Просмотр содержимого документа
«конспект урока "?а?ба?"»
Әдебиеттік оқу , 3-сынып
Құрманжанова Әлдехан Айтахынқызы
Сабақтың тақырыбы: Қаңбақ
Сабақтың мақсаты:
Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын жүйелі баяндауға
жетелеу. Рольге боліп оқуға үйрету.
Мазмұны арқылы қорытынды ой шығару.
Оқушылардың ой –орісін дамытудағы шығармашылық
жұмыстар
Тұрақтылыққа , байсалдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Бір- біріне жылу беру , алақандарын соғу.
1.Қызығушылығын ояту.
Үй тапсырмасын мазмұндату, 5 жолды өлең оқыту, есеккке деген көзқарастарын оқыту, мақал –мәтел.
Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ) 1. Қаңбақ деген не деп ойлайсыңдар?
Мінез құлық туралы, өткен сабақта кездескен есектің мінезі т.б Бүгін де мінез құлық кездесуі мүмкін назар аударып отырыңдар.
2. Мағынаны таныту: ( бейнекөрініс)
ҚАҢБАҚ – біржылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Каспий, Арал теңіздері атырауында, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Үстүрттің солтүстігінде, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Мойынқұм, Балқаш – Алакөл ойысының саз топырақты шөлді аймақтарында өседі. Биікт. 15 – 60 см. Сабағы түбінен бастап бұтақтанған, бұтағы өте қалың, тікенегі көп болады, тамыр жүйесі әлсіз. Жапырағы таспа пішіндес, кезектесіп орналасқан, тікенекті, тамыр жүйесі әлсіз. Гүлі – қос жынысты, гүлшоғыры – масақ не шашақ тәрізді. Маусым – тамыз айларында гүлдейді. Мал азығы, оны әсіресе түйе сүйсініп жейді. Аққаңбақ деген түрі — қалампыр қымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның құмды далаларында, өзен жағаларында, тақырланған жерлерде седі. 1 га жерден 40 — 50 ц пішен алынады. Тамырұнтағы жүн жууға, сабын, шампун өндіру өнеркәсібіне қолданылады. Шөбінің тұнбасын бауыр ауруын емдеуге пайдаланады.
Топпен жұмыс:
1-топ
2-топ
3-топ Бөліктерге бөліп оқыту , мазмұндау,
4-топ түртіп алу
5-топ
Адырлар – кедір- бұдыры көп , ойлы-қырлы жерлер
Бел-белес- қырқа, асу,кезең, жон
Терістік-солтүстік жақ, күн аз түсетін жағы
Сағым- ауаның біркелкі қызбауына байланысты табиғатта болатын құбылыс.бұлдыр, күңгірт,бұлыңғыр ( сағымдай жоқ болып кетті)
Толысып піскен- жаздың нағыз корінісі,өсімдік тер , малдардың ет алып толған шағы
Беткей-таудың беті, құлама жағы,баурайы
Безек қағу- зыр жүгіру, тоқтамау
Сәске кезі – күн арқан бойы көтерілген кез, сәске түс- шаңқай түс мезгілі
Дөң- көтеріңкі биік жер, төбе , көтеріңкі, шығыңқы, дөңес
Шоғыр- топ- топ болып өсу
Қау жапырақтар- тығыз өскен қалың жапырақ
Өкпек жел- өменнен өтіп кететін суық жел, уілдеп екпіндеп соғады
Сергіту:
Жел соғады, жел соғады,
Беткей жақтан құлдилап.
Қаңбақ кетті, қаңбақ кетті,
Топ- тобымен домалап.
1-топ: Қаңбақтың терекке тірелгенге дейінгі жерін мазмұндау.
2-топ: Мәтін түрін ажырат.Неге олай деп ойлайсың?
3-топ:Терек пен Қаңбақтың айтысын орындау. (сахналау)
4-топ: Қаңбақ бейнесінен қандай мінез құлықты білуге болады, откен сабақтағы есек туралы оқығанда қандай мінез құлықты байқадық? Салыстыру