kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кесінді.Сынық сызық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған білім мазмұнына сай жасақталған қысқа мерзімді жоспар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кесінді.Сынық сызық»

Сабақ тақырыбы:

Кесінді.

Сынық сызық

Мектеп: Ақсай қаласының №7 ЖОББМ

Күні :13.10.2016


Мұғалімнің есімі: Ешекенова А.А.

СЫНЫП: 1 «б»сынып

Қатысқандар саны: 20


Қатыспағандар саны:

3

Оқу мақсаты:

  1. нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір-бірінен ажыратады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Мұғалімде:

ұзындығы 5 метр кiр iлетiн жіп;

қайшы.

Оқушыларда:

сызғыш;

қарындаш.

Тірек сөздер

кесінді; сынық сызық.

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.1.Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау

1.3.1.2жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ “кесінді” мен “сынық сызықтың” негізгі геометриялық ұғымдар болып табылатынын түсіндіруге бағытталған. Кесінді — екі нүктемен (кесіндінің ұштары) шектелген түзу сызықтың бөлігі. Кесінді-нің ұштары болады. Кесіндінің негізгі қасиеті — ол оның ұзындығы. Кесіндінің ұзындығы — оның екі шетінің арасындағы арақашықтық. Математикада кесінді латынның екі бас әрпімен белгіленеді. Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, ол бір түзудің бойында жатпайтын нүктелерді кесінділермен қосқанда алынады. Сынық сызықтың төбесі — сынық сызықты құрастыратын кесінділерді біріктіретін нүктелер.


Сабақ басын кiр iлетiн жіп алумен бастаймын. Жіптің біраз бөлігін тарқатып, оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын:

— Жіп неге ұқсайды?

Балалардың жауабы:

-Сызыққа ұқсайды.

— Бұл жіптен қандай сызық жасауға болады?

-Түзу сызық, тұйықталмаған сызық, тұйықталған сызық.

Екі оқушыға жіпті тартып түзу немесе тұйықталмаған сызық жасауды өтінемін. Содан кейін барлық оқушылардың жіптен ұстап, солайша тұйықталған сызық — “шаттық шеңберін” жасап тұруды ұсынамын.

-Қане, бір-бірімізге сабаққа қатысты жақсы жаңалықтармен бөлісейік, күннің жақсы өтуіне тілейік!

-Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!

-Сәттілік тілеймін!

-Бұл тілектер орындалуы үшін осы жіптің бір үзігін өздеріңмен бірге алып кетейік!

-Мұны қалай істеуге болады?

(Балалардың нұсқаларды тыңдау).Оқушылар міндетті түрде жіпті қайшының көмегімен қию керектігі туралы ұсыныс айтады. Жіптің бір бөлігін екі жағынан қайшымен кесіп, не пайда болғанын сұраймын. Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын.

-Осы жіптің бөлігі “кесінді” деп аталады. Әр оқушыға жіптің үзігін қиып алуға көмектесемін.

-Сендер өмірде кесіндіні қай жерде кездестірдіңдер?

Кесіндіге мысал келтіру

- жол кесіндісі

- уақыт кесіндісі.

Кесіндінің түзу сызықтан айырмашылығының неде?

Оқушылар түзу сызықтың ұштары болмайтыны, сондықтан оның шексіз, ал кесіндінің екі ұшы болатыны туралы қорытындыға келеді.

- 4 адамнан құралған топтарға бірігіп, өз кесінділеріңді біріктіре қойыңдар. Не пайда болды?

Кесінділерді қалай орналастыру керектігі туралы нақты нұсқау берудің қажеті жоқ.

Әрбір топтың тапсырманы қандай жолмен орындағанын бақылау қызықты болады.

Екі нұсқа болуы мүмкін:

1)оқушылар кесінділерді бір түзудің бойымен орналастыруы мүмкін; 2)кесінділерді сынық сызық түрінде орналастыруы мүмкін.

Екі нұсқаны да қарап шығып, оқушыларға түзу сызықпен таныс екенін ескерту.

Сынық сызықтың ерекшеліктерін толығырақ қарап шығамыз.

-Сынық сызық бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралады. Бір кесіндінің ұшы екінші кесіндінің ұшымен бірігеді. Әрбір кесінді сынық сызықтың буындары деп аталады. Әрбір буынның жалғасқан жерлерін сынық сызықтың төбесі деп атаймыз.

-Өздеріңді қоршаған заттардың ішінен кесінділер мен сынық сызықтарды таба қойыңдар.

Кесіндіні сызып үйрен.

Тапсырма оқушылардың кесіндіні сызу дағдысын меңгертуге бағытталған.

-Балалар,кесіндіні қалай сызуға болады? Оқушылардың жауaбын тыңдаймын.

Оқулықтағы кесіндіні сызу алгоритмімен таныстырамын. Алгоритм қадамдарына сүйеніп, қағазға кесінді сызуды ұсыну. Содан кейін бірін-бірі жұпта тексерту.


Кесіндіні тап.

Тапсырманың негізгі мақсаты басқа сызықтардың арасынан кесінділерді таба білуді үйрету болып табылады.

-Суретті қарап шығып, тек кесінділерді атап шығайық.

-Кесінділерді сызықтардан қалай ажыраттыңдар?

