызбын
Ата-анамны? а?ылдысы-
?айдарова Айыммы?.
Назгуль:Ата анамны? арда?та?ан
Назг?л атты ?ызымын
?жем мені еркелетіп
Дейді Алтын ж?зігім
Бекзат:Бекзат деген баламын,
Таудай биік талабым
Жа?сы о?ып саба?ты,
Білімді адам боламын.
Чингис:Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті ша?амын.
Ер мінезді Чингис атты бала мен боламын.
М??алім :Бар білімні? бастауы,
Бар ?ылымны? бастауы
Жас бала?а н?р шаш?ан.
?андай кітап тіл аш?ан.?
Б?рі:?ліппе.
М??алім:Біз о?и аламыз, жаза аламыз.Оны біз ?алай ?йрендік?
Просмотр содержимого документа
«Рахмет са?ан ?ліппе.»
Тақырыбы:Рахмет саған әліппе.
Мақсаты:Әліппеге деген сүйіспеншілігін арттыру, өздерінің сауатын ашқан оқулығына байланысты өлендерді мәнерлеп айтуға үйрету;жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.
Мұғалім;Сәлеметсіздер ме,бүгінгі салтанатқа жиналып отырған қауым!
Жиналып отырған себебіміз кеше ғана оңы мен солын танымаған А-ны әріп деп білмеген ойын балалары төрт ай ішінде сауаттанып хат танып,өздері оқып жаза білер дәрежеге жетті,кеше ғана дәптер деген нәрсені шимайлай ғана білетін кішкене бүлдіршіндер бүгінгі күн дәптер жолымен түзу, әдемі етіп жаза алатын болып, сіздерді, ата-аналарын осындай салтанатқа шақырып отыр.Осы жетістіктерге олар алғаш қолдарына ұстаған кітаптары Әліппе арқылы жетіп отыр.Ендеше Әліппемен қоштасуға арналған мерекені бастайық.
Ендеше оқушыларды қарсы алайық.
Енді сөзді оқушылардың өздеріне береміз.
Жанерке:Баршаңызға иіліп сәлем берем,
Мен қызымын Нурболаттың Жанерке деген.
Оқуды да ,жазуды тез меңгердім,
42 әріпті жатқа білем.
Жансая:Әліппені жатқа білем бүгінде,
Өз бетіммен оқи алам ертегі.
Танысыңыз әдепті қыз Жансая
Мен боламын еліміздін ертеңі.
Гульайна:Лаулатып сәби сезім ой алауын,
Шаттық тілеп таңменен оянамын.
Еркелеткен есті қызы әкемнің,
Мына мен Даулеткереева Гуляйнамын.
Айым:Ынталы да инабатты,
Өнегелі бір қызбын
Ата-анамның ақылдысы-
Қайдарова Айыммың.
Назгуль:Ата анамның ардақтаған
Назгүл атты қызымын
Әжем мені еркелетіп
Дейді Алтын жүзігім
Бекзат:Бекзат деген баламын,
Таудай биік талабым
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.
Чингис:Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын.
Ер мінезді Чингис атты бала мен боламын.
Мұғалім :Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан.
Қандай кітап тіл ашқан.?
Бәрі:Әліппе.
Мұғалім:Біз оқи аламыз, жаза аламыз.Оны біз қалай үйрендік?
Әліппе:Сәлеметсіздер ме сүйікті достарым.Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын.Дауыстылар қайдасыңдар?-мұндамыз.Дауыссыздар қайдасындар?-мұндамыз.
Мұғалім:Ал әріптер ,шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар
.Бастайық кәне айтысты,
Жібермейік намысты.
1-оқушы
А дегенім алмұрт,
Аузына сал бал жұрт.
2-оқушы:
Б дегенім бұлдірген
Балдай дәмін кім білген.
3-оқушы:
В дегенім витамин
Витамин көп жемісте,
Витамин ғой жеміс же.
4-оқушы:
Д дегенім-долана,
Долана өсер далада.
5-оқушы
Л дегенім –лимонад.
Лезде шөлің қанад.
6-оқушы:
О дегенім орман ғой ,
Отаныма қорған ғой.
7-оқушы:
Ө дегенім –өрік,
Өрікті ал теріп.
Мұғалім:Ойын анамызға гүл сыйлайық,гүлдің артындағы мәтінді оқу.
Әр оқушыға мәтін оқыту.
-Сұрақтарға жауап беру.
-Дыбыс деген не?
-Әріп деген не?
-Дауыссыз дыбыстары нешеге бөлінеді?
-Қазак тілінде неше әріп бар?
1-оқушы:
Әліппен менің ,Әліппе
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2оқушы:
Әліппиді жаттадық
Онда жүйе қалын бар
Біздің қазақ тілінде
42-әріп бар.
3-оқушы:
Енді біз жаза аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің іліппе.
4-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те.
Үйретті оны Әліппе.
5-оқушы:
Әліппені бітірдім
Жаза аламын атымды
Әліппені бітіріп
Бала болдым ақылды.
6-оқушы:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе –ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтын данасы.
7-оқушы:
Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма,
Жазылды менің есімім.
Мұғалім:Ата-аналар, балаларыңыз тек Әліппені ғана игеріп қойған жоқ, математика,дүниетану, ән сабағы бейнелеу өнері,еңбекке баулу: сабақтары жүргізілді.
Математикалық ұғымдар,есептер.
Санамақ.
1-дегенім-білім.
2-дегенім-елің.
3-дегенім -үнің
4-дегенін-тілің.
5-дегенін-батаң.
6-дегенін-атаң.
7-дегенін –жерің.
8-дегенін-сертің.
9-дегенім- төрің.
10-дегенім- оның менен солың.Санай берсен осылай ,бола берер жолың.
Мұғалім:
Ән:Қош бол құтты Әліппем.
Ойын:Бидай теру.-шашылған сандарды теру.
Есеп шығару.
Он асықтын үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы ,сонда нешеуі
Өз қолымда қалады?
Әліппе:Балалар мені жақсы меңгеріпсіздер.Мен сендердің білімдеріне риза болып тұрмын.Менің кететін уақытым болды.Сендер сияқты басқа білімді шәкірттер мені тосып отыр.Кетерімде сендерді сауатты жазумен, мәнерлеп оқытатын достарыммен таныстырып кетейін.
Ана тілін ертіп келеді.
Әліппе қош болыңдар ,балалар.Сендерге коп рахме!
Оқушылар:Қош бол құтты Әліппе!
Ана тілі:Армысыздар, жас достар!Менің атым-Ана тілі Енді мені оқитын боласындар.Ынта қойып оқысандар көп нәрсе үйренесіндер.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілін, біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілі,сізді балалардың жақсы оқитынына сенеміз.
Оқушылардың орындауындағы би өзіңізге арналады.
Жұмбақ жасыру.
Ән:Ойыншықтар.
Мұғалім:Қымбатты балалар!Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ.Сендерді бір-бірімен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті.Алдағы уақытта да сабақтарыңды жақсы оқыңдар.Әрқашан күнделіктерін -5 толсын.
Ал құрметті ата-аналар, қонақтар, бүгінгі біздің Қош бол, Әліппе! Ертеңгілігі осымен аяқталды.