Әдебиеттік оқу | Уақыты: 27.09 | Кабинет: 18 | Мұғалім:Мәдениет М |
Сабақтың атауы | Кім күшті? |
Сілтеме | Әдебиет оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар |
Жалпы мақсаттар | 1. Ертегінің басты идеясы арқылы білім мен адамның ғажайып күші мен ұлылығын паш ету. 2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикасын, ой-өрісін дамыту. 3. Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасы | Психологиялық дайындық. Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін. Екі құлағың не үшін керек? Ақыл кеңес тыңдау үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін. Екі аяғың не үшін керек? Туған жерде жүру үшін!- | Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады |
Үй тапсырмасын сұрау | Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты ертегінің басты идеясы арқылы білім мен адамның ғажайып күші мен ұлылығын паш ету. тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз. Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге. |
Қызығушылықты ояту |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу | -Бүгінгі сабағымызды жан-жануарлар әлеміне саяхаттан бастайық. Жабайы жануарларды ата. «Т» кестесін құрайық. -Осы жабайы жануарларды қандай топтарға бөлер едің? (Мекен ету тұрағы немесе қоректенуіне, т.б. байланысты.) Сол бойынша төрт-төрттен топтарға бөлу. -Қай топтағы жануарлар күштірек деп ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп болды? -ендеше төиендегі ертегіні тыңдап крелік. (ертегі оқылады) Шын мәнәнде құмырсқа осындай мықты ма?Құмырсқаны өзінен әлсіздермен салыстырып көр, шын мәнінде әлсіз бе? «Проблемалық саудалас» әдісі бйынша ертегіге талдау жасау. 1-қадам. Ертегіні оқиды. 2-қадам. Жұптасады. 3-қадам. Ертегі ішіндегі талдауға қажет деп табатын мәселелерді айтып беруі. 4-қадам. Әр жұпта осы мәселелер талқыланады(мәтіннің көмегі арқылы) 5-қадам. Осы мәселені жұпта шешеді, сосын топта шешеді. 6-қадам. Әр жұп өзінің жанындағы жұпқа бірнеше сұрақтар жазады 7-қадам. Енді сұрақтарға жауап беріп, ортақ идеяны бірігіп шешеді. |
Сергіту сәті | Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр. Жаттығу жасаймын. Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ Жаттығу оңай-ақ. | Оқушылар денелерін жатықтырады |
Ой толғаныс | Күшті сөзінің синонимін тап. Күшті—мықты, білекті, қауқарлы, белді, қажырлы, әлеуетті, құдіретті. Берілген синоним сөздерін пайдаланып, сөйлем құрастырып көрелік. Құраған сөйлемдеріміз салыстырмалы түрде болғаны жөн. -Ал адамдардың арасындағы күштілікті сен қалай анықтар едің? Ол мүмкін бе? .а) еркін түрде тік төртбұрыш сыз; Ә) оны төртке бөл; Б) үлгі бойынша нөмірлеп, тиісті сөздерді жазып шық; 1. әдемі 2. батыр 3. жұмсақ 4. сүйкімді в) әр торкөздің мағынасына қарай жан-жануарлардың суретін сал: г) әр торкөздің шетін әріптермен белгіле. 1-ж, 2-қ,3-б,4-а -Күштілік дегенді қалай түсінесің? -Ертегіден өзің тани білген жаман қасиеттерді ата: (Арыстан, себебі айтыстың басын ең бірінші бастаған сол). |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру
| Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Смайликтер арқылы кері байланыс орнату |