Просмотр содержимого документа
«Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер»
Тақырыбы: Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер Мақсаты: 1. Заттың сынын білдіретін сөздермен таныстыру 2. Ертегіні түсініп, мазмұндауды білу. 3. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. 4. Топпен, жеке дара, жұппен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. 5. Табиғатты қорғай білуге баулу
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Ноутбук, қиылған суреттер, аудио жазба, көктем сәні слайд, оқулық, дәптер, қалам, қара қарындаш, А - 4 қағаздары; жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер, стикерлер,постер. Сабақтың барысы: Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңберін құру арқылы(ынтымақтастық атмосфера орнату) (3 мин).
Шаттық шеңбері:
Көгершін қандай құс балалар
Бір-біріне көгершінді ұсыну арқылы тілек айтады.
Мына өлеңді барлығы бірге жатқа айтады.
Мектеп –кеме,Білім-теңіз. Барар жерге ,Тез жетерміз.
Оқушылардан сабақтағы мақсатын сұрау.
2. Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Балалар 2топқа бөлінеді(30с) Білу (8 мин) 1. Өткен материалды қайталау. Мұғалімнің әрекеті.
Кеспе қағаздар таратылады,әр оқушы ережені айта отырып, заттың қимылын білдіретін қозғалысты көрсетеді.
Жұлдыздың әр бөлігіне заттың қимылын білдіретін сөздерді жазып, тақтаға ілу. Сұрақтар қойылады. Түсіну (10 минут) Ой қозғау
1. Тақырыпты анықтау мақсатында сөзжұмбақ шешу
Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу. Балалар суреттегі заттардың қасиеттерін айтады: Алма - қызыл, тәтті, дөңгелек. Табиғат-көркем, гүл-хош иісті. Үй - биік, жастық-жұмсақ, қарбыз-жасыл. Мұғалімнің әрекеті: Жаңа тақырыппен таныстыру: - Бұл сөздер заттың несін білдіреді? - Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойып тұрмыз? (қандай?) Осылайша заттың сынын білдіретін сөздермен танысады. Асанның бойы-ұзын, Әселдің бойы-қысқа. Жапырақ қандай түсті-Жасыл.
Мына оқушы қай аяғын көтеріп тұр- сол жақ аяғын. Яғни «қай?»- деген сұрақпен таныстырады Мұғалімнің әрекеті: Дәптердегі сызбаны толтыруды ұсынады. Мысал келтіреді: қай үй? - шеткі үй.
2. «Көктем сәні» ертегісімен таныстыру,аудио жазбадағы ертегіні тыңдату, сонымен қатар слайд көрсету(7мин) Мұғалімнің әрекеті: Жұппен жұмысты қадағалайды. - Аң патшасы арыстан басқа аңдарға қандай сұрақ қойды? - Ал, балалар соныменен көктем сәні неде екен? 3. Оқулықпен жұмыс. Жұппен орындайды. Кеспе қағаздағы суретті жабыстыра отырып, кітаптан сөзін тауып оқу. Балалар өздері оқиды. Бір - біріне мазмұнын айтып береді (жұппен). Сұрақтарға жауап береді Балалар «Көктем қандай мезгіл?» дәптердегі сызбаны толтырады Сергіту сәті (2 мин) Музыка ырғағымен билеп, сергіп алады Қолдану(10 мин) 1. Дәптермен жұмыс Ертегі ішінен қарамен жазылған сөздерді зат есіммен бірге теріп жазу. Мұғалімнің әрекеті: Заттың сынын білдіретін сөздерді қаншалықты түсінгендерін байқайды. Балалардың дұрыс отыруын, жазу ережесін сақтауды қадағалайды. Бекіту(6мин) Мұғалім тиісті ережелермен таныстырады. Оқушыларға бағыт - бағдар беріп отырады. Оқушының әрекеті:
Көктем сәні тақырыбына арналған постермен жұмыс(кеспе қағаздарды жабыстырып , сурет бойынша әңгімелеу) Рефлексия (1 мин) Кеспе қағаз таратылып, заттың сынын білдіретін сөзді айтады. Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам»әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды. Бағалау(2 мин) Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма? Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді.Мұғалім әр оқушыны жеке бағалайды. Үй жұмысы(30с) Ертегінің мазмұндау.