Жауабы:

AB кесінді.

Жұптық жұмыс

Сынық сызық құрастыр.

Оқушылар өз бетінше Өшіргіш пен Сызғыш рөлінде болады. Олар жұптасып қарындаштардан сынық сызық құрастырады.Оны қалай,неше кесіндіден құрағанын түсіндіріп береді.

Орындап көр.

Кесінділерді ұзындықтары бойынша салыстыруды ұсынамын. Сары түсті кесіндіні салыстыру қиындық туғызуы мүмкін. Себебі олар перпендикуляр орналасқан. Қалған кесінділерді салыстыру қиындық туғызбайды. Салыстыру кезінде екі кесіндінің ұштарын сәйкестендірудің қажеттілігі туралы негізгі ережені есте сақтау керек.

Жауабы:

сары және жасыл түсті кесінділер ұзындықтары бойынша бірдей болады.




Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болып шықты он саусақ.


Шығарып көр.

Оқушыларға суретті қарап шығып, кірпі өз үйіне қай жолмен тез жететінін анықтауды ұсынамын. Талқылау барысында оқушылар бір кесіндіден тұратын жол ең қысқа болып табылады деген қорытындыға келуі керек. Басқа жол — бұл алты кесіндіден тұратын сынық сызық.

Жауабы:

OT кесіндісі қысқа.




  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


  • Қосымша тапсырмалар


    Кесінділерді салуға байланысты тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды тірек сөздерді айтуға жаттықтырамын.

    Ойын «Кім дәл тапты?»

    Ойын шарты:

    Сабақтың барысында оқушылар алған жіп қиындыларын пайдаланады.

    Нұсқау бойынша:

    Кесінді” дегенде, оқушылар қолдарындағы жіпті көтереді.

    Сынық сызық” дегенде оқушылар топ-талып тұрып, сынық сызықты құрайды. Оқушылар құраған сынық сызықтың неше кесіндіден тұратынын санайды.



    Кесінділер

    МК және МН кесінділерін сыз.Сен қандай сызық сыздың?Оның неше бөлігі бар?

    Оқушылар сабақ барысында айтылған кесіндіні сызу алгоритміне сүйеніп сызады.

    Сызбаға қара.

    Онда неше кесінді көрсетілген?Кесінджілердің атауларын жаз.

    Берілген тапсырма кесінділердің атауын оқи білу және оларды әріптердің көмегімен жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

    Жауабы:

    3 кесінді: AB, AC, CB.



    Бағалау

    Оқушылар сабақтың соңында:

    кесінді мен сынық сызықты ажыратады;

    кесінді мен сынық сызықты сызады;

    кесінді мен сынық сызықты әріптермен белгілеуді меңгереді.

    Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қоямын:

    — Кесінді деген не?

    — Сынық сызық деген не?

    — Кесіндіні қалай сызуға болады?

    Сабақ соңында балаларға мына смайликтердің бірін таңдау арқылы бағалаймын.

    Түсінбедім Сұрағым бар Бәрі түсінікті




    Получите в подарок сайт учителя

    Предмет: Начальные классы

    Категория: Уроки

    Целевая аудитория: 1 класс.
    Урок соответствует ФГОС

    Скачать
    Кесінді.Сынық сызық

    Автор: Ешекенова Алтын Аманкелдиевна

    Дата: 02.12.2016

    Номер свидетельства: 365131

    Похожие файлы

    object(ArrayObject)#853 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(37) "Кесінді, сынық сызық"
        ["seo_title"] => string(19) "kesindi_synyk_syzyk"
        ["file_id"] => string(6) "563092"
        ["category_seo"] => string(10) "matematika"
        ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
        ["date"] => string(10) "1605080666"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#875 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(37) "Кесінді. Сынық сызық"
        ["seo_title"] => string(22) "kiesindi_synyk_syzyk_1"
        ["file_id"] => string(6) "453508"
        ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1517279264"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#853 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(72) "Ашық сабақ "Кесінді. Сынық сызық" 1-сынып"
        ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_kesindi_synyk_syzyk_1_synyp"
        ["file_id"] => string(6) "485500"
        ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
        ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
        ["date"] => string(10) "1542129213"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#875 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(84) "Та?ырыбы: "Сыны? сызы?ты? ?зынды?ын табу"  2 сынып "
        ["seo_title"] => string(50) "tak-yryby-synyk-syzyk-tyn-u-zyndyg-yn-tabu-2-synyp"
        ["file_id"] => string(6) "209094"
        ["category_seo"] => string(10) "matematika"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1431014662"
      }
    }
    
    object(ArrayObject)#853 (1) {
      ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
        ["title"] => string(64) "Сыны? сызы?ты? ?зынды?ын табу 2 сынып "
        ["seo_title"] => string(40) "synyk-syzyk-tyn-u-zyndyg-yn-tabu-2-synyp"
        ["file_id"] => string(6) "210613"
        ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
        ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
        ["date"] => string(10) "1431457959"
      }
    }
    


    Получите в подарок сайт учителя

    Видеоуроки для учителей

    Курсы для учителей

    Распродажа видеоуроков!
    ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

    Добавить свою работу

    * Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

    Удобный поиск материалов для учителей

    Проверка свидетельства